Басылымның безендірілуі көңілден шығады

Табылды МҰҚАТОВ,
суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі,
Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты:

– «Ана тілі» газетінің тұрақты оқырманы ретінде, басылымның ерекшелігі туралы айтып өтсеңіз.
– Бұл басылым аты айтып тұрғандай, ана тіліміздің тұғырын биіктетуді көздейтін, ұлттық әдебиет, мәдениет, руханият тұрғысында игі жаңалықтардың жаршысы.  Газет өзге басылымдардан осымен ерекшеленеді.
Екінші бір ерекшелігі ретінде, бұл басылымның жоғары талғаммен безендірілуін айтар едім. «Ана тілі» деген газет атауының өзі жүрекке жылы тиеді. Бұл жерде қаріптің дұрыс таңдалуының маңызы зор. Суретші ретінде газеттің алғашқы жылдардағы нөмірінің безендірілуіне өзім атсалысқан едім. Міне, сол уақыттан бері газет дизайны жаңарып, жақсарып келеді. Мақала тақырыбының қарпі мен суретін таңдауда, коллаждар жасауда газеттің безендірушісі Нұржан Асановтың ізденісі байқалады. Мәселен, түрлі-түсті беттердегі «Шаңырақ», «Мәдениет», «Атадәстүр», «Өнер» айдарымен берілетін материалдар сурет пен материалдың үйлесімдігінен сәтті шығып жатады.
Басылымның өзге газеттерден тағы бір ерекшелігі, «Ана тілі» галереясы» айдарымен қазақтың суретшілерінің туындыларын беру үрдісі қалыптасқан. Бұл бүгінгі ұрпақ үшін қазақ өнерін тереңірек білуге септігін тигізетіні сөзсіз.
– Алдағы уақытта газет бетінен қандай дүниелерді көргіңіз келеді?
– Мен өзім суретші болғандықтан, суретшілер өмірі, олардың шығармалары қызықтырады. Сол себепті әлемдік деңгейдегі және отандық суретшілер туындыларына байланысты материалдар көбірек берілсе деймін.  Бұл бір жағынан оқырман үшін танымдық материал болса,  екінші жағынан суретшілік өнерді насихаттау екені түсінікті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.