«Ана тілі» – сала мамандары үшін таптырмас құрал

Гүлнәр ТОҚСАНОВА,
«Алматы» телеарнасының публицистикалық бағдарламалар бөлімінің редакторы

Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз – ана тіліміз. Сол ана тілімізді дәріптеуде 20 жылдан астам уақыт қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан басылымдардың бірі «Ана тілі» газеті. «Ана тілі» газетінің қазақ баспаcөзінде алатын орны ерекше. «Тәрбие басы – тіл» дейтін барша қазақ баласы оқуға тиісті «Ана тілі» газетін мен де үзбей оқимын. Әр оқыған сайын ана тіліміздің абыройы артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл орайда «Ана тілі» газетінің де тигізіп отырған үлесі ұшан-теңіз.
Газет бетіндегі «Аудармашыға арқа сүйеу – көзбояу­шылық!..» (№47 (1201) деген мақалада бүкпесіз шындық айтылған. Кейбір мекемелерде іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілмейтіні белгілі, құжаттарын орыс тілінен тікелей аударма жасау арқылы істі жүргізіп отырған мекеме басшыларын айтпағанда, кейбір телеарналардың өзінде қазақ тілінің уақытын орыс тілінен аударылған бағдарламалармен жауып отырған жағдайлар әлі де болса кездеседі, оны көзі қарақты көрермен көріп отыр. Сонымен қатар «Ана тілі» газетінде бұрын-соңды орыс тілінен аударылмаған терминдер қатары да беріліп отырады, бұл мектеп оқушысына да, жоғары оқу орны студенттері үшін де, қазақ тілі пәнінен сабақ беретін оқытушылар мен өзге сала мамандары үшін де таптырмас құрал. Бұл «Ана тілі» газетінің ұтымды тұсы.
Ана тілін қадірлейтін әр адам «Ана тілі» газетін оқыса деймін.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.