«Ана тілі» бізге қажет!

Алматы қаласының Алатау ауданындағы №149 қазақ мектебінде Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне орай белгілі жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қалихан Ысқақ пен «Ана тілі» газеті қызметкерлерімен кездесу болып өтті.
Кештің ашылу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Содан кейін мектеп оқушылары кештің қонағы болып отырған жазушының «Қоңыр күз еді» атты алғашқы шығармасынан үзінді оқыды. Ал ортаға шыққан оқушылар тілге қатысты өлеңдер оқып, әндерді шырқады. Одан кейін сөз кезегі жазушы Қалихан Ысқаққа берілді. Сексенге таяп қалған қаламгер балалық шағынан естеліктер айтып, кітапты оқудың пайдасы жайлы келелі пікірлерін ортаға салды. «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, ақын Нұрперзент Домбай ұлттық тілге байланысты, «Ана тілі» газетінің бүгінгі тынысы жөніндегі ойларын ортаға салды. Сөзінің соңында «Қазақ тілі» атты өлеңін оқып берді. Аталмыш басылым­ның Тіл мәселелері бөлімінің редакто­­ры Динара Ізтілеу болса шәкірттерге ­өз тілегін жеткізді. Ал га­зеттің Ақпа­­­­рат бөлімінің редакторы Нұрлан Құмар қазір баспасөзге жазылу науқа­­ны басталғанын, бұл ретте «Ана тілінің» ­де қаперде болғанын қалайтындығын айтты. №149 мектептің директо­ры Ғалия Қайырбекқызы тіл жайын тілге тиек ете келе, «Ана тілі» газеті жөнінде жылы лебізін білдірді. «Бұл басылым бізге қажет. Сондықтан басылымның таралымы көп болғанын қалаймыз» – деді. Сондай-ақ мектептегі талантты балалардың шығармалары газет бетінде жарық көрсе деген тілегін жеткізді. Сонымен қатар кеште «Алматы ақшамы» газетінің қызметкері Рая Ескендір бұл мектептің өнегесі жайлы жүрекжарды лебізін білдірді. Кеш барысында Қалихан Ысқақ өлең оқыған оқушыларға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.