Ездеріңмен қағысқалы келгем, Ерлеріңмен табысқалы келгем!

ЕСІҢДЕ MӘҢГІ ҚАЛFAЛЫ КЕЛГЕМ

Қадiрлi елiм, қабырғалы елiм!

Айтарыңды айтып , арылғалы келгем.

Жан-жүрегiмдi жарқыратып тұрып,

Алдыңда сенiң жарылғалы келгем .

Еңселi елiм, iргелi елiм!

Құшағыңа ыстық, кiргелi келгем.

Өзiнңе мына қaдipiм қанша —

Осыны сенен бiлгелi келгем.

Еңкейетiндерiңмен ұғысқалы келгем,

Шалқаятындарыңмен шығысқалы келгем.

Ездерiңмен қағысқалы келгем,

Ерлерiңмен табысқалы келгем !

Қастерлi елiм, қаумалаған елiм,

Қарызын менен дауламаған елiм!

Аққан селiң боп саулағалы келгем,

Атқан жебең боп заулағалы келгем ,

Ақ тақырдағы ақ ботақандай

Алақаныңда кейде аунағaлы келгем,

Айқара caғaн ашылғалы келгем,

Жакұтың болып шашылғалы келгем,

Бiр тyтеп алыл басылғалы келгем,

Қос өкшемдi көтерiп тұрып,

Мойныңа сосын асылғaлы келгем.

Арқалы елiм, алқалы елiм!

Алқабыңда қиқу салғалы келгем,

Жүзiмдегi әрiмдi берiп,

Жүрегiмдегi нәрiмдi берiп,

Бойымдағы барымды берiп,

Алғысыңды ceнің алғалы келгем.

Шөлiңе тамар тамшың болып,

Жауыңа сiлтер қамшың болып,

Ертеңге жұмсар елшiң болып,

Өзіңнің ғана еншiң болып,

Есiңде мәңгi калғалы келгем.

ТАҒДЫРЫМ ОСЫ TAҢДAFAH

Ол кезде жұрт дүние таңдасын ба.

Жамаулы киiз сөмке жамбасымда.

Жалғасып бейтаныс бiр кiрешiге

Аулымнан аттaнып ем он жасымда.

Артымда — атақоныс, таныс дала,

Алдымда — аты дардай Қамысқала .

Қалтамда – мыжғыланған қос сарғұлақ,

Кеудемде — арман менен намыс қана …

Жер бетiн содан берi кезiп келем,

Көп сырын тiршiлiктiң сезiп келем.

Базарын бозбаланың бастар шақта,

Бейнет боп арылмайтын кезiктi Өлең.

Болмасын олсыз тiрлiк ұқтымaғы,

Жайлы орын iздемедiм ықтыңдaғы.

Басымды тayғa соқтым, тасқа соқтым,

Құлы боп сол өлеңнiң тұтқындағы.

Сол үшiн ақылсыздау атандым да ,

Сол үшiн cөндім, қайта тұтaндым да!

Әйтеуiр, көлденеңнен аман келем,

Арқасы шығар, жұртым, батаңньң да.

Әңгімем ұлан-ғaйыр айта берсем,

Мұнымды айып етпе, байтақ ел , сен.

Осынау тағдырымды таңдар едiм,

Өмipre жазмыш боп қайта келсем

ТУҒAН ЖЕР

Бiр тайыңды жүгендеп, салып терлiк,

Алғаш рет басқанмын тақымыма.

Eкi жолды сиқы жок өлең дерлiк,

Алғаш рет жазғанмын тақырыңа.

Күтуменен әкемді майдан жақтaн,

Шарлағанмын сәріден сағым iшiн.

Сөйтiп әлi үзiлмей келе жатқан

Алғаш сенде басталған сағынышым.

Ендi, cipә, кслмейтiн елге қайтып,

Жоқтағанда азамат-таянышын,

Шаңыраққа қаралы көңiл айтып,

Aлғаш сенде оянған аянышым.

Қияғыңа елiктеп кекiлденген,

Кекiлiмдi мен алғаш тарағанмын.

Ақ шағылға ақ арман секiлдснгсн

Алғaш рет ұзақтау қарағанмын.

Мен өзiңнен көп жылдар жүрдiм жырақ,

Талай жердiң тау-тасын кесіп өттім

О, тyғaн жер, қашан да ceнi бiрақ

Жүрегiме жып-жылы бесiк eттім.

КЕШІКСЕМ, КЕШЕРМІСІҢ

Кешiксем, кешермiciң, маздағым- ау,

Бiлместiк дүниеде аз ба мынау?

Мен cенің жср үстiнде бар-жоғыңды

Япырай, бiлмей өте жаздадым -ау!

Ілесіп дұга мына, шұга мына,

Не заман күлкі , қызық қуғаныма

Қайтпекпін, жүрмiн қазiр сенi көpiп,

Өкініп ертеректеу туғаныма.

Жасқанам жүзiңдсri бiр жарқылдан,

Шiркiн-ай, арман едi-ау, ол зар қылған!

Сен — шынар жоғалмаган жапырагы,

Мен — терек аңызаққа көп шарпылған.

Күндерiм өткені ме құйындаған,

Гүлдерiм қалмаган ба жиылмаған?

Apдaқтым , өзiменен бiр кездесу

Қуаныш, әрі мүлде қиын маған

Содан ба, кей сәттерде көзiмде мұң,

Жұмбақтау, тұңғиықтау сезімдемін.

..Әйтеуiр, бiр тұтансам сөнбейтұғын,

Бiр сөнсем, тұтанбайтын кезiмдемiн.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.