Айтары айқын, асыл сөзі мол

Жақау ДӘУРЕНБЕКОВ,
«Ана тілі» баспасының директоры, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты

Мен үшін күнделікті газеттерді қарап шығу кәсіби дағды. Журналистиканың қайнарынан қанып ішіп, қазанында қайнап өскен жан газеттің әрбір жаңа нөмірін жаңалықтай асыға күтері даусыз. Өмірде болып жатқан ақпараттар ағыны, өзгерістер өрімі, жаһанның жаңалықтары, ел ішінің елең еткізер толқынды тынысы әр нөмірдің ақжелкені болып жетіп жатады. Соның бәрі бейжай қалдырмайды. Демек, ақпараттық басылымның рөлі зор.
Бұл орайда «Ана тілі» газеті де алдымен қолыма алар қызықты басылым. Басылымның өз бет бейнесі, көркем қолтаңбасы, қалыптасқан ұстанымы бар. Газеттің көтерер мәселесі қанша көп болса да, тілді – ана тілімізді дәйім ұлық назарда ұстайды. Ана тіліміздің бүгінгі таңдағы тағдыры мен таңдауы, ертеңі мен өркені, орны мен өзекті мәселелері хақында талдайды, толғайды, таразылайды десек те болар. Басылым бетінде ауылдың ақсақалынан бастап академикке дейін сөз алады, ой толғайды, байыппен пікір алысады, дәйек айтады, дәлел тартады.
Ағартудың алғы шебінде жүрген айтары айқын, асыл сөзі мол, мәңгілік елдің мәңгілік жыршысы «Ана тілі» газетін насихаттап жүру, көңіл жақын көз таныстан көршіге дейін жазылуға үгіттеу, үлес қосу, үлгі сөз айту «Ана тілім арым бұл!» дейтін әр қазақтың азаматтық парызы.
Парызға адалдығымыз істе көрінсін, лайым!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

2 Пікір

  1. Ақжарқын

    «Ана тілі» ұлт газетіне ел болып жазылайық. Ана тілінің жағдайына алаңдайтын әрбір қазақ басылымға жазылуды ар санасын.

  2. Төлеужан

    Ардың алдындағы жауапкершіліңізді арттырығыңыз келсе, қазақ топырағынан жаралған азамат екеніңізді көрсеткіңіз келсе,ел мен жерге деген махаббатыңызды еселегіңіз келсе Ана тілімен бірге болу керек деп санаймын.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.