Тіл тақырыбы – өзекті мәселе

Әйгерім ТІЛЕГЕНОВА, экономист

Өз басым мерзімді баспасөзді қадағалауды ұнатамын. Бес жылдан бері «Ана тілі» газеті тұрақты түрде үйге келеді.Өзіндік бет-пішінін, мақсат-мүддесін ашық айқындаған бұл басылым бүгінгі таңдағы дамудың жай-жапсарын жіті қадағалап, осы бағыттағы оң үрдістерді кеңінен насихаттап жүргені анық. Ақпараттық технологиялар легі шарықтап тұрған дәл қазіргі дәуірде тіл тақырыбының маңызы өте зор екені күмәнсіз. «Ана тілі» апталығы соған қатысты мәселелер көтеріп, әңгіме қозғауды мақсат тұтатыны анық.
Әсіресе, қазақтың ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы жайлы мақалаларды сүйсініп оқимын. Ғылыми-танымдық және атаулы күндерге байланысты материалдар да жарияланады. Бағзы заманнан бүгінгі дәуірге дейінгі өнер құдіреті, ғылыми және көркем дүние-таным ерекшеліктері туралы мақалалар баршылық. Адамгершілік үлгісін, ақыл-ой даналығын ешқашан тыс қалдырмайтын газеттің адам тәрбиесіне қызмет ететініне сенімдімін. «Балаларға – базарлық» айдарымен берілетін әңгіме, ертегілерді сүйіп оқимын. Ең бастысы, газеттің жазылу стилі қарапайым әрі түсінікті. Тақырыптары қысқалығымен, ойнақылығымен ерекшеленеді.
Осы газетке жазылыңдар деп төңірегімдегілерге айтып жүремін. Бұл басылымда ана тілімізге деген құрмет, оны ардақтау туралы мазмұнды мақалалар жазылады. Айтулы адамдар өмірі мен бүкіл қоғам тынысын аңғаруға да мүмкіндік мол.

Батыс Қазақстан облысы,
Ақжайық ауданы,
Ақжол ауылы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Төлеужан

    Ана тілі деген атының бар екенінің өзі үлкен жеңіс.Ардың ісі айтылатын,көңілге жақын тақырыптар көтерілетін ана тілінің абыройы арта берсін.Өмірдегі ең басты патриоттар ол өнер саласындағы азаматтар мен қаламгерлер деп білемін.Жанайқайын айтып жататын азаматтардың ойын құрметтеп, соны ары қарай жалғайтын билік тарапындағы жігіттердің қатар көп болсын. Ана тілі болғаннан гөрі солғаны дұрыс, біз қатардан қаламыз деген күдік пен қорқыныштың қамалында жүргендер көп. Және олар үлкен көкелердің балалары. Кімді тәрбиелегенін білмей, өз балаларын өздері тани алмайтын бейшараларға жаным ашиды.Аруағынан ат үркетін қазақ деген халқымыздың рухы арта берсін! Намысын оятып, елге деген махабатты арттыратын Ана тілі газетіне шығармашылық табыс тілеймін.Батыл да шыншыл істер ғана халыққа ұнайды. Өйткені еліміздің алтын діңгегі сол болған.Абыройдың биігінде өзіміз емес, еліміз тұрсын!

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.