Алматыда Павлодарлық өнерпаздардың «Қазақ елі» концерті өтеді

10947512_637984512990209_1809588728_n

Құрметті өнер сүйер қауым! 2015 жылдың 2-ші ақпан күні сағат 18.30-да Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрі «Қазақ елі» концерттік бағдарламасын ұсынады. Өнер кешінде Қазақстан және шетел композиторларының туындылары орындалады. Концертке Кереку өңірінің белгілі өнерпаздары қатысады. Оркестр дирижері – ҚР Мәдениет қайраткері, күйші Талғат Кәрімов. Билеттер Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының кассасында сатылады. Бағасы – 1200 теңге.

Оркестрдің концерттік бағдарламасы:

1. Арнау – Н.Сарқамбаев

2.Е.Үсенов «Майра» –  жеке орындауда Ризолла Садықов және оркестр

3.Тәттімбет «Сылқылдақ» – оркестр

4. Халық әні «Ахау, керім» – Сейсенбаева  Лейла

5.Ш.Рақышев «Табиғат сазы» – оркестр

6.М.Күмісбеков «Кербезім» – оркестр

7.Естай «Құсни -Қорлан» әні (жеке орындауда)

8 А.Нұрымбетов «Балдырған» оркестр және саз-сырнай аспабында Әсел Ахметова

9 А. Құрманалиев,  А.Әбдікәрімов «Еске алу» – орындайтын Нұржан Сарқамбаев

10. А. Бесеуов «Маралдым» орын. Н.Сарқамбаев    11.Е.Lecuina  «Malaguenia» орын.Александров Артем (соло –гитара) -оркестр

12. Жаяу-Мұса «Ак сиса»вокал (Н.Сабиров) -оркестр

13.А.Бейсенов «Байтақ елім» – оркестр

14.Н.Тілендиев «Баянауыл вальсі» Н.Сабиров, Сейсенбаева Ляйла

15. М.Маңғытаев «Жамбыл жайлау» – оркестр

16 Құрманғазы «Саранжап» – оркестр

17. Махамбет «Ақжелең» – оркестр

18. Б.Шараф «Оянған дала» – оркестр

19. Е.Брусиловский «Желдірме» оркестр



Принтерден шығару Принтерден шығару