Зиялы көтерер жүк салмақты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған бір топ депутат әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болды. 

Жүздесу аясында Парламент жоғарғы палатасының спикері Қ.Мәми жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамымен, студенттерімен және түлектерімен кездесті. Шараға сенаторлар Александр Судьин, Ақан Бижанов, Жұмабек Төрегелдинов және т.б. қатысты. Жиналғандар алдында сөз алған Қ.Мәми Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясында белгіленген басымдықтар тұрғысында экономиканы және әлеуметтік саланы жаңғыртудың негізгі мәселелеріне тоқталды. Төраға Парламентте қарауға жоспарланып отырған жаңа заң жобаларының мәнін түсіндіріп берді. Бұл ретте Президенттің Жолдауынан туындайтын ғылым, білім беру және жастар саясатын ілгерілету міндеттеріне назар аударылды. Отандық университеттердің бәсекеге қа­білеттілігін арттыруды көз­дейтін ауқымды жұмыстарды мақсатты түрде тұрақты жүргізіп отыру қажеттігі атап өтілді.

Зиялы көтерер жүк салмақты
Бұдан бөлек, әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық универ­ситеті түлектері қауымдастығы пре­зи­диумы­ның президенті ре­тінде Қ.Мәми қауымдастық мүшелерімен бірге осы бір­лестік қызметінің өзекті мәсе­лелерін талқылады. Шара ба­ры­сында университеттің өміріне белсенді араласқаны және қаржылай қолдау көр­сеткені үшін әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ түлектері қауым­дастығы президентінің Алғыс хатымен Халықаралық бизнес университетінің ректоры Кенжеғали Сағадиев, Алматы қаласының прокуроры Берік Асылов, Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Ұлттық ядролық орта­лығы ядролық физика
инс­титуты директоры­ның орынбасары ­Насурлла Бөртебаев, «Экомед» емхана­сының жетекшісі Сал­танат Байқошқарова, «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – Редак­торлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин, Алматы техноло­гиялық университетінің рек­торы Құралбек Құлажанов және Ш.Айманов атындағы «Қазақ­фильм» акционерлік қоғамының президенті Ермек Аманшаев марапатталды.
Сонымен қатар жиын барысында «Астана Групп» холдингінің президенті Нұрлан Смағұлов және «Самрұқ-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев президиумның жаңа мүшелігіне қабылданды.

Нұрлан ҚҰМАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.