Терминжасам: Ұсыныс. Пікір.

Қадірлі оқырман қауым!
Терминжасам – бүкіл халыққа ортақ іс. Заман озған сайын терминология саласы да жаңа сөздермен толыға түсуде. Бұл қазақ тіліндегі терминдерді біріздендіріп, жүйелеп отыруды қажет етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы негізінде Педагогикалық ғылымдар академиясы 30 томдық салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасын дайындау үстінде. Бұл жұмысты атқаруға еліміздің 400-ден аса сала мамандары мен ғалымдары атсалысуда. Төменде ұсынылып отырған терминдер сол жұмыстардың бір парасы. Сондықтан халықтық маңызы бар міндетті жүзеге асыруға «Ана тілі» газеті оқырмандарының да атсалысқанын жөн көріп отырмыз. Олай болса, төменде ұсынылған терминдермен таныса отырып, өздеріңіздің ұсыныс-пікірлеріңізді Педагогикалық ғылымдар академиясының apnkaz@mail.ru электрондық поштасы және «Ана тілі» газетінің ғаламтордағы www.anatili.kazgazeta.kz сайты арқылы ұсынуға болады.

Терминжасам: Ұсыныс. Пікір.

Терминжасам: Ұсыныс. Пікір.

Терминжасам: Ұсыныс. Пікір.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

2 Пікір

  1. Көшкінбай Ахметов

    Инвентарь керек-жарақ бола алмайды. Олсөздің баламасы құрал-сайман.
    Индекс — баяндауыш;
    интеллект — ой өрісі, зияткерлік қабілет деп те айтуға әбден болады.
    Кіріптарлық келісімшарт деген кабальный договорды дәл мағынасында аудара алмайды.
    Квитанцияны баяғыдан бері түбіртек деп аударып жүрміз ғой мағынасы да жақсы ашылып тұр (корешок).
    Консолидация — бірігу
    концентрация — шоғырлану; концентрация производства — өндіріс ошақтарының шоғырлануы.
    Коэффициент — еселік.(0,5 есе,1,12 есе т.с.с.)
    лаг — аралық деген мағына береді.
    Лидер — жетекші, ұйтқы; лидерство в ценах — бағадағы жетекші үстемдік.
    Корреляция — взаимная связь,соотношение, демек өзара байланыс, қатынас.Сызықтық байланыс немесе қатынас болмайды, тікелей байланыс болады. Айтайын дегенім «линейный коэффициент корреляции» дегенді «сызықтық корреляция коэффициенті» деп аударыпсыңдар мәні де мағынасы да жоқ, әрі тіл шұбарланды.

  2. Көшкінбай Ахметов

    Интеллект — зерде

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.