Ұстаз. Ғалым. Азамат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Жоғарғы мектеп академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартайұлы Сартаевтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Академик С. Сартаев – ұстаз, ғалым, азамат» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болды. Конференцияны ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов құттықтау сөзімен ашып, «Өнегелі өмір» сериясымен Сұлтан Сартаев туралы жарық көрген кітаппен таныстырды. Сонымен қатар ҚР Мемлекет­тік хатшысы М.Құл-Мұхаммедтің, ҚР Жоғары Сотының төрағасы Б.Бекназаровтың және ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы И. Роговтың, Шығыс Қа­зақстан облысының әкімі ­Б.­Сапарбаевтың және, т.б. құттықтау хаттары оқылды.
Сұлтан Сартаев «Мен осы күнге бірден келгенім жоқ. Жастық шақ, жігіттік шақ өтті, кейін диссертация жазған кез. Маған ата-анам таза бол, абыройлы бол, сені мақтан тұтайық дейтін. Адам қанша ғұмыр жасаса да, көп емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар тілегім, көбірек кітап оқыңдар деймін, сендер адам тағдырын шешетін тұлға боласыңдар. Білім деңгейлерің жоғары болуы керек деп айтамын» деді .
Конференция барысында Қазақстанның қалыптасуына негіз болған ғалымның еңбектері талқыланып, С.Сартаевтың ҚР Президент лауазымын тағайындаудағы, саяси-құқықтық құжаттарды: «Қазақ КСР-ның мемлекеттік Егемендігі туралы» декларациясын; «Мемлекеттің Тәуелсіздігі туралы» ҚР Конс­титуциялық заңын; «Тіл туралы», «Азаматтық туралы» заңдарын; Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конс­титуциясын даярлаудағы ғылыми-құқықтық көзқарастарының мәні туралы айтылды.
Конференцияға арнайы келген ҰҒА Академигі М.Жұрынов «Бүгін қазақ ғылымы үшін үлкен мереке, С.Сартаев тек ғылыми жұмыспен емес, қоғам қайраткері ретінде де танымал, ақындығы бар ғалым» екендігін атап өтті.

Еңлік Ақжігіт

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Ескендір

    Ассалаумағалейкүм, жамағат!
    Жоғарыдағы оқыдым, Сұлтан Сартайұлын көрмеген, білмеген адам болмасам, қазақтың қамын жейтін азамат ретінде таныйтын едім, мүмкін болашақта мақтан тұтар ма едім. Алайда, студенттік жылдарда бұл кісімен кездесу, тану мүмкіндігі болған. Қателспесем, 2010 жылы Тұңғыш Президент қоры сарайында (атауына сенімді емеспін) кездесуде сөз сөйлегенін көргем, екі сағатқа жуық сөзінің екі сөйлемі ғана ана тілімізде шықты (ол да қарсылық білдіріп, шуылдаған жастарды басу үшін ғана). Енді ана тілде сөйлемесе, өзгені сөйлетпесе ол кім?

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.