«Ана тілі» – ел тұтастығының дәнекері

Жамал МАНКЕЕВА, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының лексикология бөлімінің меңгерушісі, филология  ғылымдарының докторы, профессор

– Газетіміздің тұрақты оқырманы ретінде қандай пікір білдіресіз?
– Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне сәйкес мәнінің қоғамда жан-жақты танылуына көмектесіп, қызмет етуге тиіс басылым, коммуникативтік-ақпараттық құрал ретінде «Ана тілі» газеті жарық көрген болатын. Сол уақыттан бері аталмыш басылым осы мақсат-мүдде үдесінен тайған емес. «Қазақ» газетінен кейін «Ұлт газеті» деп айдар тағып, тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ қоғамындағы ұлтты рухтандырып, ел тұтастығы мен тұғырының арқауы ана тілі екенін қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық сан-салалары мен әрекеттері негізінде көрсетуге тырысып, бай тілдік деректері мен мазмұны терең санқилы материалдарымен айқындап, танытып келе жатыр.
– Басылым алдағы уақытта қандай мәселелерге көңіл бөлгені дұрыс?
– «Ана тілі» газетінің мәдени-танымдық, ақпараттық материалдарының негізгі мақсаты – қазақ тілінің қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, т.б. деңгейлерде ұлттық сананы жаңғыртып, соның негізінде өзі де өркендеп, мемлекеттік мәртебесіне сәйкес жаңа сапалық сипатта жан-жақты қызметін дамыту, күшейту, қалыптастыру. Дегенмен, қазақ тілінің қолданыстық әлеуеті қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарының мүшелері тарапынан әлі де жеткілікті дәрежеде дұрыс танылмай, я мойындалмай отырғаны да шындық.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.