Патриоттық Отанды құрметтеуден басталады

Болашағы кемел мемлекет жастарының негізгі әлеуеті сапалы білім екендігі белгілі. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» атты Жолдауына орай Алматы аграрлық колледжінің білім алушылары да түрлі іс-шаралардың өтуіне мұрындық болды. Әсіресе, колледж директоры Венера Қошанқызы Бекбаеваның қай кезде болса да студент жастардың сапалы білім алуы мен саналы тәрбие мәселесіне ұдайы көңіл бөліп отыратынын айта кеткен жөн. Тарих пәнінің оқытушысы болғандықтан, маған маңызды бір шара ұйымдастыру тапсырылған еді. Студенттермен ақылдаса келе, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуді жоспарладық.
«Қазақстандық патриотизм» деген атпен ұйымдастырылған қызықты кездесуге Қазақ ұлттық аграрлық университетінің әскери кафедра меңгерушісінің орынбасары, ауған соғысының ардагері Тұрсынбек Төреханов шақырылды.
Сөз тізгінін алған ардагер ағаның әңгімесін білім алушылар аса ықылас қойып тыңдады. «Тәуелсіздікті қастерлеп, оны нығайтатын үлкен рух – партиотизм. Бүкіл қазақстандық жастарды біріктіріп, болашаққа сеніммен апаратын жол, алдымен өз Отанын сүюден, оған қызмет етуден басталады» деді офицер ағамыз. Бұған қоса, кездесу тақырыбын «Қазақстандық патриотизм» деп атау назар аудартатынын айтты.

Қалдыгүл ТАСБОЛАТОВА,
Алматы аграрлық колледжінің оқытушысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.