Терминжасам: Ұсыныс. Пікір.

Терминжасам – бүкіл халыққа ортақ іс. Заман озған сайын терминология саласы да жаңа сөздермен толыға түсуде. Бұл қазақ тіліндегі терминдерді біріздендіріп, жүйелеп отыруды қажет етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы негізінде Педагогикалық ғылымдар академиясы 30 томдық салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасын дайындау үстінде. Бұл жұмысты атқаруға еліміздің 400-ден аса сала мамандары мен ғалымдары атсалысуда. Төменде ұсынылып отырған терминдер сол жұмыстардың бір парасы. Сондықтан халықтық маңызы бар міндетті жүзеге асыруға «Ана тілі» газеті оқырмандарының да атсалысқанын жөн көріп отырмыз. Олай болса, төменде ұсынылған терминдермен таныса отырып, өздеріңіздің ұсыныс-пікірлеріңізді Педагогикалық ғылымдар академиясының apnkaz@mail.ru электрондық поштасы және «Ана тілі» газетінің ғаламтордағы www.anatili.kazgazeta.kz сайты арқылы ұсынуға болады.

Терминжасам: Ұсыныс. Пікір.

 

Терминжасам: Ұсыныс. Пікір.

 

Терминжасам: Ұсыныс. Пікір.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

7 Пікір

  1. Арғын

    Менің ойымша, кейбір аудармаларды қайта қарап, дұрыстау қажет. Мысалы аренда — жал деп беріпті. Егер де жалға беру деп қолданылса, түсінікті, ал жал деп тіркессіз қолданған ыңғайсыздау секілді.

  2. Мағжан

    Вексель деп аудармасыз қолдану меніңше, қате.

  3. Жасан

    Агент сөзі неге аударылмаған? Бұл сөздің де өз аудармасы болуы қажет емес пе?

  4. Гүлім

    Мыналардың ішінен көңілге қонбайтын, айтқанда түсініксіз сөздерді кездестірдім. Брак — ақау; неке дейді. Екеуі екі бөлек мағына беретін сөз ғой.

  5. Айқын

    Жалгер аудармасы жалға беруші деп те айтылып жүр.

  6. Жұлдыз

    Термин аудармаларының тең жартысы сол күйінде орысша жұр.

  7. Жұлдыз

    Термин аудармаларының тең жартысы сол күйінде орысша жүр.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.