Айтыскердің еңбегін бағалады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өтіп келе жатқан «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысының 2014 жылғы жеңімпазы Бал­ғынбек Имашевқа жеңіл автокөліктің кілті табыс етіліп, осы айтыста І орын алған Жандарбек Бұлғақовқа 1 миллион теңге қаржылай сыйақы берілді. А.Баталов алдағы уақытта мәдениет саласында ауқымды жұмыстардың атқарылатындығын мәлімдеді. Сонымен қатар, облыс әкімі мәдениет саласында қордаланып қалған мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, өнер ұжымдарының сахналық киімдері мен шығармашылық жұмыстарына кеңінен тоқталды. Кездесуде елді мекендердегі өнерді дамыту мәселелері сөз болды. Жиында театр, мәдениет үйлерінің өкілдері, жазушылар мен кітапхана қызметкерлері өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Мәдениет саласындағы сан жылғы елеулі еңбектері үшін бірқатар аза­мат­тарға облыс әкімінің «Құрмет гра­мотасы», ҚР Мәдениет және спорт ми­нистр­лігінің «Мәдениет саласының үздігі» және «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгілері табыс етілді. Шара бары­сында мәдениет саласындағы жұмыс­тардың өсу деңгейін көрсететін көрме ұйымдастырылып, көрермендер наза­рына арнайы бейнеролик ұсынылды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.