Жас ұрпақты қазақ музыкасының рухымен тәрбиелейік

«Ана тілі» газетінің 2014 жылғы (№18 (1224) 7-14 мамыр күнгі санында газет тілшісі Б.Балаубаеваның «Музыка пәні қалай оқытылып жүр?» деген сарап­тамалық мақаласын оқып, журналист қозғаған мәселеге өз ойымды білдіруді жөн көрдім.
КСРО заманында қазақ музыкасы өз дең­гейінде оқытылмағаны жасырын емес. Ол кездегі мектеп оқушылары көбінесе еуроцентристік мазмұнға негізделген білім көзінен сусындады. Соның салдарынан мектеп оқушылары қазақтың әнші-күйшілері, жыршы-термешілері туралы толыққанды ақпарат ала алмай өсті. Тәуелсіздіктің келуімен қазақ руханиятында тың серпілістер орын алып, біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды түгендеп, қайта жаңғырта бастадық. Осы кезге дейін есімі белгісіз болып келген өнер өкілдері туралы зерттеулер жүргізіле бастады. Елбасының бастамасымен «Мәдени мұра» жобасы қолға алынып, қаншама асыл қазыналарымыз туған халқымен қайта қауышты. Қарап тұрсақ, музыкаға байланысты өте бай және құнды материалдар, тарихи деректер жиналды. Ендігі мәселе осы музыкалық мұраларды, ән-күйлерді жүйелеп, мектеп бағдарламаларына ендіру. Өскелең ұрпақты қазақ музыкасының рухымен тәрбиелеу. Бұл бағзыдан келе жатқан саф алтындай өнеріміздің құлашын кеңге жаюына септігін тигізер еді. Сонда мектептегі музыка пәні де өзгеше реңк алып, мазмұны да кемелденіп, баий түседі.

Қымбат БАЛАЖАНОВА,
музыка зерттеушісі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.