Ұлтымыздың бірегей газеті

Амангелді АЙТАЛЫ, философия ғылымдарының докторы, профессор:

– «Ана тілі» газеті туралы қандай пікір айтар  едіңіз?
– «Ана тілі» газетін байсалды бағыт ұстанған басылым деп білемін.  Ол маған бүгінгі қазақтың келбетін бейнелейтін сияқты. «Ана тілін» оқығанда айнаның алдында тұрып өзіңмен, ұлтыңмен сөйлескендей әсер аласың. Өзіңнің, сондай-ақ ұлтыңның бойындағы қадір-қасиеті мен кемшін соғып жатқан тұстарын, батылдығы мен жасқаншақтығын көресің. Сол себептердің астарын саралайсың, ой елегінен өткізесің, әсіресе қазақты қазақ ететін ана тіліне байланысты материалдар ойландырып қана қоймай, кейде қаныңды қайнатады.
– Газеттің тұрақты айдарларынан өзіңізге қайсысы жақын?
– Газетте жақсы-жақсы айдарлар, ой салатын дүниелер көп. Мәселен, «Алты алаштың ардағы», «Тіл мен тұлға», «Тарих тұңғиығындағы таңбалы сыр», «Сөзтаным», «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» айдарларымен берілетін материалдарды әрдайым оқып отырамын.
– Баспасөзге жазылу жайында не айтар едіңіз?
– «Ана тілі» газетіне бойында ұлттық намысы бар, тілінің, тарихының, салт-дәстүрінің мәселелеріне бейжай қарай алмайтын әрбір оқырманның жазылғаны абзал деп білемін. Өйткені ол ұлтымыздың бірегей газеті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.