Не артық? (Нұржан Наушабаев)

Хұрметлу зайғы ғұмырдан
Ұйқыда көрген түс артық.
Tap жерде, тайғақ кешуде
Ерлердің қылған күші артық.
Қу қанжыға жүйріктің
Топырыштан несі артық,
Көктемесе жаңбыр боп,
Қайырсыз жаздан қыс артық.
Тобылғылы шұбардан
Панасыз таудың несі артық?
Қадір білмес туғаннан
Құныңды білген дос артық.
Дүниеге қару қылмайтын
Қартайған шалдан жас артық.
Ауру үшін жан қиған
Туысы жақсы бас артық.
Білмей шалқып сөйлеуден
Сөйлемей тұру бес артық.
Білмегенге бағасын
Алтыннан да мыс артық.
Бұл опасыз дүниеде
Болмайды деуге осы артық.

Аталы болған жаманнан
Өзі болған тең артық.
Кейінге үлгі қалдырған
Шешендердің тілі артық,
Әрбір істің қалпына
Аңғырттықтан еп артық,
Шаппайтын алмас қылыштан
Қолдағы қамшың көп артық.
Суы ащы теңізден
Томар да болса көл артық.
Арық малдың етінен
Бір тостаған сөк артық.
Сайран етіп жүруге
Қараңғы түннен күн артық.
Қара озып кеткен шешен жоқ
Өзімнен озып көп артық.
Шамалы жерге талықпан,
Салсаң да ауыр жүк артық.
Мағынасын біліп түсінген
Сөйлейді демес неге артық.
Таразы махшар күнінде,
Алла білер, кім артық.

Күні суық зымыстан
Қаһарлы қыстан жаз артық.
Көз жұмып күш еткеннен
Базына қылған наз артық.
Шаң көрсетпес жүйрік жоқ,
Қара озып кеткен оза артық.
Он ұл туса біреуден
Бірінен-бірі жүз артық.
Бағасынша өзінің
Қалайыдан жез артық.
Ойға салсаң Нұржанның
Көп ақыннан сөзі артық…

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.