Үш бәйтерек – үш діңгек

Жақында Түрксіб аудандық №10 және №30 кітапханалары бірігіп, «Үш бәйтерек – үш діңгек» атты интеллектуалдық сабақ өткізді.
Тарихта «Қазақтың үш бәй­терегі» – С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жан­сү­гіровтердің өмірі мен шы­ғар­ма­шылығын терең түсіндіру, елін сүйген қайраткерлердің ең­бектерін оқушыларға үлгі-өнеге ету, олардың білімін тексеру, ойлау қабілеттерін дамыту, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой ойлауға бау­лу мақсатындағы әдеби сағаттың заманауи тәсілде ұйым­дастырылуы көңілге қуаныш ұялатты.
«Бәйге», «Көкпар-тартыс», «Көптілділік», «Жеті жұмбақ», «Дода» секілді арнайы бөлімдер бойынша ұйымдастырылған рухани-ағарту іс-шарасына Бахадур ­Махмудов, Эльдар Аршинов, Аяжан Қарқабатова секілді оқушылар ерекше алғырлық танытты. Сол секілді Аяжан Сейдуллаева мен Аяулым Байдашева да Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің шығармалары мен өмірбаянына тоқталып, білімділіктерін көрсете білді.
Шара барысында «Үш бәй­терек – рухани асыл қазына, өнегелі ғұмыр» атты кітап көр­месі ұйымдастырылып, арнайы библиографиялық шолу жаса­лынды. Дарынды бабаларын жас ұрпаққа үлгі еткен интел­лектуалдық кештің рухани тәлімі зор болғаны сөзсіз.

Әмина Байсейітова

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.