Даналық мәйегі

Қазақстан

Қазақстан! Сен – менің бар байлығым! Сенде ғана, Білемін! Балдай күнім. Топырағыңнан айналдым торқадайын, Руxың асқақ, қуатың болғай мығым! Сүйіп өтем! Мен сені жан жарымдай! Өзің барда, Өзім де, Жан-жағым бай! Сөндірмеймін отыңды, Жарық…

Таудан биік парқыңыз

(Елбасына арналады) Уа, Егемен елдің Сардары, Нұрекеңдей ардағы! Таудан биік парқыңыз, Баға жетпес нарқыңыз. Тарихына қазақтың, Қалдырдыңыз жарқын із. Өзіңіз де қосылып, Тарихта мәңгі қалдыңыз. Еске алсақ өткенді, Өткен күнде көп белгі.…

Тасынба, Адам, тасынба!

(Парижде болған лаңкестік  оқиғаға орай) ...Түршігіп кетті бойым да, Сан түрлі сауал ойымда. Қаншама өмір қиылды Қанішердің қолында. Апырмай, бұл сорым ба? Париж бе жалғыз дүрліккен? Халықты кімдер үркіткен? Дүниежүзі дүрбелең, Сұмдықты…

Қаблиса (Қабан) жырау.Ел-жұртым, сізге айтам…

Тіл алсаңдар, шырағым, Өсек сөзді елеме. Үйір болғын, шырағым, Жақсы сөзге өнеге. Тіршілікте сыйласқын Дүние қайтып келе ме? Дүниеге сенім жоқ, Мінерсіз бір күн кемеге. Айтар әркім білгенін Сөз ғып оны немене. Қағыспай халқым тек жүрсін…

Жаныс ақынға

ЖАМБЫЛ Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай. Сырлы, сұлу сөздері Маған тартқан сыйындай! Сүйінбай деп сөйлесем, Сөз келеді бұрқырап Қара дауыл құйындай! Екпініме кезіккен Кетер ме екен жығылмай!.. Құлаштап бір кетейін, Көбен құсап…

Мен сүргіннің сойымын

Ақтан КЕРЕЙҰЛЫ  Жайық деген жанды су, Көзі қара қанды су, Біздің жүрген жеріміз Күнде базар, күнде ду. Мен сүргіннің сойымын, Арқалы жерде шапқандай. Ойпаң жерде сортақ бар, Жабыдан туған қорқақ бар. «Сөйле!» десең, жыршыңыз Алдарыңда…

«Болса болар, бәлкім, менің паңдығым…»

Белігілі ақын Тайырдың атасы – Жароктің әкесі Малтақан сөзге шешен­дігімен, табанда тауып айтқыштығымен бүкіл Бөкей атырабында әйгілі би атаныпты. Ол он жеті жасында Исатай – Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан. Өзі сіңірі…

ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан – арай тұнған күн шуақ, Кең төсіңде – ырыс, бақыт, ынтымақ. Келелі іске, кең өріске ұмтылып, Жаңаруға таба білдің тың қуат. Қазақстан – мейір толы мәрт ана, Тосқауылды бұзып өттің қаншама?! Қазыналы ұлан-байтақ өлкеге, Бүкіл ғалам…

«Дүние деген шолақ…»

Атақты би, шешен Досбол Қорлы­байұлы ердің екі ауыз сөзбен шешкен, ел мен елді бітісіріп, әділдігімен, тапқырлығымен, шешендігімен халық ара­сында зор беделге ие болған адам. Ол «Бәрінен сөз бастау қиын, тауып айтсаң мереке қылады, таппай…

«Сөз тыңдаусыз болса жетім»

Жетек деген көрегенге жолыққан шұбартаулық ақылгөй Байқотан: – Қияннан асқан бар ма, арқардың ізін басқан бар ма? Ұлытауға шыққан бар ма, ұлардың үнін ұққан бар ма? – соны іздеп келемін депті. Сонда Жетек: – Е, сенің іздегенің менің…

Ар-ожданым, азаттығым

Шарпуы ар атының, жан отының, Әкемдей құдіретті ана тілім. Келесің от пен судан аман сақтап, Астына алып мені қанатыңның. Ана тіл – анамыздың ар-намысы, Ана тіл – бабамыздың толғанысы. Ана тіл – құлын-тайы шұрқыраған, Даңғайыр даламыздың…

«Ақылдың түбі құт болар»

Қазақ елін нығайтуда, қалмақ-жоңғар басқыншыларына қарсы халық-азаттық күресін ұйымдас­тыруда көрсеткен ерлігі мен сіңірген еңбегі үшін, сондай-ақ ақылы мен әділдігі арқасында Төле би Әлібекұлы ел алдында үлкен сенімге, беделге ие болған.…

Қуаншы, қуан қазақ!

Бұ күнге де жетті ел, кемел халық, Жолына оның боз марқа бердім шалып. Абыройдың көз жетпес мұнарына, Жеткізді ақыр Елбасым бедел салып. Көпұлтты елім қуаншы, қуан қазақ, Болмас еді қазақ боп туа алмасақ. Әнұранды бірігіп шырқа, шалқыт,…

«Әркімнің өз қылығы өзіне жөн»

Ертеректе Алтайдың оңтүстік бөлігін, оның ішінде Қатонқарағай өңірін мекендеген жұртты жаппай Қаратай елі атаған көрінеді. Осында жалпақ жұртқа ақындығы мәлім, тіпті шектес Алтай өлкесінің Қо­сағаш, Жазаба елді мекендеріне де аты кең…

Жанқұтты шешеннің қартайған шағында айтқандары

Бір сөз айтсаң жақсыға, Аталы сөзге тоқтайды. Бір сөз айтсаң жаманға, Өмірінде ұқпайды. Надандықтың белгісі, Өзін-өзі мақтайды. Көкірегі соқырға, Өмірде таң атпайды. Шешеннің сөзі шын асыл, Қап түбінде жатпайды. Тон бітпеске тон бітсе,…