«…Мұқым қазақ баласы, тегіс ақыл сұрапты»

Абайдың Абай болуына әкесі Құнанбайдың тигізген ықпал-әсері аз емес. Абай үлкен ұлы Әбдірахман өмірден озғанда өзіне айтқан жұбату өлеңінде Құнанбай туралы былай деп жырлаған:
…Мұқым қазақ баласы,
Тегіс ақыл сұрапты.
Тобықтыны ел қылып,
Басын жиып құрапты.
Меккеде уақып үй салып,
Пәтер қып, жаққан шырақты.
Бір құдайдың жолына
Малды аямай бұлапты.
Ажал уақыты жеткен соң,
Соның да гүлі қурапты.
Қажыны алған бұл өлім,
Сабыр қылсақ керек-ті.
Бұл өлеңнен Абайдың өз әкесіне деген құрметінің ерекше болғаны айқын көрініп тұр. Кейбіреулер Абай мен Құнанбайдың арасында түсінбеушіліктер көп болған деседі. Бірақ ол шындыққа сай келмейді. Өйткені Абай әкесін өмір бойы қастерлеп, құрмет тұтып өткен. Құнанбай болмаса Абай Абай болар ма еді, болмас па еді. Мұны кесіп айту қиын. Бірақ Абайдың ұлылығын Құнанбай қажысыз елестету тіпті мүмкін емес. Заманының кесек тұлғасы, ел билеуші қайраткер, салты мен дініне берік, көсем де шешен, өзгелерден оқ бойы озық туған Құнанбай қажының өмірлік өнегесінің бүгінгі ұрпақтарға да беретін тағылымы аз емес.
Жалпы мағлұмат үшін айта кетейін, 2002 жылы шыққан «Абыралы Сарыарқаның кіндігі» атты кітабым бар. Сол еңбегімде мен Абай туралы нақты мұрағат деректерін келтірген едім. Мен өз еңбектерімде тек мұрағат деректеріне сүйенемін. Мұрағат материалдарының бір жолын қалдырмай толығымен көшіремін десем, артық айтқа­ным емес. Соның арқасында Абай (2002-2005 жж.) және Құнанбай (2005ж.) туралы құнды деректер таптым. Енді мен қолда бар тарихи деректеріме сүйене отырып, Құнанбай мен Абай туралы өз білгенімнен оқырманды хабардар етейін.

Биыл М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы «Абай» қойылымы сахналанды. Мамыр айының 2-сі күні аталған қойылымды көріп, тамашалау үшін театрға бардым. Артистер өз рөлдерін өте жақсы орындап шықты. Бірақ айтайын деген ойым бұл емес. Барлық мәселе «Абай» қойылымының режиссерлік шешіміне қатысты болып отыр. Себебі онда Абай атамыздың шынайы өмірдегі бейнесін көрсетудегі кейбір әттеген-ай дейтін тұстары қолыма қалам алдырды.

Аталған қойылымда Абай Құнанбайды айтыс-тартыстың кеселінен күйзелткен болып суреттелген. Ал бірақ Абай өз өмірінде әкесін күйзелткен емес. Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов те «Абай жолы» эпопеясында Құнанбай мен Абайды бір-біріне қарсы қойып айтыстырмаған. Жазушы бар болғаны әке мен баланың арасындағы рухани байланысты бір-бірімен ақыл-ой алмасу, сыр шертісу арқылы суреттеген. Мысалы, Құнанбай өз ойын баласы Абайға ақыл ретінде айтса, Абай әкесіне көңілге түйгендерін жеткізген. Сондықтан екі тұлғаның арасында сөз таластыру, айтысу болмаған.
Театрға келген студенттер үзіліс кезінде менен: «Ата, айтыңызшы, сахнадан көрсетіліп жатқан оқиғалардың бәрі бірдей рас па?» деп сұрады. Мен олардың қойған сауалдарына «Қарақтарым, оның кейбір тұстары режиссердің қиялынан туындаған болар. Ал шын өмірде Абай мен Құнанбай айтысқан емес. Абайды терең танып, білгілерің келсе, өлеңдерін оқыңдар, қара сөздеріне ден қойыңдар, «Абай жолын» оқыңдар. Ал тарихи деректермен, құжаттармен таныс болғыларың келсе, Алматыдағы мемлекеттік мұрағатқа барыңдар. Сол жерден Абайдың өміріне қатысты көп деректер табасыңдар»  деп өзімше бағыт-бағдар бердім.
Жалпы мағлұмат үшін айта кетейін, 2002 жылы шыққан «Абыралы Сарыарқаның кіндігі» атты кітабым бар. Сол еңбегімде мен Абай туралы нақты мұрағат деректерін келтірген едім. Мен өз еңбектерімде тек мұрағат деректеріне сүйенемін. Мұрағат материалдарының бір жолын қалдырмай толығымен көшіремін десем, артық айтқа­ным емес. Соның арқасында Абай (2002-2005 жж.) және Құнанбай  (2005ж.) туралы құнды деректер таптым. Енді мен қолда бар тарихи деректеріме сүйене отырып, Құнанбай мен Абай туралы өз білгенімнен оқырманды хабардар етейін.
Мен мұрағаттағы деректерге тоқтамас бұрын айтарым, Абайдың өмірі үнемі қайғы-қасіреттен тұрмаған, оның да өмірінде қызықты да тамаша кездері көп болған. Мысалы, Абайдың медреседе оқу оқып, білім нәрінен сусындаған кезін қалай қасіретке жатқызуға болады? Ал Абайдың өз маңына қабілетті ұлдарын, ағайындарын жинап, өлең шығаруға баулыған, тәрбиелеген кез­дерін қалайша қызықсыз еді деп айтамыз?
Абай атамызды ұлы деп бағалағаны­мызбен ол да ет пен сүйектен жаралған адам, өмірдің қызығы мен қуанышын қызықтай білген, шын қуанып, мейірленген.
Абайдың ақындық өмірінде ерекше орын алған, өлең жазудың әліппесін ал­ғаш үйреткен адам ол Дәметкен шеше. Дәметкен бұрынғы Абыралы ауданының Дегелең тауының баурайында дүниеге келген (руы Арғын-Қаракесек-Байбөрі-Кедей). Атақты Алдаберген болыстың қызы, даңқты ақын Шәкәрімнің шешесі. Мен бұл туралы қазақтың белгілі жазушысы Сапарғали Бегалиннен естідім. Сонымен қатар Сапарғали Бегалиннің немерелес інісі, академик Рымғали Нұрғалидің әкесі Нұрғали ағамыздан да естідім.
Абай:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз, – деген өлеңін Дәметкеннің ақылымен шығарған болар деп топшылаймын.
Міне, осындай ақылға тұнып тұрған жыр жолдарын шығарған адамның барлық өмірін қалайша тек уайым-қайғымен болды деп санаймыз? Бұл орайда «Абай» қойылымын тура осы өлеңнен бастап, ондағы мол ақыл-ойды дәріптеп, ақынның жастық шағының бір көрінісі ретінде көрсетуге болмас па еді? Сонымен қатар Абайдың Семей қаласындағы медреседе оқып, қаладағы кітапханадан дүниежүзі әдебиетінің небір жауһарларымен танысқан кездерін де қамтып жіберуге болушы еді. Себебі Абайдың әрбір өлеңінде өз өмірі туралы қаншама тағылым, үлгі-өнеге бар. Солардың бәрін орнымен қолданып, қойылымның күллі желісінде пайдалануға болар еді. Бұл менің жеке пікірім.
Енді тұжырымдарымыз нанымды болу үшін Алматы мемлекеттік мұрағатынан табылған орыс тіліндегі мына бір хатты ұсынайын:
«Алматы мемлекеттік архиві қор 64 тізім 1 іс 938.
Семей әскери Губернаторы 1903 ж. 23 сентябрь
Құпия
Господину Степному
Генерал-Губернатору
На предложенный от 1 августа сего года за №124 имею честь представить Вашему Высокопревосходительству, что Киргиз-чингизской волости Ибрагимъ Кунанбаевъ имеет от роду 60 летъ, женат на 3-х женах: от которых имеет 20 человекъ детей; обладает сравнительно большим состоянием (около 1000 лошадей и 2000 баранов). Кунанбаев человек весьма развитой и умный».
Міне, осы аталған деректерді ешкім ескермей келеді. Абай  атамыздың осы бір үш дерегін (60 жыл, 18 жыл – би-болыс, 20 баласын), ешкім зерттеген жоқ. Мен бұл хатты 12 жыл бұрын жария еттім. Бірақ бұған ешкім мән бермей келеді. Мұрағаттағы хат мәтінімен танысуды әрі қарай жалғастырайық.
Он служил два трехлетия біемъ, три трехлетия управителем Чингизской волости, а за темъ, по назначеннію от Правительства, прослужилъ три года управителем Мукурской волости. Служба Кунанбаева отличалась разумным управлением исполнительностью, энергией, преданностью (Хат иесі Абай атамыздың ерекше ақылдылығын, оқымыстылығын мойындап отыр)  Правительству и отсутствиемъ фанатизма. Один из сыновей Кунанбаева по окончаніи курса Михайловского Артиллерийского училища былъ произведенъ в офицеры в будучи на службе, умеръ в Туркестанском округе (Бұл айтып отырғаны Абайдың үлкен ұлы Әбдірахман ғой. Ол өмірден жас кетті. Егер тірі болса, екінші Шоқан болар ма еді) Ныне замужняя дочь Кунанбаева окончила курсъ наукъ въ киргизском интернате, все остальные дети его пишут и читают по русски. Грамоте обучал их отецъ. Кунанбаев весьма интересуется русской литературой, выписывает книги, газеты и журналы.
(Хат иесі қаладан 200 шақырым жердегі қазақтың сауаттылығын мойындап отыр).
Въ прежнее время он пользовался громаднымъ влиянием среди инородческого населения степи, но в настоящее время вліяние его далеко не то. Он постарелъ, отяжелелъ, вовсе не вмешивается въ киргизские дела, он не принимает на себя руководительство в партіяхъ, хотя главари их часто обращаются к нему за советомъ. Въ разговорах и сужденияхъ своих съ лицами местной администрации Кунанбаев обнаруживает полное понимание государственных интересов и правильные взгляды на культурную миссію нашего Отечества въ Азиатскихъ владенияхъ.
Бұл тарихи жазбалардан Абайдың халық арасындағы абыройының өте жоғары бол­ғандығын көреміз және бұған патша жен­дет­тері ешқандай шәк келтірмейді. Хат маз­мұнынан оның соңында 40 жыл бойы тың­­шылар жүргеніне де көз жеткіземіз. Абай Әбдірахман,  Мағауия сынды ержеткен ұлдарынан ерте айрылды, жақсы көретін аяу­лы інісі Оспанның да өмірі ерте үзілді. Бұдан артық қандай қайғы керек?
Он с негодованием осуждает попытки мусульманъ фанатиков противодействовать Правительтсву въ его стремленияхъ. Искренность высказываемого имъ убеждения, полагаю достаточно доказывается по поведению.
Эти данные указывают, что Кунанбаев въ политическомъ отношеніи не внушает никакихъ опасений, и должен быть причислен къ числу лиц, вполне благонадежныхъ.
Отъ Генерального штаба
Генералъ-Майоръ Галкин –
чиновник особых поручений
(подпись)
Біраз жылдар өткен соң Галкин Семей­дің әскери Генерал-Губернаторы болып тағайындалды.
Бұл хат Абай өміріне қатысты тың деректерге толы. Алға қарай «Абай»  қойы­лымының режиссері осы хаттағы деректерді негізге алса көрерменге ұсыныл­ған қойылым келешек ұрпақтар үшін де тәрбиелік маңызы ерекше шығармаға айналар еді.
Менің хатта жазылған деректерге сенбеуге лажым жоқ. Өйткені Абай атамыздың соңында басқан ізін аңдыған тыңшылар болған. Ал олар нақты дерек пен дәйекті ғана хатқа түсіретіні белгілі.
Хаттан байқалып отырған бірінші жаңалық ол Абайдың 1843 жылы туғандығы және оның 20 баласы болғандығы. Олар кімдер? Семейдегі Абай мұражайының ма­ман­дары Абайдың 12 баласының атын атай­ды. Ал қалғаны кімдер? Ол жағы бізге белгісіз. 18 жыл би-болыс болып қызмет атқарған Абай осы жылдарда елге, халыққа өте көп жақсылық жасаған. Меніңше, қойы­лымда ақын өмірінің осы бір кезеңін де жан-жақты қамтуға болушы еді.
Екіншіден, Абайдың оқыған қызы да болған. Ол кім? Бұл жөнінде әзірше ешкім де айта алмай келеді. Ол заманда оқыған қазақ қыздары онша көп бола қойған жоқ. Сонда Абай өзінің оқыған қызын неге мадақтамады екен? Бұл деректі де сахналық туындыға ыңғайын тауып кіргізуге болар ма еді деп ойлаймын.
Абай да кезінде жас болған. Махаббатқа толы ғашықтық күндерді бір кісідей басынан өткізген адам. Ал неліктен қойылымдағы Абай бейне бір махаббатсыз ғұмыр кешкендей, өмірі тек қайғы-қасіреттен ғана тұр­ғандай көрсетілген? Ол «үнемі уайым-қайғымен бол демеймін» деп өзі де жазған.  Сондықтан Абайдың өмірі тек уайым-қай­ғыдан, қасіреттен тұрмаған. Қызық­шы­лық кездері де болған.
Қойылымға Абайдың махаббат, ғашық­тық сезімдері туралы өлеңдерін, әндерін, Пушкин, Лермонтов, Крыловтан аударған шығармаларын, «Қара сөзін», «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесін» арқау етуге де болатын еді? Бұлар, өкінішке орай, оның мазмұнында көрініс таппаған.
Жалпы, Абай атамызды жете білу үшін ақынның өмірдерегімен, өлеңдерімен толық таныс болу керек.
Енді Абайдың әкесі Құнанбай туралы деректерге кеңірек тоқталайын.
Құнанбай атамыз Абайдың тоғыз жасында (1852 ж.) қамауға алынады. Ол Қарқаралы түрмесінде 3 ай, Омбы түрмесінде 9 ай отырған. Бұған себеп болғаны Құнанбай аға сұлтан болып сайланғанда өз орнына болыстыққа көкше Бөкей биді сайламай, өзінің туған інісі Майбасарды сайлаған, Майбасар қызметіне кірісе сала көкшелерді аяусыз жазалаған, оны Құнанбай да қолдап, үстінен түскен арыздарды жауып тастап отырған деген сияқты айыптар тағылған.
Ал енді Құнанбайды Омбы түрмесінен шығарған кімдер екенін көпшілік-қауым біле қоймайды.
Құнанбайдың інісі Майбасармен жаулас­қан би-болыстар, нақты айтқанда Қоңыр-Көкше-Тобықты руының екі биі «Құнанбай кінәлі емес. Оны кепілдікке шығаруыңызды сұраймыз» деп Омбыға хат жазыпты. Ол хат ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың қолы­нан өтіп, сол ағамыздың өзі кепілдеме беріп түрмеден шығарып алғанын көп адам біле бермейді. Тіпті Абайтану ғылымымен шұғылд­анатын атақты ғалымдардың өздері де бұл оқиғаны біле қоймайды. Міне, бұл жайт қойылымға енгізуге сұранып тұрған тақырып емес пе?
Құнанбайды тергеу жұмысы 12 жылға созылған. Ол еліне қызмет ететін осынау қымбат жылдарын үй қамағында өткізді. 12 жыл бойы ешқайда шығуға құқығы болмады. Ешқандай қызмет те атқара алмады. Тергеудің соншама ұзаққа созылуына себеп болғаны ол: «Тобықты болыстарын Қарқаралы округінен Семей округіне бағындырды. Сөйтіп, 6 жыл тергеу уақыты өткен соң бұл болысты «Аякөз» округіне қаратады. Онда үш жыл тексереді. Одан қайтадан болысты Қарқаралы округіне бағындырады. Сонымен 12 жыл өткен соң 1865 жылдары губернатор істі қысқарту жөнінде жарлық берді».
Міне, осы 12 жылдағы Құнанбайдың көрген азабын жеке бір қойылымның тақы­рыбы етуге болатындай. Бұл кезде Абайдың жасы 22-ге толып, алғашқы би-болыс сайлауларына түсе бастайды. Осындай тарихи фактілер шығарманы сахналаушы режис­серлердің назарынан тыс қалғаны өкінішті.
Сонымен қатар қойылымда Абай мен Тәттімбеттің туыстық қарым-қатынасы туралы айтылмайды. Олай дейтін себебім, Абайдың тұңғыш жары Қазыбек бидің немересі Алшынбайдың ұлы Жүсіптің қызы екенін де халық біле қоймайды. Сол жағынан Тәттімбет Абайға қайнаға болып шығады. Құнанбайдың аға сұлтан болып сайлануына себепші болған да осы ұлы күйші Тәттімбет.
Бұл екеуі кездескен кезде ойын-сауық құрып, әсем әндер мен тамылжыған күйлер орындалмады деп кім айта алады? Осы де­рек­терді қамти отырып, Тәттімбеттің «Саржайлау», «Сылқылдақ» сынды күйлерін сахнадан бір төгілтсе, көрермендердің де көңілі бір серпіліп қалмай ма дегенім ғой.
Ал енді Абайдың бірінші жарын ел-жұрт Ділдә деп атаған. Шындығына келгенде ол апамыздың аты «Тілді» екен. Бүгінгі жазушылар әртүрлі себептермен Тілді апамызды Абай атамыздан 3-5 жас үлкен екен деп айтып жүр. Ал менің мұрағаттан тапқан дере­гімде Тілді (Ділдә) апамыз, керісінше, Абайдан 5 жас кіші екені жазылған (Тілді 1848 ж. туған).
«Абай» пьесасын сахналаушыларға айтарым, Абай атамыздың жарын сахнадан бейнелейтін болсаңыздар, Қазыбек бабамыздың ұрпағымен байланыстыра аласыздар. Сонда көптеген тарихи тұлғаларды да қатыстыруға болар еді. Соның бірі Абай­дың балдызы Мәди атамыздың осы ауылға келіп талай ән шырқағанын, сөйтіп, Абай мен оның достарының көңіл хошын көтерген тамаша сәттерін көз алдымызға елестетер едік.
Абайдың шығармашылығының ең бір шарықтап, қабілетінің молынан ашылған кезі 30 бен 40 жастың арасында Омбы гу­бер­наторының сұрауымен Қоңыр-Көк­ше-То­бықтының болысы болған шағы еді. Ақынның көптеген өлеңдері дәл осы ша­ғында дүниеге келген болар деп ойлаймын.
1876 жыл мен 1885 жыл арасында Абайдың әділеттілігін ұнатпаған, өз істерінде тосқауылға тап болған қарақшылар, барымташылар Абайға жала жауып, Омбыға губернаторының атына бірнеше рет арыз жазып, телеграмма салып тексерушілер шақыртқан. Бұл жылдары бірінің артынан бірі келген тексеру комиссиясы Абайдың аяқ-қолын байлап, матап тастады.
Сыртынан арыз жазған жалақорлардың кеселінен Абай да әкесі Құнанбай сияқты 8 жыл қызметтен аластатылды. Әке мен баланың тағдыры бұл жағынан біріне-бірі ұқсас болды. Абай арыз жазушы Бурабаевтың өзіне қарсы жүргізген қитұрқы әрекетінен қаншама әуре-сарсаңға түсті.
Абай басына қара бұлт үйірілген 8 жылда, яғни шығармашылығының шарықтаған кезеңінде өз елінің арам ниеттілерінің әсерінен түрлі тергеу мен тексеруді басынан өткізуге мәжбүр болды. Осы тексеру кезінде Бурабаев 100-ге тарта адамды куәлікке тартқан. Бірақ барлығы: «Бізге Абай еш жамандық жасаған жоқ. Бурабаевтыкі өтірік» деп жауап беріпті. Тіпті Абайдың ешбір әсер етуінсіз 600-700 адамнан жауап алыныпты. Барлығы да: «Абай адамгершілігі мол азамат. Нағыз әділетті адам. Ол барымташыларға жол бермеді. Бұл хаттарды ұйымдастырған солар» деп жауап берген екен.
Енді осы мәліметтерді мұрағат дерегіне сүйене отырып тарқатайын.
Омск. 16.01.1883г.   116 слов показано
16 часов 11 минут 50 секунд
                                        Телеграмма
Мы имели искъ съ Муруновкевъ 160 лошадей, что известно Г.Тихонову – бывшему приставу. Ждем положительно решить чрезвычайнымъ съ здесъ инициативой Ибрагима Кунанбаева взятку 500 рублей, удовлетворения не получили. Четыре дня тому назад Ибрагимъ управитель Дутбай, страченикъ Измайлов съ 40 человек напали на наш аулъ, отбили 40 лошадей, стреляя из ружей. Женщины жаловались уездному начальнику, их избили. Ибрагимъ еще отнял 5 верблюдов. Безвинно арестованы Дюсенъ Мынжасаров, Чорманъ Тулемисовъ. Скот Муруновцы угоняютъ. Всему есть свидетели. Защитите безвинно притесняемыхъ, возвратите захваченный скотъ, освободивъ арестованныхъ.
Нельзя ли командировать для следствия Вашего чиновника. Ибо Ибрагимъ человек сильный, известный Вам, что хочетъ все сделать, даже лишить жизни. Ожидаем сегодня ответа. Мукурские киргизы Джеилъ Исбай Уркумбаев, Абланбай Чилибаев.
Бұл құжаттан көріп отырғанымыздай, қарақшылар мен барымташылар Абайға қар­сы телеграмма ұйымдастырған, Абайды елді қанаушы адам ретінде көрсеткен.
Сан түрлі арыздарды бірінің соңынан бірін жолдағанын төмендегі хатқа қарап білеміз.
Фонд 64 опись 1 дело 1430 (Алматы мемлекеттік мұрағатты).
Доклад.
Канцелярія Степного Генералъ-губернатора
от 21 июля 1885 года, г.Омскъ.
«О прекращении следствія над Волостнымъ управителемъ Кунанбаевым и Ауыльнымъ старшиной Аюбаевым и
преданы суду киргиз Бурабаева за ложный доносъ».
(лист 43) Военный Губернаторъ Семипалатинской области представилъ на благоусмотреніе Вашего Превосходительства копію съ журнального постановленія Семипалатинского областного Правленія, состоявшегося 8 октября 1881 года, по жалобам киргиза Узукбалая Бурабаева на противозаконныя действия бывших: Управителя Конуръ-Кокчк-Тобуклинской волости Ибрагима Кунанбаева и ауыльного старшины Аюбаева, возникшим из-за сенокосной местности: Изъ означенного журнала видно, что Семипалатинский Уездный судья при донесении от 31 августа 1884 года 3а №276, представилъ в Областное Правленіе на прекращеніе следственного дела по приведеннымъ жалобам.
Обстоятельства дела: Киргиз Семипалатинского уезда, Конуръ-Кокче-Тобуклинской волости Узукпай Бурабаевъ, въ поданной Генерал-Губернатору в январе 1878 г. просьбе объявил, что претерпевшая отъ управителя означенной волости Ибрагима Кунанбаева разныя обиды и разоренія. Он подавалъ 21 сентября 1876 года Семипалатинскому Уезному Начальнику Прошенія, съ жалобой на Кунанбаева и Аюбаева и просилъ его о разборе сего дела и законным удовлетвореніи.
Бұл «Заңды шешім қабылдаса деп» жазық­сыз адамша шағымдануда. Олар әдейілеп үгіттеп дайындаған қарақшы-куәларға сеніп отырғаны белгілі. Бірақ олар сенімді болмай шықты. Еріксіз Абайды қолдады.
Объ эти просьбы, какъ подлежащія разбору Народного суда, уездный начальникъ отослалъ  къ Управителю волости Кунанбаеву на рапоряженіе, Буранбаевъ же может ожидать правосудія, если дело это будетъ разобрано біями Конур-Кокче-Тобуклинской волости во 1-х, потому, что Ибрагимъ Кунанбаевъ веденія Кучукъ-Тобуклинской волости, во 2-х, Ибрагимъ Кунанбаевъ управляя Конур-Кокче-Тобуклинской волостью, не редко отбираетъ отъ старшинъ и біевъ должностные печати, составляя приговоры решения и прикладываетъ къ онымъ печати, без ведома старшинъ и біевъ.
Бұл да тап-таза өтірік екенін куәлары мойындады.
Во всемъ этом говорить Бурабаевъ, способствуетъ Кунанбаеву родственникъ его старшины, №9 аула Муса Аюбаевъ, которым крайне не доволенъ не только самъ онъ, но и все общество  Конур-Кокче-Тобуклинской волости, что проситель подтверждаетъ удостоверениемъ пятидесятниковъ, писаниемъ на татарском языке. Далее, въ доказательство справедливостьи своихъ словъ Бурабаевъ, приводитъ имена многих киргизовъ, действияхъ бывших управителя Кунанбаева и аульного старшины Аюбаева, а равно приводитъ имена техъ лицъ, от которых Кунанбаевъ и Аюбаевъ получили подарки, каковыхъ Бурабаевъ насчитываетъ при каждом съезде собираетъ съ общества по 140 барановъ, всего же въ 6 съездов собрано имъ 840 барановъ.
По изложеніи этих поступковъ Кунанбаева и Аюбаева, Бурабаевъ просил распо­ряженія Генералъ-губернатора Запад­ной Си­бири произвести формальное след­ствіе. Просьба эта была препровождена к Г.Воен­ному Губернатору Семипалатинской области, для доставленія подробных сведеній по ея содержанію.
Осындай жаладан кейін Омбы Губернаторы мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін бұл істі Семей әскери (соғыс) Губернаторға тексеруді тапсырыпты. Мұндай сұмдық жа­ланы тексеру де оңай емес-ті. Бірақ тексерушілер адал мамандар болған екен.
Военный Губернаторъ поручилъ (лист 45) произвести дознаніе Семипалатинскому уезному начальнику, которое было представлено Губернаторомъ въ Главное управленіе Западной Сибири. Спрошенные при дознаніи 37 свидетелей, на которых ссылается Бурабаевъ, показали, что все объясняемое въ жалобе Бурабаева несправедливо и они против Управителя и старшины ничего противозаконного показать не могутъ. Кроме того, было опрошено еще 600-700 киргизовъ разныхъ старшиновъ, но и они показали, что старшинный Аюбаевъ и Управителемъ Кунанбаевымъ довольны и ничего дурного за ними не замечали.
Міне, осылайша сегіз жылға созылған іс қаншама адамды әуреге түсіргенін көріп отырмыз.
Семипалатинский уездный начальникъ, съ представлениіемъ дознанія, донесъ Губернатору, что въ Конуръ-Кокче-Тобуклинской волости почти ни один Управитель не могъ благополучно выслужить ни одно 3-х летіе, а почти все они были предаваемы суду по интригамъ состоятельныхъ и влиятельныхъ киргизовъ, желающихъ быть управителями или находящихся въ вражде съ выбраннымъ управителемъ.
Жалақор адамдардың ұстаған теріс пиғылы мен ниетіне қарамастан Абай ата­мыз шын мәнінде таза, әділеттілікті жақ­тайтын ұлы азамат болған.
Бывший уездный начальникъ Измайлов во избежаніе этих неурядиц, предложил обществу  Конуръ-Кокче-Тобуклинской волости избрать въ Управители человека посторонней волости, а именно Ибрагима Кунанбаева известного, какъ ему, такъ и всемъ знавшимъ его за человека крайне распорядительного, умного и честного.
Орыстың басшылары да Абайдың ұлылы­ғына көз жеткізіп, тани білген.
Общество единогласно выбрало Управителя Кунанбаева, вполне оправдавшего рекомендацію уездного начальника. Почти за все время управленія Кунанбаева (в течение 2,5 летъ) волость отличалась большимъ порядкомъ тогда какъ прежде в ней (лист 46) происходили чуть не ежедневныя баранты, и частыя убійства. Настоящая же причины жалобы Бурабаева по мненію уезднаго начальника, объясняется темъ, что въ волости образовалась партія, которая, желая видеть управителя своего приближенного, подучала Бурабаева подать просьбу на Кунанбаева, надеясь, что Кунанбаевъ попадетъ под суд и такимъ образомъ будетъ лишен возможности баллотироваться на будущее, 3-х летиіе, но не видя поддержки в обществе отказался от дальнейшей интриги.
Міне, көріп отырсыздар, Абай барымта деген пәлеге қарсы жан-тәнімен күрескен. Тағы да Абайдың әділеттігін баса айтыпты. Өлеңдерінің біразы болыс болған күндерін суреттейтін болуы мүмкін.
Затемъ, 15 декабря 1877 года Бурабаевъ вновь обратился къ Генералъ-губернатору Западной Сибири съ просьбой, в которой объяснилъ, что после производства Семипалатинскимъ уезднымъ начальникомъ доз­нанія по его жалобамъ Кунанбаев и Аюбаев просили его примириться съ нимъ, но потом больше стали стеснять его и угрожать лишениемъ жизни.  При этомъ Бурабаевъ присовокупилъ, что бывшій Управитель Кунанбаевъ в сентябре 1876 года при смене съ должности, вместе съ Аюбаевымъ допустилъ новыя злоупотребленія, взявъ съ общества въ свою пользу 30 лошадей, 300 рублей деньгами, одного верблюда и 300 баранов. Въ доказательство справедливости своего обвиненія онъ ссылается на многихъ свидетелей, которых просилъ допросить под присягой.
Бурабаев арызды үсті-үстіне жазып, оған ешкім жаза қолданбайды деген пікірде болды. Енді оны орынсыз жабылған жаласы мен өтірігі үшін жазалаймыз дегенде ол: «Мен біреулердің сұрауымен арыз жаздым» деп мойындады. Одан кейін тағы да арыз жазды. Сөйтіп, Абайдың жігерін  құм еткісі келді.
Советъ Главного управленія въ виду вновь вводимыхъ Бурабаевымъ обвиненіи на Кунанбаева и Аюбаева, журналомъ своимъ, от 17 марта 1878 года за №17, определилъ произведенное уезднымъ начальникомъ по делу Бурабаева дознаніе, вместе съ поданными Бурабаевым господину Генерал-Губернатору прошеніями, препроводить Военному Губернатору области, съ просьбой сделать распоряженіе и производстве по настоящему делу формального следствія.
27 апреля 1883 года Бурабаевъ въ прошеніи на имя следователя Новоселова (у которого находилось в производстве это дело) заявилъ, что все объясненія его противъ Кунанбаева суть вымышленныя, а потому просилъ след­ствіе продтвержденіе этого прошенія и войти с представлениемъ о прекращеніи этого дела, при чемъ, присовокупилъ, что он лично никогда ничего не имелъ против Кунанбаева, но жаловался на него по просьбе лицъ недовольныхъ ими за строгое преследованія баранты и конокрадства.
31 августа 1884 года за №276 по этому делу следствіе прекратить и Кунанбаева съ Аюбаевым к ответственности не привлекать.
Абайды, Абайға жақтас болған адамдарды сегіз жыл бойы әуре-сарсаңға түсірген Бурабаев енді тағы да арыздарының жалған екенін мойындады. Кімдер жазғызғанын да жасырып қала алмады.
Қорыта айтқанда, бұл тарихи деректерден біз Абайдың өмірі әкесімен айтысып, үнемі уайым-қайғымен өткенін емес, әділеттілік үшін күрес жолында өткенін көреміз.
Дұшпандары жала жапса да, 8 жыл қорлық көрсетсе де, Абай қажымай, талмай өз ісінің адал екендігін дәлелдеп шыққан. Соғыс Губернаторының штаб бастығы мойындағандай, Абай ешбір әсірелеусіз, шын мәнінде, қазақ халқының маңдайына біткен бақыт жұлдызы еді.
Абай атамыздың өмірбаянынан ойып тұрып орын алатын бір ғажап дүние, ол – үлкен соққыдан кейін шаршамай, қажымай, тұңғыш қазақ заңын қабылдау ко­миссиясының төрағасы болғандығы. Қазақ жерінде тұңғыш заң ережесі Шар болы­сында 1885 жылы май айында төтенше съезде қабылданыпты. Осы съезді Абай Құнанбаев басқарып, қазақ даласында әр­түр­лі әдет-ғұрыптармен байланыстырып ере­желер белгілепті. Оған Абыралы болысынан Атагозин, ал жалпы Қарқаралы уезінен (болыстары аталған) 12 адам қол қойыпты. Ақбота болысы ол кезде Семей уезіне қарапты. Бұл уезден Бектоғай Жотабаев (Ботабаев) деген адам  қол қойыпты. Аталған ереже 74 баптан тұрады.  Бұл құ­жатта Қарамолда емес, Шар съезді деп атаған (Алматы мемлекеттік мұрағатының дерегі бойынша).
Сөз соңында айтарым, әрине, режиссер­лік қиял деген болады. Бірақ ол шындықтан аулақ болмауы тиіс. Батыс мәдениетіне елік­теу де керек шығар, бірақ ол қазақ халқына тән емес. Өйткені біз мұсылманша тәрбие алған жандармыз.
Абай атамыз, шын мәнінде, әділеттілік бейнесін бұрмалауға болмайтын дана, көсем тұлға. Олай болса, «Абай» қойлымын сахналаушы азаматтар қойылымды тың деректермен байытып, толықтыра түседі деп ойлаймын.
Болатбек Нәсенов,
тарих ғылымдарының докторы,
экономика ғылымдарының кандидаты,
құрметті профессоры,
28 том энциклопедиялық казақ халқының тарихы туралы кітаптардың авторы,
мұрағатшы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.