Хат жаза білесіз бе?

Ақпараттық ғасырда байланыс құралдарының жедел қарқынмен дамуына байланысты қазіргі жастар ғаламтор арқылы хат алмасып жатады. Хат – адамның білімін, өмірге деген көзқарасын, ішкі мәдениетін, сауаттылық дәрежесін байқатады. Бірақ қазіргі жастар хаттың сауатты болуына оншалықты мән бермейтін сияқты. Сөздері не қазақша емес, не орысша емес болып шығады. Тіпті ағылшын, француз тіліндегі белгілі сөздер де кәдімгі қазақ тілінде жазылған хаттардың ішінде бой көрсетеді. Осылай жалғаса беретін болса, тілімізге нұқсан келтіріп алмаймыз ба деп қауіптенесің. Мұның себебі бізде осы хат жазысу мәдениетіне көп көңіл бөлінбейтін сияқты. Мәселен, жапон халқы өзара хат жазысу мәдениетіне жете көңіл бөледі екен. Олар сол арқылы тілдің де мәдениетін, қолданыс аясын биіктерге көтеріп отырғаны белгілі. Ал бізде бұл жағы кемшін түсіп жатқандай. Балаға мектеп жасынан бастап хат жазу мәдениеті, ойды мәнерлеп жеткізу, тілдің сауаттылығы үйретілсе орынды болар еді. Сонда ғана бүгінгідей қазақша жазылған сөздерді толық жазудың орнына көбінесе үш-төрт әріппен қысқартып жаза салу, бұл аз десеңіз, орыс, ағылшын сөздерін қажетсіз араластыру болмас еді. Өзінің ана тілін жетік білетін адам ғана хат алмасу барысында өзге тілдің көмегіне жүгінбейді.

Ақмарал Нұржанқызы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Aumaq Tvkeyulii

    Latin alipbyinde qalay jazip, qalay oqymiz?
    Biz qazaq latinin dibistaluimen jaziluin ayna qatesiz etemiz dep qynalip jurgen syaqtimiz.Menihce onih cecilu joli soncaliqti kurdeli emes syaqti.Latinca qazaq emle negizi ‘oz tilimizdih tabygatina say syngarmonyzmdi ustanganimiz duris boladi.Sonimen qatar bir dibisti eki-uc tahbamen belgileu,-uaqit vnemdeu jane ekonomykaliq jafinan ote tyimsiz bolip tabiladi.’Tol tilimizde kop qoldanila bermeytin kirme sozderdijazar kezde fana qosarlap kerektenuge bolar dep oylaymin.M.:tc-ч ,ts-ц ,zh-Zhdanow,photo,Balgereewa…
    Qazirgi tvrki latincasindafi aripterdih tobesine muyiz, artina quyriq jalfau da qolmen jazfan kezde kedergi,ari matin korkemdigine say emes.
    Bizdin qazaqtar minani eskerse deymiz:Afilcin t.b.tilderde jazilui men dibistalui mulde basqaca bolatinin eskersek bizdin bul jazu tasilimizge «taube» dersiz!M.:knafe-найф,higlvill-хайвил,чинагши-цааш,инагши-нааш,чинба-чоно dep oqilatinin eskereyik.
    Afilcin pernetaqtasin qoldanfan kezde bizde jenil-jelpi eki-uc masele tuindap tur.Olar minalar:i,n jane ы,ң aripterin qalayda ajiratip jazu kerek.Menih oyimca ii- nemese ustinde nuktesiz;n-aldina qaray yilgen quyriqti,nemese h turinde jazuimizfa boladi.
    M.:qohiirau,onan soh,miinau miing tenge me?..
    Qazaqtih ‘tol klabiaturasin jasafanda burinfi jazu macinkasindafiday etip aripterdi ‘kop jane syrek qoldaniluina qaray ornalastiru kerek.Afilcin aripterin de qazaq aripterinih vstine qoysa ote keremet bolar edi.
    Ayu,qoyan,tvlki vceui ahdar patcas1 Ar1stann1h ald1na bard1.t.s.s.
    Aumaq Tvkeyulii

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.