Айтыс арқауы – туған ел

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында жастар саясаты орталығы және «Патриоттық бастама» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Елді жырлаймын…» атты облыстық жас ақындар айтысы  өтті.   Айтысқа облыстың әр түкпірінен  8 ақын қатысып, бағын сынады.
Әділқазылар алқасына белгілі қаламгер Әзірбайжан Қонарбаев төрағалық етсе, ақындар Нұргүл Маулина, Арғын Бисенов, Бірғали Байекеев, Бегалы Қуанбаевтар әділқазылар мүшесі болды.
Соңғы ­айналымда ­Жанар ­Айла­шо­ва мен Абай Жолма­ғанбетов, ­Райымбек Түзелов пен ­Алтын­бек  Сүйінбекұлы додаға түсіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Айтыс соңында әділқазылар алқасы  жинаған ұпай саны, сондай-ақ  айтылған ой орамдары мен  сөз саптауларына сүйене отырып,  Маңғыстау аудандық жастар сая­саты орталығы бірінші орынға тіккен 120 мың теңгені Маңғыстау ауданынан  келген студент ақын Алтынбек Сүйінбекұлына  табыстады. «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы атынан 100  мың теңге екінші орын алған  бейнеулік ақын ­Жанар Айлашоваға, ал үшінші орын «Патриоттық бастама» қоғамдық қоры  ұсынған әрқайсысы 70 мың теңгелік сый бейнеулік Райымбек Түзелов пен жаңаөзендік Абай Жолмағанбетовке берілді. Қалған айтыскерлердің әрқайсысына 30 мың теңгеден сыйақы берілді.

Алдаш Шоңай
Маңғыстау облысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.