Электрондық қызметтегі жаңалықтар

Елбасы өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында халықты толғандырған мәселелерге нақты жауап берді. Соның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін де атап айтты. Жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің өзекті тақырыбы.

Заман талабына сай пайда болып, қоғамдық өмірде маңызды орынға ие болып келе жатқан «Электронды үкімет» порталы сыбайлас жемқорлықтың жолына өзіндік тосқауыл қоятыны белгілі. Порталда азаматтарды некеге тұрғызуға, заңды тұлғаларды тіркеуге және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу бойынша өтініштерін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу өтініштерін электронды түрде қабылдауға мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта «Электрондық үкімет» порталында 67 қызмет түрі, 16 сервис, мемлекеттік алымдардың 21 түрі, мемлекеттік баж алымдарының 16 түрі, салық төлемдерінің 4 түрі, жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл және коммуналдық қызметтердің 3 түрінің төлемдері бар.
Бүгінде бизнесті онлайн арқылы тіркеуге болады. Кәсіпкерлер заңды тұлғаны тіркеу үшін мемлекеттік органға бармайды. Ол үшін электрондық сандық қолтаңба қажет (ЭСҚ). Бұл жерде электронды қолтаңбаның мағынасын түсіндіре кетейік, бұл тұлғаның өз қолтаңбасының нақты көшірмесі. Қолтаңба электронды құжаттың заңды күшіне енуі үшін арналған. Бұл өз қолтаңбасын қойып, мөр басылған қағаз құжатпен  пара-пар.
«Электрондық үкімет» порталында «Баланың тууын тіркеуге электрондық өтініш беру» туралы жаңа қызмет іске қосылды. Бұл қызметті нәрестесі дүниеге келгеніне 2 ай толмаған және некелері 2008 жылдың 1-маусымынан кейін тіркелген ата-аналар пайдалана алады. Баланың тууын тіркеуге электрондық өтінішті беру үшін АХАЖ бөліміне өтініш беру жағдайында: белгіленген үлгідегі өтініш, емдеу мекемесінен анықтама, неке туралы куәлік қажет еді. Ал қазір «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш беру жағдайында мыналар қажет: өтініш берушінің, ерінің (зайыбының) ЖСН-ы, өтініш берушінің электрондық сандық қолтаңбасы.
Сонымен қатар Әділет органдары өз құзыреті аясында нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру, керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзедi, жекеше нотариусты жауапқа тарту туралы нотариаттық палатаға ұсыныс енгiзедi, жасалған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және мемлекеттiк нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының, лауазымды адамдарының iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады.
Өздеріңіз білетіндей, нотариус­тар мұра­герлікке құқық туралы куәлік беріп, құжаттар көшірмесінің растығын, өсиеттерді, сенімхаттарды, мәмілелерді және т.б. куәландырады.
Осыған орай заман талабына сәйкес «Е-нотариат» бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі қолданысқа еңгізілді. Бұл жүйенің негізгі міндеттерінің ішінде нотариалдық құжаттарды есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалар, жылжымалы және жылжымайтын мүлік туралы деректерді сәйкестендіру мен тексеруді жүзеге асыру; нотариус­тар, Республикалық нотариалдық палата мен аумақтық нотариалдық палаталар, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттік органдар арасындағы тиімді ақпарат алмасуды қамтамасыз ету қызметі бар. «Е-нотариат» нотариустарға нотариалдық әрекеттер туралы уақытылы және нақты есептілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді және әділет органдарының қызметкерлері үшін нотариустардың қызметін үйлестіру және мониторинг үрдісін жеңілдетеді.
Е-нотариат жүйесі нотариалдық келісімдерді жасаған кезде экономикалық қылмысқа жол бермей, алаяқтықты және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын алдын алады.
Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу электронды түрде енгізілді.  Нотариуста келісім-шарт жасағаннан кейін, азаматтарға ХҚКО-ға құжат тапсырып, Әділет органдарының шешімін күту міндетті емес. Электрондық тіркеу үшін азаматтардың электрондық сандық қолтаңбалары қажет емес. Тіркеу үшін ең бастысы ЖСН, Интернетке қолжетімділік, банк төлем карточкасы қажет екенін атап өткен жөн.
Қазіргі таңда жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге электронды түрде түскен өтініштер саны күнбе-күн көбеюде. Жыл басынан бастап Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы 9 электронды өтініш түскен, 7-еуі Ақтөбе қаласы, 2-еуі Мұғалжар ауданы бойынша.
Сондықтан да «Электронды үкімет» жемқорлықты алдын алудағы тиімді шараның бірі болатыны сөзсіз.

Б.Ерімбетов,
Ақтөбе облысының Әділет департаменті
бастығының орынбасары

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.