Терминжасам: Ұсыныс. Пікір.

Қадірлі оқырман қауым!
Терминжасам – бүкіл халыққа ортақ іс. Заман озған сайын терминология саласы да жаңа сөздермен толыға түсуде. Бұл қазақ тіліндегі терминдерді біріздендіріп, жүйелеп отыруды қажет етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы негізінде Педагогикалық ғылымдар академиясы 30 томдық салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасын дайындау үстінде. Бұл жұмысты атқаруға еліміздің 400-ден аса сала мамандары мен ғалымдары атсалысуда. Төменде ұсынылып отырған терминдер сол жұмыстардың бір парасы. Сондықтан халықтық маңызы бар міндетті жүзеге асыруға «Ана тілі» газеті оқырмандарының да атсалысқанын жөн көріп отырмыз. Олай болса, төменде ұсынылған терминдермен таныса отырып, өздеріңіздің ұсыныс-пікірлеріңізді Педагогикалық ғылымдар академиясының apnkaz@mail.ru электрондық поштасы және «Ана тілі» газетінің ғаламтордағы
www.anatili.kazgazeta.kz сайты арқылы ұсынуға болады.
Termin30
Termin30-1
Termin30-2

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

3 Пікір

  1. Марал

    Расстояние сөзін мерзімді ұзарту деп беріпті. Онша келіңкіремей тұрған сияқты.

  2. Саке

    №7. Перераспределение денежных ресурсов — ақша ресурстарын қайта үлестіру. Бөлу — «деление». кей сөз тіркестерінде «распределение» сөзін үлестіру деген дұрыс.
    №18. Плод -жеміс. Өсім сөзңн пайдалану қажет емес. Бір жағынан нақты бір сөз жеткілікті. Екіншіден өсім — «рост» (мөлшерлік емес сапалық тұрғыдан).
    №29.»Подлинник» сөзі іздестіру деп беріліпті, шатасқан болуы керек.
    Қазақша түпнұсқа.
    №33. Показание — көрсетілім. Ал «дать показание в суде», «показание счетчика» сөз тіркестерінде қалай болады.
    №38 Поощрение -көтермелеу. «Получить поощрение» қалай аударылады сонда. Синонимдері неге келтірілмеген. Марапат,мадақ т.б.
    №46. Поставка. Жеткізілім сөзінің қажеті жоқ. Көрсетілім, жеткізілім, өткізілім деп кете беретін сөздер кез-келген қазақша сөйлемді бұзады.
    №50. Потеря -жоғалту ғана ма? «Потеря зрения», «потеря мяча», «потеря воды», «потеря веса» тағысын тағылар қалай аударылады?
    №68. Принцип. Қағида. «В принципе» қалай аударылады. Ұстаным, көзқарас.
    №82. Продукт. Азық-түлік — «продукты питания». Өніммен қатар, нәтижелік ұғымдағы басқа да сөздер.
    Жалпы, айтылғандар жаңадан ойлап табылған сөздер емес, бұрыннан қазқ тілінде бар. Сөздіктерді қарау керек.
    Әрине салалық сөздіктердің ерекшелігі бар, бірақ қай салада болсын өзгермейтін сөздер сирек.

  3. Аноним

    погрешность — техника саласында дәлсіздікті, сәл-пәл ауытқуды да білдіреді
    рассрочканы — бөліп төлеу деп жүрген емеспіз бе?
    растояние — қашықтық деп жүр едік, енді оны мерзім дейік, «погрешность» кетіп қалған шығар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.