Даналық мәйегі

Жақсының елге бәрі ортақ

Шернияз ЖАРЫЛҒАСҰЛЫ  ...Бәрімізге ай ортақ, Қайырлы болса, бай ортақ. Жақсы болса, би ортақ, Көп жасаған көне ортақ. Жаман адам не керек, Жақсының елге бәрі ортақ. Ел жабылып ішуге Айдын шалқар көл ортақ. Нәсіркедей бүгіліп, Шалқалай туса,…

Келді тағы жаңа жыл

Келді тағы Жаңа жыл, Шертіледі жаңа сыр. Дүйім жұртты өзіне, Қаратады жаңа жыр. Жыр шаттығы бір бөлек, Көк жүзінде күнде ерек. Жан-жүрегі елжіреп, Жыршы кетті термелеп. Төңіректе қуаныш, Мұң ауылы тым алыс. Кеудемізден көшеді, Шуақ шашып…

«Жақсылық етсең өзіңе…»

Бір диуана ел аралап, шаһардан-шаһар кезіп, ұзақты күн қоржын артқан қашырының үстінде жүреді. Айтар сөзі, берер батасы: «Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе» деген мақал болса керек. Күндердің күнінде есік алдына шығып тұрған…

Арыңды сатпа, атыңды сат

Алтай Жанботаның соғым кезінде аттандырған баукеспе барымташылары алыстан жылқы әкеле жатып, жолшыбай Қанжығалы ауылдарының төрт үйір қысырағын қоса айдап кетеді. Жаманат жерде жата ма, қуғыншылар із суытпай дөп басыпты. Жортуылдап байып,…

Оқ жарасы бітсе де, Бітпес сөздің жарасы…

СЫПЫРА ЖЫРАУ Уа, Хан ием, Хан ием, Құлағыңды сал, ием. Талан болды біздерден Сансыз дүние-мал, ием. Қанды көрсе, қалтырар Қырғи құстың баласы. Таңды көрсе, шарқ ұрар Бұлбұл құстың баласы. Оқ жарасы бітсе де, Бітпес сөздің жарасы. Көп…

Тәу етем саған, басымды иіп

Байлаған шынжыр, Тірлігім сылбыр, Боданға түскен бұл басым; Кім бұлдамақ Ноқтаға түскен құл басын; Түңілген жаным, Түнерген маңым, Сезінген соң, Азаттық айы тумасын. Ғасырлар өтті, Өксікті өмір, Өкпеге тепті; Теріскей желі, Тоңдырып мені,…

«Өлең мен сөзді дос қылып…»

Қара сөздің өзін өлеңмен сөйлейтін Жамбыл ұтымды әзіл-оспақ, келеке-сықақтың да тапқыр шебері болғаны мәлім. Ақынның мұндай тапқыр өлең жолдары ел арасында кеңінен тарап кеткен. Жас кезінен ақындық өнер жолын қуған ­Жамбыл үй шаруасына…

«Дауыл болмай – жауын болмас»

Байсеркенің айтқаны орынды, болжамы дұрыс келгендіктен халқы «дуалы ауыз» атапты. Бір күні елден шыққан екі жалқау келіп: – Абыз ата, болашағымызды болжап беріңізші, жолымыз болып олжалы оралар ма екенбіз? – деп сұрапты. Байсерке: –…

Сөз құдіреті

Елкей ханның әмірі жүріп тұрған заманда Оңғар деген әрі ақын, әрі жыршы кісі өмір сүріпті. Менмен хан бір жиында Оңғарды атымды тұсап кел деп жұмсайды. Оңғар «бармаймын» деуге қатыгез ханнан қорқады. Атты тұсап болып жоғары қарағанда…

«Бармын деп асып-тасып асқақтама»

Сыр бойында қыз ұзатылатын үлкен той болыпты. Сол тойға теріскейден Жанғали деген шабандоз жігіт келіп, көкпарды жан адамға бермей, өнер жасайды. Онымен тартысқан жігіттер аттарынан аударылып, ерінің бір қапталын сындырып, Жанғалимен…

ҚОЛЫМДА ҚҰДІРЕТТІ КҮШІМ БОЛСА…

Ноғайбай ақын Өр Алтай жайлауына келер едім, Көркіңді көзім болса көрер едім. Сауырдың сай-саласын серуендеп, Жемісін қызыл жидек терер едім. Желілеп бие байлап саудырар ем, Аспаннан ақ меруерт жаудырар ем. Кенелтіп Маңырақтың кең етегін,…

«Ер жігіт екпінімен тауды бұзған»

Жақсыбай өте сараң кісі екен. Расул деген бала әке-шешесі өліп қалған соң, Жақсыбайдан басқа жақын туысы болмағандықтан сол үйде жүреді. Бай Расулға өте қатал болыпты. Бір күні ауру қойы өліп бара жатқан соң бауыздап, қойды сойып алады. Ең…

«Биеден енді тумас ондай құлын»

Көкшетау еліне келін алуға келген ақмолалық құда-күйеулер «Әнші жоқ Қараөткелде менен асқан» деп шырқайтын Ғазиз әншіні ала келген екен. Сол үлкен тойға Көкшетау елі Ақанды алғызыпты. Тойда Ғазиз «Құлагерді» күңіренте шырқайды. Әншінің…

«Ақ сауыт» деген сол болар…

Сейітжан Бекшентайұлы  «Ақ сауыт» деген сол болар, Атқанда оқ өтпесе. «Ақберен» деген сол болар, Тигені тұяқ серіппесе. Алмауыт деген сол болар, Артынан қуған жетпесе. Ер жігіт деген сол болар, Жасқанбай жауға беттесе. Жан жолдас деген сол…

«Бердім деп үш қап бидай мақтанасың»

Құл ақын  Құл ақын бірде Есім төренің үйінде қонақ болыпты. Бірақ дастарқанда ақынға ұнамды тағам көріне қоймаса керек. Сондықтан ол бір бауырсақты ауыз тиіпті де, енді өзінің осында келген мақсатын білдіру үшін былай депті: Жұт болды…