Көше атауы өзгерді дегенмен…

«Ана тілі» газетінің биылғы №21 (1227) санында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ономастика  бөлімінің меңгерушісі Қыздархан Рысбергеннің «Атауларды өзгертуде асығыстық танытпайық» деген тақырыпта сұхбаты жарияланып, ондағы айтылған мәселелерге үн қосуды жөн көрдім.

Сондағы айтайын дегенім, атау­ларды өзгертерміз-ау, бірақ сол атаулар күнделікті өмірге, тілдік қолданысқа еніп жатыр ма, жоқ па? Бұл үлкен мәселе. Осыған байланысты нақты өмірден мысалдар келтірсек те артық етпес деп ойлаймын. Мәселен, Алматы қаласында осыдан қаншама жыл бұрын өзгертілген, көрнекті тұлғаларымыздың есімдеріне берілген көшелер мен даңғылдар жеткілікті. Бірақ қазақша атау берілген көшелердің тек жазылып тұрғаны болмаса, жұртшылық тарапынан көп аталмай, үйреншікті болып кеткен бұрынғы нұсқалар әлі күнге дейін қолданыстан шығар емес.
Сонда қарап тұрсақ, күнделікті еститініміз «Правда», «Дзержийнского», «Ленина», «Коммунистическая», «Комсомольская», «Домостроительная», «Ташкентская» сынды болып жалғасып кете баратын көше атау­лары. Ал осы көшелердің бәрі де қазақшаланғаны қай заман! «Правда» көшесі «Алтынсаринге», «Дзержинский» «Наурызбай батырға», «Комсомольский» «Төле биге» ауыстырылғалы қашан! Осы көшелерді хабарлап тұратын кондукторлардың өзгертілген қазақша атауларды білетініне күмәнім бар. Сондықтан Алматы қаласының көлік басқармасы, Алматы қаласы әкімдігі осы келеңсіздіктерді жоюды қолға алса.
С.Қасымқызы
Алматы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

4 Пікір

  1. Ғалия

    Көлік жүргізушілері мен кондукторлардың мәдениеті, білімі мен ой-санасы тым төмен. Осыны да ескерейік.

  2. Арман

    Сол орысша сайрайтындардың дені қазақтар.

  3. Шыңғыс

    Көлік басқарамасының басшылығы жүргізушілер мен кондукторларға қатаң талап қойса, келеңсіздікті жоюға болар еді. Демек, көлік басқармасының басшылығы да орыстілді.

  4. Ернат

    Қазір қазақ кондукторлар орысша атаудағы көшелерді «қазақшалап» айтатынды шығарды. Мысалы Гагарин көшесін Ғағарин, Кировты Қиров деп айтады. Масқара…

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.