Соғыстан қайтпағандарды сайттан іздеңіз

Келесі жылы 9-мамырда Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта қалған 1941-1945 жылдар аралығындағы қанды қырғынның жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толады.
Жеңіс күні, бұл – ұлы мереке. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің еліміздің ұл-қыздары да жаумен аянбай шайқасты. Соғысқа 2 миллионға жуық қазақстандық қатысып, олардың жартысы майдан даласынан оралмады. Миллионға жуық адам тылда еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға лайықты үлес қосты.
Майдангерлер қатары жыл сайын сиреп барады. Сондықтан оларды құрметтеп, ардақтау – асыл парыз. Ел үшін ерлік жасап отансүйгіштік пен патриоттықтың үлгісін көрсеткен қаһармандар ешқашан да ұмытылмайды.
«Ана тілі» газеті Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Ұлы Жеңіске 70 жыл. Өшпес даңқ» деген айдар ашып, осы айдар аясындағы алғашқы мақаланы оқырмандар назарына ұсынып отыр.

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында тұратын Кеңесбаевтар әулеті үлкен жаңалыққа кенелді. Әулеттің ортаншы ұлы Бекжан Кеңесбаев интернеттегі «Мемориал» сайтынан Ұлы Отан соғысында қаза тапқан нағашы атасы Мәлімбаев Сембай мен көкесі Кеңесбаев Сейітхан туралы тың деректер тауып алып, анасы Айжамал Сембайқызына табыс етті.
«Әкем майданға аттанғанда мен екі жастағы бүлдіршін екенмін. Түр-әлпеті есімде қалмапты. Одан көп ұзамай анам ауырып қайтыс болған. Осы аласапыран заманда ағам Әсіл мен әпкелерім де оң қол, сол қолын танып үлгермеген жас болатын. Үйде әкемнен келген одан өзге еш хат-хабар сақталмаған. Ол кісінің қай күні қайтыс болып, сүйегі қай жерде жатқанын да білмей іштей өкініште жүруші едім. Бекжанымның көзі қарақтылығының арқасында әкемнің соңғы түскен суретіне дейін көріп, аруағына Құран бағыштайтын күнді білдім. 87-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасып, майдан шебінде қаза тауыпты. «Мемориал» сайтын жасаған адамдарға мың да бір рахмет. Әкемнің соғыста жүріп өткен жолын құжаттар арқылы көрсетіп, көз алдыма тізіп берді. Ендігі арманым – не өзім, не балалардың біреуі зиратына туған жердің топырағын салып келсе деймін. Бәлкім, мына суреттегі қасында отырған адамдардың ішінен көзі тірілері де бар шығар. Анау екі жас жігіттің түрі қазаққа ұқсайды екен. Өздері менің әкемнен анағұрлым жас сияқты. Ғайыптан тайып, осы дүниеде бар болып, суретті тани қалса, хабарлассыншы. Біз Тараз қаласы маңындағы Аса деген ауылда тұрамыз» дейді бүгінде жетпістен асқан Айжамал апа.

Мәлімбаев Сембайдың қайтыс болғандағы заттарының арасынан табылған сурет.  Кеңесбаевтар әулеті қолы таңулы кісі Сембай атамыз болар деп жорамалдайды.
Мәлімбаев Сембайдың қайтыс болғандағы заттарының арасынан табылған сурет.
Кеңесбаевтар әулеті қолы таңулы кісі Сембай атамыз болар деп жорамалдайды.

Бұл шаңырақтан майданға аттанған тағы бір азамат – Айжамал апаның туған қайын ағасы Сейітхан Кеңесбаев. Ол кісі осы күнге дейін хабарсыз кеткендер қатарында. «Мемориалдан» Сейітхан Кеңесбаетың майданға 1942 жылдың қаңтарында шақырылып, Көкшетау қаласында жасақталған запастағы 3-атқыштар дивизиясының запастағы 367-атқыштар полкіне қатардағы жауынгер ретінде алынғаны жайында ақпарат табылды. Жиырма жастағы өрімдей жас сұрапыл соғыстың қақ ортасына түсіп, ізім-қайым жоқ болды. 1957 жылы Сейітхан Кеңесбаевтың әкесі Кеңесбай Төребек ұлына іздеу салып, Подольскідегі Қорғаныс министрлігінің мұрағатына сұрау жолдаған, алайда жоғарыда келтірілген ақпараттан басқа ештеңе табылмаған.
Ал бүгінгі таңда Кеңесбаевтар әулеті «Мемориал» сайты арқылы Сейітхан ағамыз құрамында болған 367-атқыштар полкінің жүріп өткен жолы туралы ақпаратқа қанық боп отыр. 367-атқыштар полкі әйгілі «Марс» құпия операциясы жүргізілген Гредякино деревнясында да болыпты. 1942 жылдың жазында жүргізілген «Марс» операциясы сәтсіз аяқталып, оған қатысқан жауынгерлердің 75% қаза тапқан. Операция кезінде жарты айдың ішінде 20 000-ға жуық қазақтандық жауынгер мерт болған. Бірақ ресми деректер бойынша әлі күнге дейін олардың көбісі із-түссіз жоғалғандар қатарында саналып келеді. «Марс» операциясының құжаттары құпия сақталып, енді-енді ғана жарыққа шығып жатыр. Бауырлары Сейітхан ағамыз осы «Марс» операциясы кезінде жоғалып кетуі мүмкін деп болжамдап отыр. Ағамызды іздестіру әлі де жалғаса бермек.
Ғаламторда www.obd-memorial.ru мекенжайымен тіркелген «Мемориал» сайты – Ұлы Отан және Ауған соғыстарынан оралмаған жауынгерлер тізімі жарияланған ең үлкен ақпараттық анықтамалар банкі. Сайт 2003 жылдың 23-сәуірінде Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігінің үкіміне сәйкес жасалынған. Сайттың басты мақсаты – миллиондаған азаматтарға соғыста қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен туыстары мен жақындарының тағдыры, жерленген жері туралы ақпарат беру.
Сайтта соғыстарда жоғалған 13,7 млн адам туралы сандық құжаттардың көшірмесі және 38 мың мұрағат істері тіркелген. Қосымша тағы да 1000 томнан аса естелік кітаптары енгізілген. Мәліметтер бөлімінде 29 миллион мұрағат жазбасы және естелік кітаптарынан 10 миллион жазба келтірілген. Сайт өз жұмысын 2006 жылы бастаған, бірінші бөлігі ғаламтор бетінде 2007 жылы пайда болыпты. Сайттың іздестіру парағына жауынгердің есімін не соғысқа аттанған жерін жазсаңыз, алдыңызға ол туралы бар мәліметті жайып салады. «Мемориал» туралы бұлай егжей-тегжей әңгімелеп отыруымыздың себебі мұндай сайттың бар екенін кей отандастарымыз білмейді екен.
«Мемориалдың» жақсылықтарымен қатар кемшіліктері де жетерлік. Көптеген қандастарымыздың есімі орыс тілінің орфоэпиясы бойынша өрескел бұзылып жазылған. Тіпті орыстың айтуына оңай «Сембай» деген есімнің өзі кей құжатта «Самбай» боп кеткен. Екіншіден, ол сайтта жауынгердің ұлты көрсетілмеген. Орыс жерін жаудан қорғауда өзге ұлттардың қаны судай төгілгенін бүгінгі орыс баласына бадырайта көрсету қажет-ақ боп тұр.
Осы тәрізді тағы бір халықаралық іздестіру сайты www.podvignaroda.ru. Мұнда Ұлы Отан соғысында орден-медальдармен марапатталған жауынгерлер туралы ақпарат орналасқан. Фин соғысында хабар-ошарсыз кеткендер туралы www.winterwar.karelia.ru сайты бар. Осылардан басқа: www.ipc.antat.ru, www.soldat.ru сайттарының бар екенін құлағдар етеміз.
Бір өкініштісі, бұл сайттардың бәрі бөтен мемлекеттің дүниесі. Қазақ елінде жасалған www.memorial.kz деген сайтты білеміз. Ол – қазақстандық профессор Майдан Құсайынов жетекшілік ететін «Мемориальная зона» іздестіру отрядының анықтамалық сайты. Бұл отряд жиырма жылдан бері Ленинград қаласы маңындағы Синявин қыратында болған шайқаста қаза тапқан 310 және 314-дивизиялардың қазақстандық жауынгерлері туралы ақпарат жинақтаумен және оларға қатысты зираттарын күтіп-баптаумен айналысып келеді.

Облыстық электронды мұрағат

Бүгінгі ұрпақ міндеті – Ұлы Отан соғысында қаза болып, хабарсыз кеткендердің атын ұмытпай есте сақтау. Бұл – өмірден өткен бабалар алдында біз өтей алатын бірден-бір парыз. Білуімізше, бұл салада жұмыс тек Павлодар облысында ғана жасалып жатыр. Павлодарлық мұрағатшылар бірнеше жылдан бері соғыстан оралмаған жерлестері туралы деректерді жинау жұмыстарын жүргізіп келеді. Мұрағат басқармасының www.pavlodar.gov.kz сайтында 1942 жылдың қараша-желтоқсан айларында Ресейдің Тверь облысындағы Оленин ауданының аумағында 100-інші және 101-інші атқыштар бригадасының құрамында қаза тапқан Павлодар облысы тумаларының тізімі берілген. Сайтта сондай-ақ Белоруссияда, 1945 жылы Австрияны азат ету кезінде және Германияда концентрациялық лагерьлерде қаза болған павлодарлықтардың аты-жөндері жарияланған. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттар басқармасы «Павлодарская область в годы Великой Отечественной вой­ны.1941-1945 годы» атты мультимедиялық-анықтамалық құрал дайындады.Онда Ұлы Отан соғысында павлодарлықтардың жеңіске қосқан үлесі көрсетілген. 8 бөлімнен тұратын ММАҚ-ға (мұрағат мультимедиялық анықтамалық құрал) 2560 құжат, 200-ден астам фотосурет, 25 бейнетүсірілім, 32 298 майданға жұмылдырылғандар тізімі, 22 279 хабар-ошарсыз жоғалғандар мен жаралардан қаза болғандар тізімі ұсынылған. 1226 павлодарлық жауынгер туралы мұрағат материалдары, оның ішінде Кеңес Одағы Батырының – 31, Даңқ орденінің толық иегерлерінің – 8 фотосуреттері енгізілген. Бұл электронды энциклопедия арқылы облыс жастары батыр бабалардың күрес жолдары мен ерен ерліктерін жатқа білетін болады. Сайтқа жауынгерлер соғыс амалдарын жүргізген өңірлердің карталары, фотосуреттер, бейнеақпараттар да енгізілген. ММАҚ-ға соғыс жылдары қаза болған және хабар-ошарсыз жоғалғандар тізімі жарияланған. Ол есімдердің басым көпшілігі «Боздақтар» кітабынан алынған. Павлодар облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатына, Беларусь Республикасы Ұлттық мұрағатына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық Мұрағат қорларына Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміздің құжаттарын іздестіру мақсатында жасалған іссапарлардың нәтижесінде 2 мыңнан астам аса құнды құжат табылып, мұрағат және құжаттама басқармасы дайындаған мультимедиялық құрал пайдалануға берілді.
Осы орайда Жамбыл облысында құрылған «Темірқазық» жастар қозғалысының жұмысын да атап өту керек. Жамбылдық жастар ресейлік «Орел» іздестіру отрядымен қатынас жасап, «Марс» операциясы кезінде хабар-ошарсыз кеткен 14 жамбылдық жауынгер туралы мәліметті олардың туған-туысқандарына жеткізді. Олар Тверь облысының Оленин ауданындағы жамбылдықтар жерленген зираттарға туған жер топырағын салып қайтты.
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Ғұлам Омаров «Марс» операциясына қатысқан қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш орнату мәселесін көтеріп жүр.
Бұл бастама басқа да облыстарға үлгі боларлықтай. Егер әр облыс өз жерінен соғысқа аттанып, оралмаған, хабарсыз кеткен жауынгерлер есімін осылай ұлықтаса, ұрпақ парызы өтелгендей болар еді.
Интернет – ақпарат табудың ең жылдам да ыңғайлы көзі. Ол қазір қаланың да, ауылдың да адамына бірдей қолжетімді. Соғыста шейіт болған туыстары туралы шетел мұрағаттарында жатқан деректерге қол жеткізе алмай жүрген азаматтарымызға қазақ тілінде жасалған өз сайттарымызға жүгінуге жағдай жасау керек. Отан үшін отқа түсіп, туған жер топырағы бұйырмай, сүйегі шетте қалған тұлғаларымыздың тағдыры анықталып, олар туралы қандай да бір ақпарат табылып жатса, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей болармыз. Олар туралы әр деректі көзіміздің қарашығындай сақтап, қолымыздан келгенше аруақтарына тәу етіп жүрейік. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмасын.

Арай Әкімқызы,
Үрила Қасымқызы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

162 Пікір

  1. Кожамкулова Жайнагуль

    Таспенов Абдықалық атамыз ҰОС нан елге оралмаған,Қызылорда облысынан соғысқа аттанған,қай жерде жерленгенін білгіміз келеді 8702 690 0381

  2. Гулим

    Шолдиров Досымхан улы Отан согысынан оралмады.Аякоз ауданы Акшаули ауылдык округинен согыска шакырылган. Из туссиз жогалгандар тизиминде теги Шилдеров деп жазылган. Кай жерде жерленгенин билгимиз келеди. 87775271981

  3. Досымханова Гулим

    Шолдиров Досымхан улы Отан согысынан оралмады.Аякоз ауданы Акшаули ауылдык округинен согыска шакырылган. Из туссиз жогалгандар тизиминде теги Шилдеров деп жазылган. Кай жерде жерленгенин билгимиз келеди. 87775271981

  4. Мадина

    Терликбаев Мұқаш Сағындық ұлы Ақшəулі (Карлмаркс колхозы) ауылдық округінің тумасы. Артында қалған ұрпақтары атамыздын қай жерде жерленгенін білгіміз келеді. Үлкендерді айтуы бойынша Терликбаев Мұқаш Сағындықұлы мерген болған Берлинде қаза тапқан 9 майда.
    Іздеуші ұрпағы Мадимова Мадина Серғалиқызы байланыс телефоны 87058636813

  5. Нұрғара Асылбек

    Нургараев Сарсенбай 1910-жылы туылған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан.қайда жерленгенін білгім келеді және Нургараев Орхан 1918 жылы туылған 1940жылы фин соғысына алынып із түссіз кеткен

  6. Жалғас ақтанов

    Əкемнің əкесі суюнбаев актан Суюнбаевич фин соғысынән тірі келіп ұлы отан соғысы на кеткен Гурьевская обл форт-Александровск мангистау рвк содан хабарсыз кеткен қайда жер ленген ін білсем деп едім.87028210751

  7. Нурхан

    мен атамнын агасын іздеймін. аты жөні Төлеуов Жамалладин 1923 жылы Кызылорда облысы. Арал ауданы. Боген ауылында дуниеге келген. 1941 жылы соғыска кетіп оралмаган. Соңғы хатында Азов теңізінің Кречов порттында журміз деген. Қай жерде жерленгенін білгіміз келеді.
    хабарласыңыздар.87087568865

  8. Аноним

    Курманкулов Каби соғыстан оралмаган. Манғыстау облысы Форт-шевченко. Осы кісі туралы білгіміз келеді. Қай жерде жерленгені ақпарат болса

  9. Аноним

    Курманкулов Каби соғыстан оралмаган. Манғыстау облысы Форт-шевченко. Осы кісі туралы білгіміз келеді. Қай жерде жерленгені ақпарат болса
    guldana082@mail.ru

  10. Каршыга

    Мен акемнин агасы издимин Бисемалией Табылды деген орал обылысы жанала раионы жанакала раионы баианкаматынан 1941 маидан аттанган содан кабар келмеген

  11. Аноним

    Әссәләму әлейкум.Сарбалаев Үмбет Маңғыстау ауданының Жармыш ауыл советінде туған қазақ Шевченко аудандық комиссориатынан аттанған Сержант.1994жылы хабарсыз кеткен. Үмбетов Кемел Маңғыстау ауданының Жармыш ауыл советінде туған қазақ Шевченко комиссориатыннан аттанған қатардағы атқыш.Осы Әкелі балалы адамдардың қайда жерленгенін білгіміз келеді.Әкеміздің арманы орындалса диміз.Немересі Теңселов Қалдыбай немелтайы Қалдыбаев Дархан.22.12.2018. 87785090558 87750919001

  12. Аноним

    Дюсекенов Джумаа

Бет 4 ден 4 дейін Алдыңғы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.