Абай сөзі мәңгілік

Абай туралы жиі ойланамын. Сонымен қатар Абайдың жазған дүниелерін назардан тыс қалдырған емеспін. Біздің Елбасымыз дұрыс айтады: «Абай – қазақтың пірі». Абайдың өлеңдері, қара сөздері – даналыққа, ақыл мен кеңеске толы.Абай әлеміне қызығушылығым болар, алдыңғы жылы ұлы ақынның кіндік қаны тамған Семей жеріне барып та қайттым. Абай мұражайында болдық. Абайдың жазу столын, құс қанатты қаламын, отырған орындығын, кітап-қағаздарын көріп қатты тебірендім. Бөлмедегі ақынның кезінде қолы тиген ер-тұрман, пайдаланған төсек орыны, ыдыс-аяқтар, басқа да заттар еріксіз көз тартады. Осы сапардан үлкен әсермен қайттым.
Абай сөздері ешқашан да ескірмейді. Ол болашаққа да қызмет етеді. Біз, қазақ халқы қалай да рухани жұтаңдықтан ада болуымыз керек. Ал, бізді рухани жақтан байытатын, кемелдендіретін Абай тағылымы, Абай өсиеті.
Мен бірде қойын дәптеріме мына бір шумақты жазып қойдым:
Абайсыз өтті уақыт, неше заман,
Абайды оқымаған болар надан.
Абай сөзін білмеген қара жаяу,
Абайды оқымасаң рухың қараң.
Бұл менің шын сөзім. Жүрекжарды лебізім. Бұған өзгелер де қосылады деп ойлаймын.

Жұмаш Сейітбекұлы,
зейнеткер

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.