Даналық мәйегі

Атадан жеткен асыл сөз

Нұрым Шыршығұлұлы ...Бұл дүниені байқадық Маңдайдағы көзбенен. Әрбір түрлі жол айттық Оралған қызыл тілменен. (далее…)

Білгендерден ғибрат ал

Абыз жүз жиырма жасқа келіп отырған шағында, Әсер би көрісе кеп былай деген екен: – Е, Абыз, жасыңыз келіп қалды. Абыз айтушы еді деп айтып отыратын бір сөз айтыңызшы, – депті. (далее…)

БӨЛТІРІК ШЕШЕН СӨЗДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануы зерттеулерінің (А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ә.Мәметова, Б.Адамбаев, Р.Сыздықова, С.Негимов, Г.Қосымова) ортақ нысандарына алынып келе жатқан би-шешендер сөздері де ұлттық әдеби тіліміздің айрықша…

Құсмұрын тастың үстінде

Сүйінбай Аронұлы Құсмұрын тастың үстінде Ақсұңқар құс шаңқылдар. Оны есітіп, астында Қарға, құзғын барқылдар. Саудагер болған ер жігіт Шаһар мен шаһар қатынар. (далее…)

Шақшам шақша-ақ еді

Әлдеке деген шебердің бір қаралық күміспен нақыштаған келісті шақшасын бір би үйіне келіп отырып, тамыр болайық деп ат-түйедей қалап алады да, келесі жылы келіп қолқаңды ал деп шақырып кетеді. Әлдеке шебер келесі жылы барса, би қолқа бермек…

Наудың ешкі дауы

Нау бір туысқанынан ешкі даулап Ақмырза бидің алдына келіпті. – Бір ешкі үшін туысқаныңмен дауласып, би алдына келгенің не, Нау? – дейді Ақмырза. Сонда Нау: Ешкім саусам бұлақ еді, Іші толған лақ еді. Терісі бұтама қап еді, Мүйізі пышағыма…

Едіге бидің төреге айтқан көңілі

Төлебайұлы Едіге Қуандық еліндегі Тоқас деген биге құда түсуге барса, соның алдында ғана Жәңгір ханның жалғыз баласы өлген екен. Хан қайғырып, төсектен басын көтермей жатып алыпты. «Құдай мені жылатты, оның малын мен де шулатайын» деп…

Жидебай мен Қараменде сөздері

Әлтеке Жидебай батыр әрі шешен болған екен. Жидебай көп жасап, көпті көріпті. 95 жасқа дейін өмір сүріп, нәсілі өсіп, немерелі-шөберелі болыпты. (далее…)

Қазыбек пен Бұқар

Бұхар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаздауысты Қазыбек би келеді. Төсекте жатқан Бұқар жырау: — Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші, — деген екен. (далее…)

Ақылды деп кімді айтамыз?

Бір мәжілісте бас қосып сөйлесіп отырғанда Шоң биге Мұса мырза: Ақ сауыт деп нені айтамыз, Арғымақ деп нені айтамыз? Ақылды деп кімді айтамыз, Ер жігіт деп кімді айтамыз? — деп сұрақ қойыпты. (далее…)