Аян берілер түстер…

Кейінгі жылдары түс жоруға байланысты кітапшалар жиі жарық көре бастады. Әсіресе славяндық түс жору үлгілері көптеп таратылады.
Мұсылман халықтарының түс жору туралы өнегелері қандай? Бұл мәселеге ерте замандардан кең мән берілген. Ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелерді басқа ұлт өкілдері өз тілдеріне аударып, мұсылман әлемінің тылсымымен ұдайы таныстырып отырған. Мәселен, 1902 жылы Н.Г.Маллицкийдің «Мұсылмандық түс жору» деген кітабы жарық көрді. Мұнда автор парсы тілінде шыққан мұсылман энциклопедиясының түс көріп, оны жоруға арналған бір тарауын орысша аударып ұсынғанын айтады. Он екі тарау тұтастай түс жоруға бағытталыпты.
Жаратқан Иеміздің адамға есту, көру, дәм, иіс сезу, түйсікпен қабылдау тәрізді қабілеттерімен қатар әсерлену, қиялдау, есте сақтау, елестету ерекшеліктерін де сыйлағаны хақ. Қимыл, әрекет үстінде кім-кімнің де күш-жігері нақтылы іске арналады, ал ұйқы барысында сыртқы сезінулеріміз тып-типыл тынышталады. Сол кезде түске әлденелердің ену себептерін ғұлама бабаларымыз қалай түсіндірген?
Бірінші себебі: ұйқы барысында қиял керемет шарықтайтын көрінеді. Қым-қуыт күйбіңнен мүлдем алыстап, ішкі қазына сандықтарының кілті кенеттен ашылады. Соның тікелей ықпалынан ап-анық бейне белгілер суреттеледі де ұйқыдағы небір таң­ғажайыптарды тудырады. Мұндай жайт басым көпшілікке тән екен. Ғалымдар бұған мән бере қарап, түсте көрген жайттар орындалады, әсіресе оны кемеңгер, ойшыл адам жорыса дейді.
Екінші себебі: адамның ағзасында түрлі өзгерістер ұшырасады. Соған орай рух та түрлі өзгеріс туғызады. Мысалы: егер ыстықтаса, түсінде от; егер тоңса, түсінде қар, аяз; егер адам ағзасына сыз өтсе, түсінде жауын, тасқын су немесе өзен; егер құрғақшылыққа душар болса, түсінде шаң, құм, тау, тас көріп, денедегі сәл-пәл осындай ауытқуларға қарай түрлі кұбылыстар туады. Мұндай жағдайда көрген түстерге пәлендей мән берілмеген. Ғалымдар да оны талдамаған.
Үшінші себебі: сыртқы сезінуіміз тұтастай тәуелсіз, азат хал кешкендіктен жанның Құдайы беріп, таңғажайыпқа бөленеді. Сол сәтте анық белгі түсіп, олардың іске асуы алдын ала сезіледі. Мұндай түстер айрықша бағаланған және ғалымдар оған шындық деп қараған. Жан дүниесі таза, пәк адамдар ғана аян берілер түс көреді деп саналған.
Тәуліктің қай сәтінде, таң алды, күндіз бе, көрген түстің орындалуы соған да байланысты деседі. Әсіресе таң алдындағы түс көрудің маңызы айрықша көрінеді. Көне заман ғалымдарының пікіріне жүгінсек, ай, күн сандарының да түс көріп, болжауда мәні бар екен. Мәселен, айдың 6, 7, 8, 9, 10, 15, 18, 19, 22, 27 сандарындағы түстер ақиқатқа жақын, болжаулары анық, ал айдың 13, 14, 20, 21, 25, 26, 28, 29, 30 сандарындағы түстер пәлендей мән құрамайды, болжаулары да дәл емес дейді. 4, 5, 11, 12, 16,17 сандарындағы түс екі ай немесе екі жылдан кейін орындалады-мыс. 2, 3, 23, 24 сандарындағы түстерге керісінше қарау керек дейтін пікір бар.
Түс жорушының ақылды, парасатты, әділ, адал болуына да ежелден көңіл бөлінген. Біреудің құпиясын екіншіге жеткізбеу, ұдайы Аллаға кұлшылық жасау, Алланың періштелеріне, кітаптарына, бүкіл пайғамбарларына сеніп, жалбарыну, дұға оқу арқылы тылсым тұңғиығына үңілудің түс жоруға да әсері тиген. Көрген түсін айтып жатқанда, түс жорушы «жақсылық – бізге, жамандық – біздің дұшпандарымызға» деген дұғаны тез-тез айтуы қажет көрінеді. Қорқынышты түс көрген кісі түсінен шошымас үшін «һүуәллаһүлләзи…» аятынан бастап соңына қарай һашір сүресін (Құранның 103-ші, «Кешқұрым» деп аталатын сүресі) оқиды және бір Фатиха, он бір рет Ықылас сүрелерін оқып, мұны Пайғамбарымыздың рухына арнайды. Сөйтіп, «Я, Раббым, егер осы бір көрген түсім жақсы түс болса, ұдайы осындай түс көрсете бер! Ал егер ол жаман түс болса, жақсылыққа айналдыра гөр! Жақсылығың бізге, қасіретің дұшпандарымызға болсын!» деп дұға оқылады.
«Мұсылмандық түс жору» еңбегінің екінші тарауы түсте Жаратқан Иесін, пайғамбар, періште, жын-шайтан, жәннат, жұмақ, тозақ… көрудің маңызына арналыпты. Алда-жалда түсінде Тәңірінің нұры шашылса, бақыт пен шат­тықтың кернегені, ырыс, берекенің келгені. Мұндай түс көрген жерлерге әділдік, байлық орнайды.
Алла тағалаға жалбарынып, дұға оқып жат­қанын түсінде көрсе, бұл адам абырой-атаққа бөленеді, патшалармен жақын болады.
Өзінің қандай да іс-әрекеттерін Жаратқан иесі тізіп санай бастаса, қуанышты хабар жетеді, алыс сапарда жүрсе, үйіне аман-есен оралады. Егер Тәңірінің қаһарланғанын көрсе, жалбарына құлшылық ету керек оған.
Түсінде пайғамбар көру – мәртебе, дәреже, жоғары орын. Діндар болу және жеңістік.
Мұхаммед Саллаллаһу ғалайһи уәссәламға алғаш рет шындық жолын нұсқаған сәтке назар аударайықшы:
«Ол өзінің көптен бергі дағдысы бойынша бұл күні де тау қойнауында тұрып, бүкіл әлем иесіне сыйынып жатыр еді. Өзінің күндегі тұрақты орны болатын. Көзі ілініп кеткен екен. Сәлден соң ұйқылы-ояу қалыптағыдай күй кешіп жатты. Қасына біреу келгендей болды. Бұл Алла атынан, Алла әмірін алып келіп тұрған төбе періштенің бірі Жәбірейіл ғалайһи уәссәлам еді. Пайғамбарлық пен елшілік міндетін тапсыру үшін келіп тұрған бойы осы еді. Ол адамзаттың құтқарушысы, Алланың сүйіктісі, хазреті Мұхаммед Саллаллаһу ғалайһи уәссәламға тақау келіп тұрды да, әлдебір жазулары бар жылтырауық орамды ашып, саусағымен нұсқап:
– Оқы! – деп бұйырды. Хазреті Мұхаммед (Саллаллаһу ғалайһи уәссәлам) әлгіндегі жауабын қайталады: «Мен оқи білмеймін ғой». Ал Жәбірейіл-Әмин дереу пайғамбарымызды мықтап ұстап алды да, мүбәрак кеудесінен үш мәрте сығып-сығып жіберді. Сонда пайғам­ба­рымызға мына қол иесі керемет бір күш иесіндей болып көрінді. Әлгі күш тағы да кеудесін сығып-сығып жіберді. Баяғы бала кезінде, сүтанасы Халиманың үйінде жүрген шағында көрген ғажайып оқиға есіне түскендей болды, жүрегіне жазылған жазулар елестеп етті. Бұл Құран Кәрімнің алғашқы уағыздары болатын.

Мағира Қожахметова,
жазушы, «Балбұлақ», «Дертке дауа» басылымдарының бас редакторы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

42 Пікір

  1. Аноним

    Саламатсызба! Осыдан бир неше Ай бурын тусимде Айша биби мен Карахан жайлы корип журмин! Аян бердиме? Тусинксиз? Содан бери аузымнан Еки есим туспейди? Нени билдиреди екен? Комектесип жиберсениз!

  2. Нургуль

    Мен тусимде коп нандар кордим не болады.

  3. Аноним

    Мен тусімде енем жайнамазымды тартып алыпты.енеммен ренжісіп қалған негізінде

  4. Гали

    Тусимде кой кыркып журмин не болады

  5. Марта

    Егер тусинде кайткан адам кызына калтасынан асык алып берсе не болады?

  6. Алима

    Менің жауабым таңғы 3-6 да көрген түс ол аян подсказка оны орындау керексің Ал 3 ке дейің кірген түс өтірік түс Ал күн шығып кеткенсоң кірген түс ол шаршағанның түсі Ал кино ұқсап ұзааақ кірген түс ол сіздің дəретсіздігініз Егер таза түс көргініз келсе дəретсіз ұйықтаманыз жəне күн шықпай ояныныз Аян Түске(подсказка) мəн беру керек кейің бармақ тістеп қалмауыныз үшін аян түске мəн берініз басқасы маңызды емес

  7. Айгүл

    Түсіңде бұзылайын ден тұрған картоп қосылған пирожки көрсең не болады жейміз ба жемейміз ба деп ойланып тұрмыз

  8. Базаргул

    Мен тусимде ажырасқан жолдасымды корем уйне барған болам тамақ дайындаған тамақ салып берип атырмын ата анасына жолдасым жалаңаш шортимен жур уйне коп барған болам тусимде

  9. Базаргул

    Неге

  10. Гулнара

    Саламатсыз ба? Менин аягым ауыр осыдан 2-ай бурын мен тусимде бир орта жастагы айел адамы «»»Атын Олжа кой деди, касымда тагы бир жукти аиел турган болатын ол жукти айел менен бир кадам артта турды сол тусти аян берген деп кабылдаймын ба или олай емес пе ,,касымдагы жукти айелге сенинки кыз гой маган аитты деп коям аян болар я енди кудай каласа босанам калай болады екен

  11. Аноним

    тусимде анамды кордим

  12. дилрабо

    тусимде оз олгенимды кордим ол нены билдыреди

  13. Асылбек

    Асык берип жатса алтын асыктай ул табасын дегени,баласы жоктарга ырымдап асык береди казах

  14. Аноним

    Тусимде уйдин иши кара шыбынга толып кетипи
    Бундай жагдайда не болады?

  15. Аноним

    Мен тусимде 2алтын сырга тауып алам.буреуин биринши екеншиси кейин.бул нени билдиреди ?

  16. Аноним

    Мен түсімде бүкүл адамдар жиналып тур. Сол кезде адамдар аспанга карап тұр сонда алла тагала пайгамбар мен сойлести

  17. Аноним

    Мен тусымде етыгымды сынглыме апер дер кутып отырмын озым ескы киеымде мектеп баралмае отыр екенмы бырак етык басканыкы сурамае алаеын десем коркамын не уяламын свнглым Жана адемы етык киеып Маган Карамай кетып барады екы апшем шашы узыын екен мен тамашалап тур екенмын бунын жаубы калае болады

  18. Амина

    Саламатсызба мен түсімде ак матаны күшкентай етүп жыртып алдым және қолымда темір үзілген цеп бар таза судың ішінен алып бара жатырмын

  19. Асенова Динара

    Саламатсызба тусымде шайтан Маган карай береды. Быр кезде кулып турады, ал кейде жунырып. Жатады. Сосын Маган менен урпак тарамайды дер кулды. Отынем магынасын айтыныздаршы.

  20. Аноним

    Түсінде құмның астында қалса не болад

  21. Қымбат

    Түсінде құмның астында қалса не болад қызым кішірейіп кетіпті құмға жүгіріп барып құмнан жасалған городок қасына тобесіне шығад құм тіріліп.кетіп қызымды астына тастап жіберед озі тогіліп қалад кеін қарасам басқа гордок соғылып қалыпты сағат 7 азанда кордім сосын құмның қасында кішкентай адам кетіп бара жатад қызым екен ғой десем басы қасқыр екен

  22. Қымбат

    Не істуім керек жауап жазыңдарш

  23. Аноним

    Мен. Тусымде. Булттар. кордым не болады

  24. галина

    Мен тусимде улымды жогалтып алып таба алмай окирип жылап жатр екенмин калай жору керек буны тан ата кордим тусти

  25. Нуржан

    Тусинде айдын жерге кулаганын корсен не болады кулаганда жер силкингендей болды

  26. Айка

    Түсте жынды адам үйге кіріп,мені қуып жүр. Артынша мен оны ұрып көміп кетіппін
    Түсімді жорыңыздаршы.

  27. Аноним

    Мен тусимде президент кордим. Маган бирдене калтама салып берипти. Мен истеген тамагымды жеп отыр екен нени билдиреди.

  28. Аноним

    аяғы ауыр əйел түсінде іш киім сатып алып жатса не болады

  29. Нурсултан

    Салам.мен тусимде балык аулап журм.не магана береди?

  30. Перизат

    Биз квартира ауыстыргалы жатыр едик куйеуим тунде жаман тус корипти. Тусинде кошип барган уйимизде бир тесик болады екен. Соо тесикке карап айгайласа дауыс шыкпайды екен. Балам екеуи соган тусип кетипти. Улым коркканынан шыгып кетеди екен ал куйеуим калып калыпты шыга алмай. Кейин сол жер бейит басы болган деп бир адам айтып жатыр екен дейди. Озимде коркып журмин. Калай болады екен а?

  31. Фарида

    Мен бірнеше күн болды түсымде аю көрдім алдында менің алдыңғы түсімде бауырларым ойнап жүрді аюмен ал бүгін
    Мен сол аю өлтіргелі жатыр мен үйде жұмыс жасап жаттым ол ақырып келді
    маған қарай ұмтылды мен есіктің артына тығылып тұрдым ол ақырып мені іздеп жүр алдыңғы түсімде кет десем кетуші еді бүгін кетаеді

  32. Аноним

    Жаман тус корсендер садака бериндер .

  33. Алмас

    Ассалямуагалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Мен тусимде бир танысымды кордим бирак онын ким екенин тусинбедим бирак таныс екенин билемин ол маган айтады мине Пайгамбарымыз Мухаммед с.а.с тири дейди жане маган корсетеди, бетинде сакалы бар шашы кыска маган карап бир жымиды мен сенбедим бирак тан калдым, сосын бар барине айт Пайгамбарымыз тирилди дейди, мен асыгып жугирип кеттим артмнан шайтандар куалады сосын анамды кездестирип айтсам сандрактама деди мен барине айтуым керек деп ары карай айтуга умтылып жугирип кеттим, бул ненин белгиси екен? Айтыныздаршы

  34. Алмас

    Ассалямуагалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Мен тусимде бир танысымды кордим бирак онын ким екенин тусинбедим бирак таныс екенин билемин ол маган айтады мине Пайгамбарымыз Мухаммед с.а.с тири дейди жане маган корсетеди, бетинде сакалы бар шашы кыска маган карап бир жымиды мен сенбедим бирак тан калдым, сосын бар барине айт Пайгамбарымыз тирилди дейди, мен асыгып жугирип кеттим артмнан шайтандар куалады сосын анамды кездестирип айтсам сандрактама деди мен барине айтуым керек деп ары карай айтуга умтылып жугирип кеттим, бул ненин белгиси екен? Айтыныздаршы

  35. Макпал

    Менин аягым ауыр тусимде маган бир киси уш кушик силапты ол нени билдиреди тан ата кордим тусимди

  36. Аноним

    Менин 3 кызым бар 4шисине жуктимин тусимде пышак кордим не болар екен

  37. Сұлутаң

    Менің де аяғым ауыр кезде түсімде бір үлкен əже қасымда тұрып ұлыңның атын Ясмуддин қой деп ..жан жағым у шу боп бірақ сол əженің айтқанын ұмытпайын деп Ясмуддин деп ояндым..ұлымның атын Ясмуддин қойдық Аллаға шүкір 10 аймыз..бірақ ол есімінің мағынасын таппадық..имамдардан да сұрадық..білетіндеріңіз болса көмектесіңіздерш

  38. Аноним

    Тусимде

  39. Жануя

    Тусымде жубайым садака берып жур.тыйындап коп адамдарга таратты.не болад

  40. Аяулым

    Сəлеметсізбе! Менің сұрайын дегенім мен туралы бір көрші тəте тус көріпті. Түсінде үлкеееен той болып жатфр екен менің. Құдалар ұзақ уақытқа кешігіпті сосын ол құдалар келіпті бұл нені білдіреді. ИншАлла жақсы болғай

  41. Ансаган

    маган тусимде бреудин даусы естилди кызынын атын бакыт деп кой деп ол калай кандай магына кою керекпа аягым ауыр еди 8 ай кундиз корген тус

  42. Айко

    Тусимде шайтаннан калып журмиз не билдиреди кандай сурелер окысам болады

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.