Намыс найзағайы

Сарбаздар ант қабылдады

Астана күнінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдеріне шақырылған жас жауынгерлердің бір легі Отан алдында адал қызмет етуге салтанатты жағдайда ант қабылдады. (далее…)

«Дос-Мұқасан» және Алтынбек

...Сахнада «Дос-Мұқасан» ансамблі ән шырқауда. Өзіне жас­тайынан құлағына таныс «Той жырынан» бастап «Құдашаға» дейін бірінен соң бірі шырқалуда. Уақыт өз дегенін істейді. Оған байлау жоқ, тек артында өшпес із қалдырады. Ансамбль…

Дүйім дүниенің дүбірлі додасы

Таяуда «Егемен Қазақстан» республикалық газеті – акционерлік қоғамының ғимаратында «Олжалы отызыншы Олимпиада» кітабының тұсаукесері өткізілді. Қазақстан спортшыларының Лондондағы жарқын жеңісіне арналған жинақ Астанадағы «Фолиант»…

Қайсар Шәкенов: «Мен де алаңда болғанмын»

1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне өрімдей жастар қатысып, қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйеге қарсы шығып еді. Сол бір ызғарлы күнде жүрегі қазақ деп соққан әр азамат басын қауіп-қатерге тікті. Не үшін? Кім үшін? Әрине, қазақ халқының…

қыранның самғауы

Бүгін – Жеңіс күні. Неміс-фашист басқыншылары сол уақыттары кеңес халқы деп аталған, бірнеше ұлтты біріктірген халықтың Отанына айналған Кеңес Одағының шекарасына енген кезде басқалармен бірге Қазақстан жұртшылығы да жауға қарсы дүркірей…

Қаһарман халықтың ұрпағымыз. Ағайынды темірші-ұсталар ата дәстүріне берік

Осыдан біраз жыл бұрын көркемдік-дизайн жағынан ерекше безендендірілген, мазмұны жағынан тарихи құндылықтарға жататын «Темірші-ұсталар» деген кітап-альбом қолыма түсті. Баспагер ретінде айтайын: жұтынып тұр, әр қазақтың мақтаныш сезімін…

Енді кекеш атансақ қайтеміз?

Айтатыны жоқ, осы күні «егеменмін» деп екіленіп жүрген екі қазақтың бірінің тұла бойы Абай айтқан «бес дұшпанның» «бекер мал шашпақтық» пен «мақтаншақтық» сияқты екі түріне кеңірдегінен келіп тұр. Екі қазақтың біреуі – Бейімбеттің «Біз –…

ҚАЙСАРЛЫҚ

Биыл Желтоқсан көтерілісіне 25 жыл толып отыр. Ұлт-азаттығының жаршысына айналған тарихи оқиғаға қатысып, бас­тарын бәйгеге тіккен ерлер жайлы, қазір жан-жақты жазылып жатқаны көпшілікке мәлім. Осы орайда 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне…

Желтоқсан желі

Өнер Шәкіров ауылымызда бала оқытқан, мінезі біртоға, мүмкіндігінше жұртқа көмектескісі кеп тұратын, ойлы, сабырлы, сыйлы ағаларымның бірі еді. Қызмет бабымен Алматыға ауысқаннан кейін араға жыл салып, туған жеріме бір барғанымда ол кісі…

СПОРТТАҒЫ биіктер

Қазақстан Республикасы алғашқы халықаралық жарысқа – 1992 жылы, ал ең алғашқы Олимпиадаға 1994 жылы қатысты. Әрбір төрт жылда бір рет өткізілетін Олимпиада әр ел үшін сын екені даусыз. Егер қай елдің спортшылары мол алтын жинаса, сол…

Азаттықтың қадірін білейік

Немесе Тәуелсіздік мерекесі Жаңа жыл тасасында қала бере ме? Жаңа жылға бір айдан астам уақыт бар болса да, қалалар мен елді мекендерде шыршалар орнатылып, түрлі-түсті шамдармен безендіріліп, құттықтаулар мен белгі-таңбалар ілініп, көптен…

Нәбижан БӘЙТЕКОВ: Желтоқсанда туғанмын…

Иә, мен сол айда туғанмын. Ай атымен аталған көтерiлiс туралы айтылса, ерiксiз елең ете қаламын. Тұла бойым түршiгедi. Бәлкiм, мен ғана емес, сол бiр ызғарлы күндер қасiретiн көзiмен көрген және өзiн қазақ санайтын әркiм-ақ сөйтетiн…

Көтеріліс сыры – әріде

Желтоқсан көтерілісінің туындау себебі біле-білсек әріде жатыр. Сонау ХVI- XVII ға­сырларда Патшалы Ресей тарапынан қазақ жерін отарлау саясаты басталғаны белгілі. Бір кезде Кама мен Ока өзендеріне тірелетін Ресей шекарасын Иван Грозный…

Бұқаралық спортқа басымдық береміз

Жалпы, қазақ халқы дене тәрбиесiн ерте замандарда-ақ қолға алған. Бұл сөзімізге ел аумағынан табылған археологиялық деректер дәлел бола алады. Атап айтқанда, 1970 жылы Тараз қаласынан 30 шақырым жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының…

Палуандар бермес намысты!

Алаштың апайтөс палуандары Астана төріндегі ұлы аламанда алғаш рет бас қосты. Бұл қазақтың көптен күткен көз қуанышы десек қателеспеспіз. Қажымұқандай қара нар қазығын қадаған қазақ спортының бұл түрі біраздан бері мұндай құрметке…