Лагерьде қызық көп

«Жарқын жаз – 2014: Кітаппен қарсы аламыз!» бағдарламасы аясында М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектепте Алматыдағы №4 кітапхана қызметкерлері мен мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен «Балбөбек»  жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті. 

Аталған шарада кітапхана қыз­меткер­лері «Кітап саяхаты: Өзің оқы, өзгеге ұсын!» буккросингін ұйымдас­тырып, мектеп лагеріне балаларға арналған 100 данадан астам әдеби-танымдық балалар кітабын, «Ұлан», «Дружные ребята» газеттерін, балаларға арналған журналдарды сыйға тартты.
Кітапхана қызметкерлері Сәулеш Қанапина пен Рашида Мухпулова балаларды жаңа кітаптармен таныстырды. Олар «Балаларға арналған – бал шығармалар» атты кітаптарға шолу жасап, кітапханада өтетін «Ашық есік күнінің» аясында ұйым­дас­тырылатын әр түрлі ойындарға, әдеби-танымдық сайыстарға белсене қатысуға шақырды. Әр топтың оқушылары өз өнер­лерін көрсетті. Салтанатты кештің соңында оқу ісінің меңгерушісі Сайра Досполова сөз алып, оқушылардың лагерьде жақсы демалып, кітапханамен тығыз шығармашылық байланыста болуына тілек білдірді.

Рашида Эльмуратқызы,
кітапхана қызметкері
АЛМАТЫ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.