Ұлы поэзияның ақ періштесі

…Біз Ұлбике ақынның артында қалдырған мұрасын жинастырып, оның тағылымын жұртқа жеткізуде көрнекті ғалым Мырзатай ­Жолдасбеков, тараздық журналист Әкбарбек Доспамбетов, филология ғылымының докторлары  Сәрсенбі Дәуітұлы мен Жанғара Дәдебаев, сондай-ақ Баян Мұртазаева, Ізімкүл Иманбекова және Әбдірахман Әбдірәсілов секілді әдебиетші-ізденушілердің әр кезеңде ыждаһаттылықпен  еңбек сіңіргенін сөз басында-ақ атап айтуды жөн санаймыз.

Осы жұрт «Ұлбике ақынды біле ме екен?» дейміз-ау. Қазақтың бір ақын қызының қамшының сабындай қысқа өмірінде қайым айтыс өнерінің ғажайып сыр тұнбасын терең ұқтырып, жауқазындай соншама сұлулық пен әдеміліктің жақұты болғанын тебіренбей, толқымай айту еш мүмкін емес.
Қазақ әдебиетінде Ұлбике ақын туралы 1970 жылдары батылырақ айтылып, естіле бастады. Мұның да көп себебі бар еді. Бізде өзі кейде ауыз әдебиетінің хас талантының мұрасы жөнінде ел мойындаған ғалым немесе айтулы көркемсөз шебері айтпаса, атақ-даңқы алысқа кетпейді, бағы да жанбайды. Бұл бәлкім, талантты жандардың шын өнер дүлдүлін танып, білуі мен қадірлеп-қастерлеуі айрықша мәнге ие болуынан шығар.
Біз Ұлбике ақынның артында қалдырған мұрасын жинастырып, оның тағылымын жұртқа жеткізуде көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбеков, тараздық журналист Әкбарбек Доспамбетов, филология ғылымының докторлары  Сәрсенбі Дәуітұлы мен Жанғара Дәдебаев, сондай-ақ Баян Мұртазаева, Ізімкүл Иманбекова және Әбдірахман Әбдірәсілов секілді әдебиетші-ізденушілердің әр кезеңде ыждаһаттылықпен  еңбек сіңіргенін сөз басында-ақ атап айтуды жөн санаймыз.

Ұлбике ақынның атақ-даңқы өзі небәрі 24 жыл өмір сүрген ХІХ ғасырда Сырдария мен Қаратаудан асып, Сарыарқа мен Ақ­жайыққа дейін кеңінен жайылғанына анық көз жеткізуге болады. Бұла таланты буырқанып қызыл тілге құйылған, қызғалдақтай құлпырған бойжеткеннің бақыты да, соры да өнер жолында болған екен.
Ел аузында сақталған әңгімелер мен мұрағаттық қолжазбалар оның ақындығын жете танытса, қайым айтыс өнеріндегі тапқырлығы мен шешендігі тәнті етеді.
Көзге ұрып, көрініп тұрса да, ақынның жанашыр ізденушісінің біраз уақыт болмауынан оның мұрасы арнайы зерттелмей, қағыс қалғанын мойындауға тура келеді. Әйтпесе, Ұлбике ақын жөнінде ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың өзінде-ақ жеріне жеткізіп айтқан шоқтығы биік ғалымдар аз болмаған екен. Соған қарамастан, бізде осы кезге дейін айтыскер ақын қыздардың – өнер қайраткерлерінің шығармашылық өмірбаянының жазылмауы қазақ әдебиеті ғылымындағы ең үлкен олқылықтардың бірі болып келгенін жасыруға болмайды.

***

Әлі есімде, 1974 жылы қарт ақын Төреқожа Ханқожаұлы (1900-1986) Түгіскен орта мектебінде өзінің көп өлеңдерін оқыған, кездесуін өткізген болатын. Ол кісінің үлкен ақын екенін жұрт аузында жүрген «Бай-дәулетті және ақын-жыраудың ұрпағы болғандықтан 37-жылдары Сібірге айдалып, 10 жыл бойы азапты жолда өмірін өткізген. Ал өлеңдерін ауызша шығарып, төгілте айтар болса да, онысын құпия ұстайды» деген әңгімеден ғана білетін едік. Қоңырқай жүзді, даусы қарлығыңқырап шығатын Төреқожа атаның домбырасын дыңылдата шерте отырып: «Бұл Талас-Қаратау өңірінде Ұлбике мен Жаңылдықтан асқан ақын болмаған. Екеуі айтысқан ақындарының бәрін жеңіпті. Алайда Ұлбикені ожар күйеуі надандықпен ұрып өлтірген. Тағдыры соншалықты аянышты!..»  деп көңілі босап, көзіне жас алғанына абдыраңқырап қарасақ та, ақын қыз туралы ынтықтырған бірауыз деректі ұйып тыңдаған едік.
Сол заматта бойымызда Ұлбике ақынның туған-туыстары мен өскен ортасы,  ақындығы мен шешендігін, ақырғы тағдырын білуге бір құмарлық сезімі оянып, асып-тасып жатқан-ды…
Қазір біздің қолымызда Ұлбике ақынға қатысты тірнектеп жинаған деректер негізінен толық бар деуге болады. Бірақ оның он шақты айтыстары мен өлеңдері ғана жеткен. Бірсыпырасы әртүрлі баспасөз беттерінде жарияланып, тұшына оқитын дүниелер болды.
Ақын туралы не білеміз? Біз қанық­қан деректерге қарағанда, Ұлбике Жанкел­діқызы 1825 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Тереңөзек деген жерде дүниеге келген көрінеді. Қазақ ауыз әдебиетінің бай мұрасын мұқият жинастырушы Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің (Таңдамалы шығармалар жинағы. Екі томдық. Алматы. 1992 ж.) айтуынша, Ұлбикенің әкесі дәулетті, өлең сөзге жүйрік ақын кісі болған. Қыздың шешесі Жаңыл да ойлы, сөзге шешен әрі ақындар айтысында әжептәуір талантын байқатқан жайсаң жан екен. Қазанғап Байболұлының «Төле бидің тарихы» (1941 ж.) деген дастанында Жанкелді ақын мен Жаңыл ақынның жыр айтып, өлең толғағаны осы деректі дәлелдей түсетін тәрізді.
Ақындық өнер терең тамыр жайған, әсем де сұлу әлемімен жұғысты болған отбасында Ұлбике тұлымшағы желбіреген шақта-ақ көзге түсе бастайды. Сыр өңірі де Базар, Марабай, Ешнияз, Орынбай, Нысанбай, Жанкісі, Тұрмағамбет тәрізді ақын-жыраулар мен көмейі бүлкілдеп, көзінен от шашып, жыр кеудесінен өлең пырақтары ұшқан өнер дүлдүлдеріне толы болатын. Ән мен жырдың алтын бесігінде тербелген Ұлбике қыздың алғаш кіммен өнер сайысы мен сөз барымтасына түскенін тап басып айту қиын. Ақынның өмірбаяндық деректері мен айтыстарын хатқа түсіріп, асыл қазынамызға тұңғыш үлес қосқан Мәшһүр-Жүсіп Көпеев пен Әбубәкір Диваевтың қолжазбалар қорында ақынның қолына домбыра ұстап, өнер додасына жүрексінбей келіп, бірден жарқырап шыға келгені анық айтылады. Филология ғылымының докторы Сәрсенбі Дәуітұлы (Ұлбике ақынның айтыстарын араб әрпінен кириллицаға түсірген ғалым) өз зерттеулерінде ақын қыз «он екіге дейін сөйлемей, тек он екі жасқа келгенде өлеңмен сөйлеуі» туралы бір қызық деректі келтіреді. Бұл пікірге Ұлбике өзімен айтысқан Мәделі ақынға:
Әудемжармен әуелі үнімді аштым,
Он екімде өлеңмен тілімді аштым.
Он үшімде өзіңдей бозбаламен,
Жұмбақ айтып өлеңмен жағаластым, – деген өлең шумағы негіз болған тәрізді.
Енді бірде ақынның:
Бес жасымда шешеме болдым шырақ,
Сегізімде әкеме қойдым құлақ.
Тоғыз жасқа келгенде үрдей болып,
Өлең айттым наурызда үй жағалап, – деуінде табиғи талантты бойына бүккен үлкен сыр жатыр. Тегінде ақын қыз өзінің Мәделі ақын Жүсіпқожаұлымен (1816-1888) айтысында өмірбаянын балдай тәтті сезіммен және төгілте әдемі ырғақ-әуенмен жырлағаны  таптырмас деректер еді. Жырдың тылсым да сазды болғанын:
Әке сөзін жасымнан жаттап алғам,
Тал бойыма жинап та қаттап алғам.
Жеке шығып бәйгеден тұлпардай боп,
Өлеңімді әніммен баптап алғам, – деген жан сыры айғақтайды. Өлеңі маржандай төгіліп тұрса, әуенін бастап алса, аймаңдай ақынның жаратылысына сырттай-ақ қанығып, қайран қаласың-ау.
Бір асыл ойға тағы да еріксіз назар аудардық. Жыр алыбы Жамбыл: «Өлең кірген түсіне, Жөргегінде мен болам», деп айтса, ақындық дәстүрдің биігінен нәр алған Ұлбике ақын: «Моншағымның әр тасы бір өлең-ді, бесігімде үйренгем бар өлеңді» деп бесік жырынан бақыт киесін тапқан. Ұқсастық! Халық фольк­лорында хас жүйріктердің ой сәулесі мен сөз сәулетін осылай септестіретін мысалдары сирек болса да кездеседі.
Ұлбике ақын жұлдыздай жарқырап, талантымен дүйім жұртты тамсандырғаны соншалықты, оның Күдері қожамен айтысы 1870 жылы әйгілі орыс ғалымы В.Радлов құрастырған «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» деген тарихи кітапқа еніп, қымбат мұра болып бағаланады. М.Көпеев өз жазбасында: «Ұлбикенің таңдайында өлеңнің ұясы бар екен» деп халық аузында аңыз боп айтылып жүрген ойға мән берсе, бұл айтыстың ақыл мен талғампаздыққа толы сипатына да мән бергені сөзсіз. Бір таңғаларлығы, фольклорлық экспедициялар жинаған материалдар арасында Ұлбике мен Күдері ақынның айтыстарының бір-біріне ұқсамайтын төрт-бес нұсқасы бар. Бұл екі әйгілі ақынның «бір күн, бір түн айтысыпты» деген пікірді шындыққа апаратын айтыстар бөлігі болуы мүмкін. Күдері де бет қаратпайтын айтыс ақыны болған. Қиыннан қиыстыратын  тапқыр әрі кесек ойды кесіп айтатын мінезі бар екен. Ол Сыр өңірі, Қаратау алабы ғана емес, Арқа жаққа да танымал болып, ел мұңын жырлаған адуынды ақын.
Оның «Қарқаралы, Қазылық» деген толғау жырын М.Әуезов те, С.Сейфуллин де жоғары бағалап, өздерінің оқулық хрес­томатиясына енгізген. Күдері қожаның сөз анасы – сәлемдескенінде:
Айтысқалы келіп едім тойларыңа,
Ошақтыда ақын қыз бар дегенге, – деп, өнерсүйер қауыммен қоштасарда Ұлбикеге қарап:
Екі құзғын ұшқан жері Еділ-Жайық,
Қазақта ақын бар ма бізге лайық,
Кішкентайдан бірге өскен, әй, Ұлбике,
Сенен өлең тілеймін қолымды жайып, – деп ағыл-тегіл көңіл тербейді.
Бұл айтыс тарихына байланысты филология ғылымының докторы Жанғара Дәдебаев былай деп жазады: «Жалпы сауаттылығымен ел-жұрт тарихы, өнерпаздар өмірі туралы білімімен қатар Ұлбике құран, шариғат, әулиелер туралы және басқа діни кітаптармен де кеңінен танысып, дүние әлемінің жаратылысы жайында мол мағлұмат алады… Ұлбикенің осындай ортасынан қара үзіп шыққан ақындық білімін дәл танып, дұрыс аңғарған ақындар онымен айтысуға үлкен дайындықпен келмесе, ойда-жоқта немесе сәті түскен шақта сөз жарыстыруға бата алмайтын болған. Мұны Еркөшек қожаның баласы Күдеріге айтқан кеңесінен де байқауға болады. Ол: «Балам, Ұлбикемен айтысамын десең, Бұхараға барып, үш жыл оқып кел, әйтпесе онымен айтысуға жарамайсың»  деген екен. Бұл жалпы қауымның, белгілі кезеңнің мойындауы деуге әділ баға («Әулие ата» кітабы. 1998ж.).
Ұлбике мен Күдерінің айтысы жігіт пен қыз айтысының жұмбақ аралас келетін көне түріне жатады, халықтың дүниетанымын бейнелеген бұл өнер туындысы В.Радловтың әйгілі кітабы бойынша неміс тіліне аударылған. Бұл айтыс шамамен 1840 жылы өткен, егер осылай деп ұйғарсақ, осынау ғажап айтыстың шырқау биігіне көтерілген Ұлбике небәрі он бес жаста болып шығады.

7
Атақты жүйрік ақын Мәделі Жүсіпқо­жа­ұлының ауызға үріп салғандай ақын қызға:
Сұлу қызға тұс-тұстан көз түседі,
Қысылса да аузына сөз түседі.
Өлең айтып отырған Ұлбикенің,
Кеудесінде бұлбұл құс тілдеседі, – деп асқақ сезімге бірден құлай берілуі тегін бе, сірә. Сіз оны айтасыз, он сегіз жасар ақын жігіт Таспақожа мен Ұлбикенің ­айтысында сөз қақтығысы да, ой шамырқануы да, арман да, сағыныш та, ынтық-ынтызар көңіл де тұнық күйінде жыр болып өріледі. Сол бір әйелге деген кемсіту мен шектеудің неше түрі аяққа тұсау, ауызға қақпақ тосқан заманда қаршадай қазақ қызының мына сұмдық талантын туабіткен  қасиет деуіміз керек.
Өлең айтса, ақындар сөз таңдайды,
Сұлуларды таразы көз таңдайды.
Үрпек жүнді аққудың өзі екенсің,
Кім біледі ол жақта Күн мен Айды, – деп жастық қайраты жалындаған Тас­пақожа қыз бақытын өзіне теліген сезімін білдіріп, мұндай жыр құшағына қанық қызды жастайынан атастырып қойған Бойтан деген жігітінің нойыс мінез-құлқын, өнерді түсінбейтін дойырлығын қайта-қайта айтып, жүрегін де жаралайды. Табан астында тапқырлық танытудың орнына қыз шіркіннің жіңішке жолын арбайды. Тәңірдің жазғанына көнген адал сезім алдамайды деп ұшпа көңілдің ұшында отырған Ұлбике:
Айран болса, күбі іші бос болмайды,
Бір-біріне жақсы адам өш болмайды.
Өзі әкеп Құдайым қосса-дағы,
Бөлтірік пен ақ қозы дос болмайды, – деп ақылмен жауап берсе де… Түптің түбінде өнерден алыс бір байдың еркешорасы Бойтанның, «Қайда барсам, жолымды кескестейтін, құрып қойған Бойтанның тұзағы бар» деп жырлағанындай, сол заманның өресіз біреуінен қасірет шегерін қайдан білсін. Таспақожа ақын оның кіршіксіз көңілін аулап, жыр жалғайды, бірақ айтысты қыздыра алмайды. Қарсыласының тапқырлығына табан астында дәмді жауап қайтара қоймайды. Одан кейін Ұлбике мына өлең жолдарын тегіннен-тегін айтты дейсіз бе?
Кімге керек өріктің дәнегі жоқ,
Жаман шөптің малға да керегі жоқ.
Өлең айтып не керек құны жоққа,
Сәлделіге бөріктің керегі жоқ…
Өткір айтылған өлең астарында терең, әрі өкінішті ой жатыр. Таспақожа Ұлбике ақыннан ақылынан да, өнерінен де асып түсе алмаған. Дегенмен, ақын жігіт дымы құрып, әдептен озбай, өз қолын ұсынған. Ол сонда өзінің ақын ағасы Күдерінің «Ұлбике, қыздан шыққан лашынсың, Бұл жерде сенен сөзді кім асырсын» деген ұшқыр ойына құлай берілгенін де аңғаруға болады. Ақын қыздың құдіреті бұл ғана емес. Оның айтысу мәнері мен ой тереңдігіне қатты қызыққан Мәшһүр-Жүсіп Көпеев пен В.Радловтың да Құлыншақ ақыннан, ал бертінде Мырзатай Жолдасбековтің Төреқожа ақыннан жазып алған Ұлбике мен Күдерінің сексен шумақтан тұратын айтысында ақын қыздың «Көкірегім – кітап сөзі, тілім – Құран» деген құдіретті сөз түюіне алғыр ойы мен күмбірлеген көмейіндегі өлең жолдың отына жылынып, жүректен-жүрекке жеткізген талантына да табынғандай болады. Шабыт келіп, жаны жайсаң шақта Ұлбике ақын айтыс десе жанығатын Жанкел (Жанкелді емес), Күдері ақын үшеуі қатар отырып айтысады. Бірінің ойын бірі мүдірмей жалғайды. Қаратау бөктерінде өткен бұл айтыста Жанкел өзінің түйе көшін тоқтатып қойып, сөз қағыстырғанының өзі бір ғажап. Мұны көріп сүйсінген Ұлбике оған назды өлеңмен тіл қатады. Бірақ талай мәрте есесі кетіп жүрген Жанкел қалың топтың ортасында өзін асыра мадақтап, қыз намысына тиетін сөзді айтып қалады. «Кедейсің, кедейлігіңнен қашып құтылмайсың» деген сөзі ақын жігітке ұнамай қалса керек. Сол арада Ұлбике де кідірместен:
Кедейді кедей демей, бай дей ме екен,
Үйінен бай кедейдің май жей ме екен?!
Кедейлікке шамданып-шамырқанып,
Бәрі де кедейдің сендей ме екен?! – деп аузына құм құяды. Жанкел де қозғалақтап бұл уәжге не айтарын білмей тосылып қалған кезде Күдері ақын домбырасын себелеп қағып-қағып жіберіп, қосыла кеткен екен…
Бұл «Ұлбике, Жанкел және Күдері» айтысының көркемдік деңгейі мен мазмұндық мәні ғалым-зерттеушілердің үлесіне қалдыратын күрделі дүние. Өйткені ет пен сүйектен жаратылған ақын қызға сұқ сөзін қадағандар әзілге бұрса да, өз ойына қайшы келетін нәрсені қуана айтып қутыңдайды. Қыз баланың біруақ қуанышын да бөлісе алмайтындай  екі ақын жігіттің артық кеткен тұстары да бар. Әрине, қыз намысы да бар. Соны қапы жіберсін бе? Сол дәуірдің көзімен екі ақын жігіттің түп-тұқиянына қатысты ел аузында жиі айтыла беретін әзіл-шыны аралас сөзге байланысты: «Көп тисең ашуына, біздің қазақ, төреңді – құл, қожаңды – сарт дейтұғын» деп сипаттап береді.
Қарсыластарының бетін бірден қайтарып, сөз барымтасынан ұтылмау ақындардың ежелгі салты болған ғой. Ұлбике мен Күдерінің дін жөнінде ой, білім тереңдігін талдап-танып білу біздіңше, тағы да дінтанушы философ ғалымдарының зерттеуінің бір арқауы дер едік. Екі ақынның бір ерекшелігін айтқан кезде мына бір есті әңгімеден ақын құдіретін байқар едік. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қолжазба мұрасында былай деп жазылған: «Күдері қожа әкесіне Ұлбике ақынды тоқтататын бір сөз тауып бер» депті. Сонда әкесі: «29 ғаріпті бір-ақ ауыз өлеңге сыйғызып айт. Екі ғаріпті қалдырып кет. Соның қалғанын Ұлбике ақын білсе, одан әрі айтыспай-ақ қой. Оның өкпесінде өлең жазылған» депті. Ақын жігіт мұның бәрін ойластырып алған соң, Ұлбикеге барып «шын» мен «жиымды» сөзден аяқсыз қалдырып өлеңмен айтыпты. Соған қыздың берген жауабы былай болып шығады:
Қожеке, өлең айттың, кітап аштың,
Жау қуды ма, асығып, неге састың?
«Шын» мен «жиымды» қалдырып қара басып,
Құранды аяғына қалай бастың?!.
Бұған не дерсің? Айтыс сол заматта аяқталды.
Ұлбике ақынның байқампаздығы, әрбір өлең жолының ұйқасы мен бейнелі мағынасын құлағына құйып алатын қасиеті әр айтысынан-ақ көрінеді. Оның Ізтілеу ақынмен айтысында:
Қарт Қожақ Ақжүніске не деп айтқан,
Қайдағы алпыс екі тамырларын? – деп «Ер Тарғын» жырының кейіпкерлерімен ойды байланыстырып айтуы Ұлбике ақынның эпостық туындыларды жаттап өскенін, халық фольклорының інжу-маржандарымен мол сусындағанын айғақтайтын сияқты. Ауыз әдебиетінің білгірі Сәбит Мұқанов та кезінде Ұлбике ақынның үлкен өнер иесі екенін, әсіресе, оның дін тақырыбында ерекше жетік екенін айрықша атап өткен. Мәделі ақынмен түре айтысында:
Шықпайды неге ажырық сортаң жерге?
Теңізде дәм тартпайды шортан неге?
Айта ғой, білгіш болсаң өлеңіңмен,
Кешке қарай шықпайды Шолпан неге? – деген табиғат құбылыстарына қарай танымдық-философиялық үш сұрақтың үйлесімділігі де Ұлбикенің жас та болса өресі биік болғанын көрсетеді. Ақын не айтса да, көркем де сұлу оймен шын ақиқатқа жүгінеді. Шығармашылық күш-қуатының бір кемдігі жоқ екенін де осы азаматтық қадір-қасиетке байланысты. Өйткені нағыз ақынның тәңірісі де осы! Ақындардың Мағжан Жұмабаев айтқанындай: «Жалғыз-ақ тәңірісі бар, ол тәңірісі – сұлу айтылған шындықтың тура сөзі болған ақындарды мақталық. Шын ақындардың тәңірісі – сұлу айтылған шындықтың тура сөзі ғой».
Ұлбике мен Серәлі ақынның да айтысқаны жөнінде дерек бар. Заманында Сыр бойында қыстап, Арқа жерінде жайлап жүрген көшпелі шаруа Ерәлінің ұлы Серәлі жастайынан тарлан ақындардың тәлімін үйреніп, өзі де ысылып, сан саңлақпен сөз сайы­сына түскен. Ол өзі тұстас талай ірі ақындармен, Ошақты руынан шыққан Ұлбике ақынмен айтысқан кезеңінен «Жаз болса, қоңырлатып келеді күз, Ұлбике, көп сөйлестік сені мен біз…»  деп басталатын екі-ақ шумақ өлеңі сақталған. Бәлкім, ХХ ғасырдың басында «Айқап» журналын шығарған Мұхамеджан Сералиннің туған әкесі өзінің көп мұрасынан көз жазып қалды ма? Айтыс өнерінің жорғасы Серәлі ақын Ұлбикені әдейі іздеп келген. Бұл жөнінде профессор М.Жолдасбеков: «Әдейі іздеп келіп, Ұлбикемен Күдеріқожа да, Майлықожа да, Жанкел де, Мұхамеджан Сералиннің әкесі  Серәлі де айтысқан»  деп дәлелді жазады. Бізді де мың толғандырған «Ұлбикем болған бір төбе» деген ел аузында қалған әңгіме тұшымды нәр береді. Өнер дарыған, талантты әрі сауықшыл қазақ халқы бір ғасыр бойын­да Таңшолпандай жарқырап тұрған ақын-жұлдыздың өлеңдерін де, айтыс шумақтарын да ұмытпай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырғаны да шындық. «Балапан кезінде қайран шешесі тал бойына күллі өлеңді дарытқан» қадір-қасиетін жақсы білетін Күдері ақын үш мәрте айтысып, бірде тең, бірде кем түссе де шын өнерді бағалай білетіндіктен: «Ұлбике-ау, тілің шешен, жүзің көркем, Не дегеніңді білмедім жаным еркем» деп ағалық ақ көңілімен айтысты аяқтағаны да көп жайтты аңғартады.
Ақын-серілер тағдыры әдетте ғашықтық дертінен немесе озбырлық ызғарынан оқыста бұрылып сала береді. Ол заманда да ойы онға, санасы сан-саққа бөлінген өмір болған.
Қарт Қаратаудың арғы-бергі жағында ақындар мен сал-серілердің де өнер дариясына жүзген желкенді өмірі заманына қарай аумалы-төкпелі еді. Пендешіліктің төбе көрсетер зәбірінен де ада емес еді. Бейуақта өмірі арлы-берлі толқып, тауы шағылып, құлазыған сар даладай сансыратқан дүлей күш илеуінде кімдер кетпеген? Кезінде «Қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде бірте-бірте саябырсып, Жетісу өңірлерінде, Оңтүстік, Сыр өлкесіне шоғырлана бастаған (М.Әуезов) шақта айтып, қыздардың ілкібасы Ұлбике тағдыр айдауымен 1837 жылдар шамасында ағайындарымен бірге қазіргі Жамбыл облысы, Талас ауданына қарай көшкен. Атажұрттың боз жусан исі аңқыған, көлдері шалқыған Аса жайлауы мен Көктал баурайында қоныстанған көрінеді. Ақын қызды Сырдария, Оңтүстік өлке, Әулиеата және Қаратау елінің ұмытпай, есімін қастерлеп, оның кеңінен жайылған даңқына қанық болуының ең қисынды жағы осы.
ХІХ ғасырдың орта тұсында елдің игі жақсылары Талас өзенінің төменгі сағасында өмір сүрген Ұлбике ақынның айналасында бүр жарған гүлдей жайнаған Шүкей, Хадиша, Айымторы, Назым, одан беріде Қалыбек, Исабек, Жаңылдық, Ханқожа, Төреқожа, Құдайберген тәрізді бір-бірін жалғастырған ақындар ауылынан намысқа шабатын қуатты сөздің де, өнерге бақ тілеген ниеттің де болуына қатты мән берген. Өлеңді періште өнер көріп құрметтейтін, терең толғайтын ақындарға төрден орын тиген. Өкінішке қарай, олардың артында қалдырған мұрасы ауыздан-ауызға айтылғаны болмаса, қағазға түспеген. Бертінде тек Төреқожа ақынның өлеңдері «Ата аманаты» (Алматы, 1995 ж.) деген атпен жеке кітап болып басылып шықты. Ел аузында Сапақ шешен мен Жаңылдық ақынның тапқырлығы мен өлеңге ерекше жүйріктігін Ұлбике ақынның сарқытындай сүйсіне айтуы да біз үшін жайдан-жай емес.
Ал осыншама дарынды өз ортасы мен талантты іні-сіңлілеріне пір болған Ұлбике ақынның өнері туралы ғалымдар мен өнер дүлдүлдерінің тұжырымдап берген ой-пікірлеріне мейлінше назар аударуымыз қажет. Қайталап айтсақ та ақындарды қайран қалдыратын абырой-қасиетін бедерлі бейнелеген теңеулердің өзі әрі қарапайым, әрі дәлме-дәл келтірілген.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев: «Ол өмірінде қара сөз сөйлемеген. Біреуге жауап берсе, біреу әңгіме айтса, өлеңмен толғаған» десе, ел ішінде: «Ұлбикенің таңдайында өлеңнің ұясы бар» деген әңгіме осы күнге дейін жалпақ жұртқа жария болған.
Мәделі ақын: «Өлең айтып отырған Ұлбикенің кеудесінде бұлбұл құс тілдеседі»  деп жырлаған. Күдерінің әкесі: «Балам, Ұлбикемен айтысамын десең, Бұқараға барып, үш жыл оқып кел» деуінде қандай сыр бар?
Ал «Ұлбикенің өкпесі жыбырлап тұрған жазу екен» – деп неге жазылып қалдырған дейсіз бе? Бұл енді аңыз ба, басқа ма, білмеймін. Қимастықтан шыққан және шындыққа жақын әңгіме болар, сірә.
Қазақ даласында аты аңызға айналған өрімдей жас ақын қыздың аянышты тағдыры бір-біріне ұқсас оқиға ыңғайымен әртүрлі айтылып та, жазылып та жүргенімен түпкі бір шындыққа жанасады.
Оқиғаны былай өрбітеді.
Өнердегі қызғаныштың қызыл иті ме, Ұлбикені айтыста жеңе алмаған ақындар оның күйеуінің оспадар қылығын, өнердің сұлулығы мен табиғатын түсіне алмайтын надандығын бетке басып айтады. Ақын жігіттер бір жағынан өнер айтысында қарсыласын тұсаулау үшін мін болатын ұсақ-түйек нәрсені іздесе де, екінші жағынан Ұлбикенің өз заманынан озып туған ақылды да сұлу қыз екенін, өнері асып тұрғанын, бірақ оған заман кінәлі ме, Бойтан сияқты өресізге ұзатылып кеткеніне іштей қимастық сезімін білдіріп жатқанын түсінуге болады. Ұлбике бір айтысында ақындарға:
Қосылмайды Бойтан мырза
жамандауға,
Бұл жүрген тең көрмеймін адамдарға.
Әке-шешем ырза боп өзі берген,
Жазса тағдыр әуелден, шарам бар ма? – деп атадәстүр жолымен ибалық сақтап, мән-жайды түсіндіріп, тоқтау сұрайды. Бұл да оның ақылдылығын көрсетеді. Әрі кез келген адам тағдырына жазғанын көреді деген ойды айтады.
Ақырында Ұлбикенің қайғылы жағдайға ұшырап, қайтыс болуына тәптіштеп жазып қалдырған М.Көпеев мынадай деректі айтады: «Жаман шірік иті үйде жоқ болған қарсаңда бір той болып, ауыл-аймағы мен қайын ағалары: «Сені біз сабатпаймыз» деп тойға алып барып, тойдан қайтып келсе, иті келіп қалып «сені ме?» деп кіжініп отырған үстіне оқтай ұшырып, қойдың бір қатқан санымен қақ бастан періп қалғанда, мұрттай ұшып кете барыпты». Одан әрі: «Жұрт жиылып қалды, төркіні де аралас-құралас екен. Құн сұрады… Үй-іші: «Пайғамбар шариғатына салдық»  деді. Сонда шариғат айтатын Күдері қожа екен. Айтқан шариғаты: «Өлер Ұлбике өлді. Аяр да ас жоқ, тояр да ас жоқ. Мұны сойыңдар, өкпесін алып көріңдер. Өкпесінде жазу жоқ болса, онда тойға бару, өлең айту әйел жынысына дұрыс емес, өзі кінәлі, бұған түк болмайды. Егер өкпесінде жазу болса, онда ғұзыр айтпаса, ішін жарып кетеді. Үш кісінің құнын бер­сін: сүйек құны, өнер құны, қара құн. Ұл­би­кені ­сойып, өкпесін алып көрсе, өкпесі жы­бырлап тұр­ған жазу екен. Көрген жұрт ботадай боздапты. Көзімен көрген жұрт күйгендіктен, Бойтан серіні бас жетімі үшін құнына беріпті».
Басқа бір ел аузынан жазылып алынған мәліметтерде «Өзі ажарлы, ақылды, ақын келіншекке ғашық боп жүрген бір жігіт жылқы басындағы Бойтанға шапты. Іш араздығымен өсек-жалалы әңгіме айтып қыздырды. Бойтан үйіне суыт келіп ұйықтап жатқан Ұлбикені босағадағы балтамен шүйкесінен салып қалады. Ұлбике үш күн бойы қансырап жатып, Үш жүздің үш биіне өлеңмен сәлем жолдайды»  деп те әңгімеленеді.
Аяулы Ұлбике ақынның атақ-даңқы айтыстағы ғажап өнерімен соншалықты сүйкімді қалпында қалса, күйеуі Бойтанның өнерден мүлдем мақұрым болып, әйел бақытын да ажырата алмайтын ақылсыздығынан ел үлпілдеткен ақынды ұрып өлтіргені тіптен аңыз болып кең тарап кеткен. Бұл кезде Ұлбикенің жасы 24-те ғана екен…
Бір үйдің ғана емес, бүтін бір рулы елдің, қазақ жұртының алақанға салып өсіріп, мақтан тұтқан ақын қыздарының өлімі үлкен дауға айналып кете жаздайды.
Ұлбикеге тікелей туыс болып келе­тін Саңырық батырдың (бұл батыр­дың 1728-1730 жылдары Аңырақай шайқасында асқан тарихи ерлік көрсет­кені І.Есенберлиннің «Жанталас», Ә.Кекілбаевтың «Үркер», Ә.Әлім­жановтың «Жаушы» және С.Сматаев­тың «Елім-ай» романдарында, сондай-ақ М.Мағауиннің «Қазақ тарихы­ның әліппесі» кітабында кеңінен жазылған) ұран көтерген ұрпақтары қатты ашуға мініп, кек қайтармақ та болады. Алайда бұған дейін сөз еткеніміздей, батагөй және ауыл билері оларды «Жеті жар­ғылық» тәртіпке мойынсұндырады. Ұлбикенің соңғы тілегі… Оны белгілі ақын Күләш Ахметованың мына үзінді өлең жолдарынан түйсініп, сезінуге болады.
Неге үзілді тіршілік, неге тынды?
Неге көрмей барамын көретінді.
Бұған дейін
Ауру мен намыстан өлетін-ді.
Бақыттың да баянсыз жөн-тұрағы,
Бәлкім, анам он құлап, он тұрады.
Қандай адам жырымды жалғастырып,
Қай қазына орнымды толтырады?

Жолы ауыр ақынның мұратының,
Мен кетермін, алармын, сірә, тыным,
Қаларсыңдар мойындап,
Тіршіліктің
Зұлымдық пен пәктіктен тұратынын…
Иә, Ұлбике өз ажалынан өлген жоқ, қатал тағдыр оны аямады.
Сіз оны айтасыз, ХХ ғасырдың басында Қаңлы Жүсіп, Кете Жүсіп ақындар «Ұлбике Күдеріқожадан жеңілді» деген бірауыз сөз үшін тұра қайта атқа мінгендей, жазба айтыстың ду-думанын 10 жылға дейін созған көрінеді. Сондағысы, Ұлбике ешкімге дес бермеген, қараның қызы жеңілген жоқ деген шындық үшін мұндай нәрсе ешбір айтыс тарихында болған емес.
Ұлбике ақынның аты ұлықталды. 2005 жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қаратау қаласында Ұлбике ақын атындағы Мәдениет сарайының алдында ақын қызға ескерткіш ашылды. Сөйтіп, қасиетті Қаратаудағы айтыстың бір бұлбұлына тамаша құрмет көрсетілді.
Жетісудағы Сара ақынға қойылған мүсінді айтпағанда, бұл айтыскер қыздарымызға қойылған алғашқы ескерткіш белгі. Оның салтанатты ашылуы­на сол кездегі облыс әкімі Б.Жексембин, Талас ауданының әкімі Б.Құлекеев бастаған елдің игі жақсылары қатысты. Сол жолы ақынның 180 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті, онда М.Жолдасбеков, Ғ.Есім, Ж.Дәдебаев, Қ.Әбдезұлы, С.Дәуітов, Қ.Қаражанов, С.Әбдірайымов, Б.Әбілдаев сынды ғалымдар мен қаламгерлер ақынның өксікке толы қысқа ғұмыры мен артында қалған шығармашылық мол мұрасы жайында баяндама жасап, ғылыми ой-пікірлерін ортаға салды. Сол алқалы жиын­да халық жазушылары Шерхан Мұртаза мен Қадыр Мырза Әли, Күләш Ахметова сынды қадірменді кісілер көп болды. Дүркіреген ақындар айтысы екі күнге ұласты. Бас бәйгені ақындардың үздігі Ақмарал Ілеубаева жеңіп алса, бірінші орын жүлдесі Күміскүл Сәрсенбаеваға берілді.
Ұзақ жылдар бойы халық поэзиясын, Ұлбике ақынның мұрасын ұдайы аялы алақанға салып, хатқа түсірген ғалымдардың бәрі де сол заманға да тән зұлымдық пен пәктік, көктем гүліндей адалдық пен өрт салғандай қызғаншақтықтың ақыры тек өксікке  ұрындырса да, бұл көңіл арнасында аққудай ақын қыздың айтыс өлеңдері қазақ әдебиетінің қымбат қазынасы деп ой қорытады. Басы балдай, аяғы уға айналған ақын өмірі тұнып тұрған тағылым екені даусыз. Сондықтан да, Ұлбике Жанкелдіқызы ХІХ ғасырдағы ғана емес, жалпы қыздар арасында қазақ айтыс өнерінің ілкібасы және ең жарық жұлдыздарының бірі деуге оның шығармашылық таланты дәлел.
Айтары жоқ, сөз басында даулы аңыз жөнінде айтып едік. Нағыз ақын талант биігін жаңылмай таниды ғой. Бірде атақты ақын Қадыр Мырза Әлиге Ұлбике ақын жөнінде білгенімізді әңгімелеп, оның айтыстарын оқып, пікір айтуын сұрағанымыз бар. Арада екі күн өтпей жатып-ақ Қадекең: «Шын мәнінде Ұлбике үлкен ақын екен. Сезімі жыр боп құйылып тұр. Біз бұл ақынды өз заманының ең дүлдүл ақындарының бірі деуге толық хақымыз бар» деп керемет әсер қалдырғанын айтқаны бар. Тағы бірер күн өткенде ақынның Ұлбике тағдырын толғайтын «Мың бір мұң» трагедиясын жазып шыққанын естідім. Көрнекті ғалым-әдебиетші Мырзатай Жолдасбе­ков «Ұлбике» атты музыкалық пьеса жазып, ол Астана сахнасында бірнеше мәрте қойылды. Композитор Жоламан Тұрсынбаев ақын Абдрахман Асылбековпен бірігіп «Ұлбике» әнін жазды. Қаламгер әрі этнограф ғалым Ақселеу Сейдімбеков те ойлы зерттеу мақаласына ақын мұрасын арқау етті.
Кезінде халқымыздың аяулы перзенті, аса көрнекті жазушы Қалтай Мұхамеджанов та жүрген жерінде Ұлбике ақынның өзімен айтысқан небір мықты ақындардан басым түсіп, өнер жүйрігі болғанын жиі айтатын еді. Бұл ақын апаның шығармашылығын да, тағдырын да халық жазушысы Шерхан Мұртазаның: «Үлкен дүниеге, көркем туындыға сұранып тұрған тұңғиық әлем және терең тағылым» деп әділ бағалаған сөзі де ойға ой қосады. «Ұлы поэзияның ақ періштесі» деп айтқан да Шерағаң.

***

…Жан-жағын ну шеңгел қаптаған Үшаралдан Түгіскенге қарай тартылған үлкен қара жолдың сол жағында қалың тораңғыл бар.
Оны көнекөз қариялар: «Бұл әулие адамдар еккен ағаштар екен. Киелі ағашты қиюға болмайды. Ағаштың бір бұтағын кессең, қалғандары жылайды, қан да ағады екен. Әулиелі жерден ат та үркеді. Тек ақындар ғана саясына барып, өлең оқитын болған» деп есте жоқ ескі замандардан бері аңыз ғып айтады. Осы жерге Баба Түкті Шашты Әзіз, Дихан баба, Қызырата және басқа да әулиелер тұс-тұстан келіп, тоғысады екен, түнеп кетеді-мыс…
Ұлбике ақын да Күдерімен айтысында:
Төменнен жеті көшіп өрге келдік,
Жеті әулие тоғысқан жерге келдік, – деп, сірә, Төменгі Таластың сағасына көшіп келгенде осы әулиелі жерді меңзеген деп айтуға қисын бар сияқты. Көмейі күмбірлеп, тілінен жыр ағылған айдай ару ақын Ұлбике осы тораңғыл бау-бағында оңаша ой кешті ме екен, кім білсін?
Ұлбике ақынның ақиқаты – туабіткен дара таланттың ақиқаты. Біз қазақ өнеріне қатысты бір түймені болса да жерден көтеріп алып, асыл қазына деп қастерлеуіміз керек. Міне, осы ыңғайда ақын мұрасын қазақ айтыс өнерінің кеудесіне тағылар жауһар ғана деп білеміз.
Енді бір мәселе. Көне Тараз қаласында Ұлбике көшесі бар. Көрікті. Жап-жақсы. Төле би көшесінен «Баласағұн» мәдениет сарайынан ұзына бойы алып жатқан сол ақын көшесі қиылысына «Бұл көше қазақтың атақты айтыскер ақыны Ұлбике Жанкелдіқызы есімімен аталады» немесе «… ақынның құрметіне қойылған» деген белгі орнатсақ, ол танымдық мәдениет үшін жарасымды  іс болар еді деген ой бар бізде…

 

Мейрамбек

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Рустем

    Қымбатты Қазақстан тұрғындары, сіздерді тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
    Бүгінгі біздің ортақ мерекеміз барлығымызды біріктіреді.
    Қазақстанның ұлы тарихына ойша орала отырып, мемлекетіміздің жолында жүз, мың жыл бұрын жүріп өткендерді еске аламыз және осы жолда бүгінгі жүріп келе жатқандарға қараймыз. Қандай Қазақстанды құрғымыз келетінін және оны ертеңгі күні қалай жасайтынымызды ойлаймыз. Мемлекет тарихын тану арқылы ғана еліміздің бүгінгі және ертеңгі гүлденуіне үміттене аламыз.
    Бұл жолда Жәнібек пен Керей хандарды, ұлы қайраткерлерді, Тәуелсіздік алаңындағы қолына көк ту ұстаған сәбиді және оған осы күннің маңыздылығын түсінуге көмектескісі келетін ата-анасын кезіктіреміз.
    22 жыл бұрын Тәуелсіздігімізді жарияладық. Енді өз тағдырымызды өзіміз қалыптастыра аламыз және Қазақстанның алда қандай болатыны өзімізге байланысты.
    Жаһандану жағдайында ұлттық қауіпсіздік пен келісім мәселесі болып барабарлықты сақтап қалу саналады.
    Әзірге бұл мәселе көбінесе патриоттық әндер мен қазақ кітаптарын жандандырумен айналысатын энтузиасттарды, кітапханашыларды толғандырады. Ал қиын жағдайларда бірлік пен келісімге шақыратын қазақтың халық әндерімен қорғанамыз. Сондықтан, мәдени мұрамызды қорғау мен сақтап қалуға байланысты мемлекеттік деңгейде шешім қабылдайтын уақыт келді.
    Әрқайсымыз – Қазақстанның тарихымыз, оның бүгіні мен ертеңіміз. Әрқайсымыз – мәдениет, тіл және көк байрақпыз. Демек, біз мықты да ынтымақты мемлекет құрушылармыз.
    Бүгінгі бірлігіміз бен күшімізді күн сайын сезініп жүрсек екен.
    Мемлекетті халық құрайды. Оның құрылуына алаңда тұрған әр адам өзіне сене отырып, аянбай ат салысады. Еліміздің әр азаматы өзін Қазақстанмен біртұтас санап, өзінің еңбегімен азаматтық қоғамды, қауіпсіздік пен амандықты, адамдық пен шығармашылықты, өзара келісімді нығайтатын мемлекет құрушысы болуы қажет.
    Алдымызда тұрған ендігі мәселе үдемелі даму болғандықтан, кемелділікке ұмтылып, алға жүруіміз керек.
    Сондықтан да Қазақстанды бабалар рухы мен күшін сезіне отырып, балаларымызды, достарымызды, көршілерімізді жігерлендіретінімізге сене отырып құрамыз. Өйткені Қазақстан – ол біз!
    Еркін және тәуелсіз Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқанымызға міне, 22 жыл болды. Тарих сабақтарын ескере отырып, бүгінімізді өзіміз қалыптастырамыз. Тәуелсіздікке жету жолымыз оңай болған жоқ: ол бізді шынықтырды, төзімді бола білдік және тәжірибе жинадық.
    Қазақ мемлекеті кемелдену кезеңіне аяқ басты, сондықтан күрделі мәселелер кідіріссіз және мүлтіксіз шешім қабылдауды талап етеді. Өткен жылдарда біз көптеген ішкі және сыртқы қиындықтарға төтеп беріп, алға қарай нық сеніммен қарыштадық, талай өзгерістерді бастан кешіп, бар күшімізбен барлығымыз және әрқайсымыз үшін қолайлы Қазақстанды құрдық. Кез келген қазақтың Қазақстанға бар жүрегімен берілгендігі күмән тудырмайды. Әрбір азамат өз елін сүйеді және елінің амандығына қажетті игі бастамалар үшін бар күшін салуға дайын. Бізде билік әрқашан сыналады, сынала да бермек. Бұл – заңдылық. Отанды сүюге негізделген сын Қазақстанның одан әрі көркеюін көру ниетімен байланысты. Әрқайсымыздың арманымыздағы Қазақстан әр түрлі болуы мүмкін: біреуі үшін ол – балаларының бақытты шағы мен ата-ананың саулығы; басқасы үшін ол – берік шекара мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуші әскердің амандығы болса, үшіншісі үшін ол – әділ экономикалық жүйе, заң алдындағы теңдік пен әлеуметтік әділдік, еңбек ету мүмкіндігі болады. Түптеп келгенде, барлығымыз одан әрі толыққанды Қазақстанда өмір сүруді армандаймыз. Отанымыздың тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің кепілі – қамсыздандырылған отбасы.
    Әлем қанды ішкі қақтығыстар мен ұлтаралық шиеленістер, халықаралық террористік топтардан төнетін қауіп-қатерлер сияқты тағы да басқа көптеген қорқыныштарға толы. Осындай қауіп-қатерлер бізді де айналып өткен жоқ. Сондықтан, біз бейбітшілікті сақтау мен қауіпсіздікке бағытталған халықаралық бастамалардан қалып қоймауымыз қажет. Қазақстанның әр отбасын, әр азаматын лайықты өмірмен қамтамасыз ете отырып, сыртқы қауіптерге төтеп беру және алға жылжу үшін ұзақ мерзімді болашақ пен мақсаттарды айқын көре білуіміз қажет. Осы арқылы отанымыз әлемдегі қазақтарды біріктіретін, бәсекеге қабілетті бола алатын орталыққа айналады.
    Тәуелсіздік алған соң даму жолында тапжылмай жылжуға мүмкіндік беретін маңызды жетістіктерге жеттік. Бүгінгі күні отанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мықты әскеріміз, жеткілікті қалыптасқан жергілікті басқару мен мемлекеттік билік институттары бар. Мыңдаған жылдар бойы талай сынаққа түскен берік қазақ отбасы – біздің маңызды құндылығымыз. Қауіпсіз отан мен қамсыз отбасы – мақсатымызға жетудің маңызды алғышарттары. 2018 жылы қазіргіден де жақсырақ елде өмір сүретінімізге сенемін.
    Қазақ халқы ешбір халыққа, ешбір ұлтқа жауындай қараған емес. Сондықтан ол да басқа мемлекеттер билігінің бізге солай жауап бергенін қалайды.
    Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымына мүше бола отырып Қазақстан сол ұйым мақсаттарына жетудегі өзіне алған міндеттемелерді сақтайды және оның ары қарай нығаюына өз үлесін қосады.
    Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жауынгерлік қабілетін жоғарылату, әскер мен қоғам ынтымақтастығын нығайту, қорғаныс жүйесін үнемі реформалап отыру мақсатындағы Солтүстікатлант альянсымен серіктестік байланыстар да тереңдейтін болады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі концепциясын жасау қажет деп санаймын.

    ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ – ОТАН ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

    Орталық Азияда бейбітшілікті қамтамасыз ету мен мемлекетімізге қарсы авантюраларға жол бермеу үшін біздің қорғаныс әлеуетімізді кәсібиліктің, тәртіптің, ұйымдастырушылықтың, бақылау мен айқындықтың заманауи стандарттарына сай дұрыс және мақсаттылы дамыту қажет. Қауіпсіздік жүйесін реформалаудың үздіксіздігі мен реттілігі, оларды заманауи талаптарға сәйкестендіру, сонымен қатар, сыртқы қауіптің алдын алу мен адекватты жауап беру сияқты қадамдарға саяси, дипломатиялық, экономикалық, ақпараттық, қажет болған жағдайда әскери және басқа да іс-шаралар жатады.
    Біз міндетті әскери қызмет институтына білім беру және әлеуметтік салада қауіпсіздік пен жағдайды жақсарту арқылы сенімді күшейту шараларын жалғастырамыз. Шұғыл әскери қызметтен демобилизацияланған тұлғаларды мемлекет жұмыспен және білім алуда льготалармен қамтамасыз етеді. Қауіпсіздіктің барлық шаралары экономикалық, әлеуметтік, ғылыми және халықаралық ынтымақтастықтың дамуын, рухани, ақпараттық және қауіпсіздікке байланысты басқа да шараларды дамытуға бағытталады.
    Қазақстан айналасында қалыптасқан әскери-саяси жағдай мен қауіп-қатерлер жауынгерлік қабілеті бар, үнемі жетіліп отыратын, заманауи ғылым жетістіктерін тиімді қолдана алатын әскерді талап етеді. Әскерді ары қарай жетілдіру мен күшейту үшін алдағы 5 жылда мыналарды қаматамасыз етеміз:
    o Қазақстан Республикасының Қарулы күштері үнемі мобильді және жауынгерлік қабілетте болу үшін өз аймағымызда және оның айналасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек. Оның негізі әлемнің әр түкпірінде жауынгерлік міндеттерін керемет орындауы арқылы қаланған.
    o Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін ары қарай заманауи қару-жарақ және техникамен, соның ішінде отандық өндірістен шыққанымен қамтамасыз ету. Барлау, бақылау, табу, нысананы дәлдеу, жеңу сияқты бірыңғай жүйеге кіретін көппрофильді кешендерге басымдық таныту керек. Осының барлығында мемлекет назарында болатын заманауи және икемді отандық әскери-өнеркәсіптік кешен маңызды рольге ие болады.
    o Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде тәртіп бұзушылықтар мен заңсыз қатынастарға орын жоқ. Қарулы күштердің жеке құрамының кәсіптілігі мен білім деңгей жоғарылайды. Тәртіп әскери қызметкерлердің өзара сыйластығы мен бұйрықты мүлтіксіз орындауына негізделеді. Командирлер нағыз үлгі тұтарлықтай қызмет ететін болады.
    o Жемқорлық Қарулы күштер жүйесінен шеттетіледі және әскердің жеке құрамын күнделікті әлеуметтік проблемалардан босата отырып, олардың негізгі күші жауынгерлік қабілетті жоғарылату мен білімдерін толықтыруға жұмсалатын болады.
    o Әскер мен қоғам арасындағы байланысты күшейту арқылы қарулы күштердің транспаренттілігі мен азаматық бақылау деңгейі жоғарылайды. Осының негізінде мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін атқарудан бөлек Қазақстан Республикасының Конституциясы және өзге де заңдары бойынша құқықтарын қолданатын «әскери формадағы азамат» идеясы қалыптасады.

    Әскерді білімді мамандармен толықтыруға көп көңіл бөлінетін болады. Бұл жерде Қазақстандағы әскери білім беру жүйесінің сапалылығы мен бәсекеқабілеттілігі маңызды рольге ие болмақ.

    ҚАУІПСІЗ ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ

    Бүгінде Қазақстан халықаралық қатынастарға ерекше динамикалы және кең түрде араласуда. Көпжақты және екіжақты халықаралық қатынастарымыз қарқынды дамып, халықаралық қызметіміздің құқықтық негіздері қалыптастырылуда. Қазақстан әлемнің барлық прогрессивті елдерімен және күшті орталықтарымен байланысын дамытып жатыр. Ұлттық мүддені көрсетудің, азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және отандастарымызды біріктірудің барлық жақсы жағдайлары жасалып жатыр.
    Үнемі назарда болатын мәселелер:
     Қауіпсіздіктің сыртқы компоненттерін күшейту;
     Халықаралық саяси және экономикалық қатынастар шеңберін кеңейту;
     Қазақстанның Ресей Федерациясымен одақтық стратегиялық серіктестігін дамыту;
     Америка Құрама Штаттарымен достық серіктестік қатынасты дамыту және кеңейту;
     Еуроодақпен серіктестік саясатын жалғастыру және еуропалық елдермен қарым-қатынастарды ары қарай нығайту;
     Көршілес елдер – Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан және Түркіменстанмен қатынастарымызды үздіксіз дамыту;
     Иран, Үндістан, Жапония және басқа да достық қарым-қатынастағы елдермен серіктестігімізді кеңейту. БҰҰ кеңістігіндегі интеграциялық үрдістерге белсенді қатысуды жалғастыру, БҰҰ елдерімен дәстүрлі қарым-қатынас пен серіктестікті тереңдету;
     Араб елдерімен байланыстарды қамтамасыз ету.

    Әлемнің барлық елдеріндегі ҚР азаматтарының қорғалу мәселелеріне көп көңіл бөлінетін болады. Басты назарға сыртқы әлеммен байланыстыратын транспорттық маршруттар, энергия тасымалдаушы транспартировка құралдарының эксплуатациясы, сыртқы сауда жағдайлары, сыртқы инвестицияларды, жаңа нарықтарды іздеу мен осы нарықтарға отандық өнімді тарту мен өткізу, жаңа технологиялар енгізу алынады.

    ДИАСПОРАДАҒЫ БАУЫРЛАРЫМЫЗБЕН БІРГЕ ИГІ ҚАЗАҚСТАНҒА!

    Соңғы жылдары Диаспорадағы серіктестік байланыстар жаңа деңгейге көтерілді. Әлемдегібарлық қазақтардың бірлескен потенциалы, ынтымақтастығы мен серіктестігінің мыңдаған мысалдары біздің бәсекелікартықшылықтарымызды арттырды.
    Жақын арадағы жылдары Қазақстан мен Диаспора серіктестігінің жаңа форматы жасалады. Оның басымдылығы – Диаспора жастарының шәкіртақысын жоғарылату, Диаспора оқу орындарымен байланыс бағдарламаларын кеңейту, қазақтану облысындағы біріккен ғылыми зерттеулерді жүргізу.
    Қазақстанға оралушы отандастарымыз үшін барлық мүмкін жағдайлар жасалуы қажет.

    ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН
    «Әділетті мемлекет» — азаматтармен бірігіп маңызды мәселелерді талқылау және әділ шешімдер қабылдау. Әділетті мемлекет саяси, экономикалық, мәдени өмірге кепілдік бере отырып, бәсекені қамтамасыз етуге және ынталандыруға, осал әлеуметтік топтарды қорғауға, жемқорлықты мақсаттылы және жүйелі әрекеттермен тоқтатуға міндетті.
    Әділеттілікті қамтамасыз ету барлық мемлекеттікбасқару органдары және жергілікті басқару органдарының міндеті ғана емес, соттардың негізгі қызметі болып саналады. Соттар азаматтардың мүдделерін қорғай отырып, осы бағыттағы басқа органдардың қызметін ынталандырады. Сол кезде ғана сот әділдігіне сенім артады.
    Әкімшілік органдарда, әкімшілік өндіріс шеңберінде адам құқықтарын қорғауға үлкен мән берілетін болады.
    Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының жүйесі өз бағытталуына сай бола отырып, құқықтардың қастандықтан қорғалуын қамтамасыз етуі қажет. Азаматтардың қауіпсіздігі мен еркіндігі басымдылыққа алына отырып, мемлекеттік орргандардың қызметі қоғамда келісім мен әділеттілікті орнатуға әсер етуі керек.
    Қылмыстық сот ісін жүргізу философиясы қайта қаралатын болады. Азаматтар қылмыстық істер бойынша заңды құқықтарын қорғауға жаңа мүмкіндіктер алып, құқық қорғау органдары қылмыспен күреске қажетті заманауи құқықтық құралдарға ие болады.

    ЕРКІН ҚАЗАҚСТАН – ОЛ ҚАУІПСІЗ ҚАЗАҚСТАН

    Халқымыз ғасырлар бойы еркін де тәуелсіз Қазақстанды аңсап келді. Қазақстанда плюрализмге, саяси еркіндікке, сөз еркіндігі мен демократияға баламалы таңдау жоқ. Бұл негізгі принципті сақтау мен дамыту үшін бізге әлі көп жұмыс атқару қажет.
    Конструктивті және жауапкершілікті сын, азаматтық бақылау институттарының кедергісіз қызметі дұрыс саясижүйе мен биліктің бөлінуінің, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігінің негізі болып табылады. Саяси плюрализмге негізделген саяси бірліктердің конструктивті диалогі — қауіпсіз Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды компоненті. Ұлттық және әлеуметтік келісім принципінің баламалы таңдауы жоқ.
    Тек еркін идеологиялық күрес қана демократиялық дәстүр мен саяси жүйенің үдемелі дамуын қалыптастырудағы сенімді кепіл бола алады. Қызметіміздің негізінде ұлттық және демократиялық құндылықтарға ие бола отырып, Диаспораның дәстүрлі партияларымен берік байланысымызды құрметтейміз.
    Біз әр азамат үнінің естілуіне, оның сыны назар мен құрметке ие болатына сенімді болу үшін ниеттеніп жатырмыз.
    Азаматтардың өздерін толғандыратын мәселелерін шешу мақсатындағы бейресми бірігулері билік шешімін өзгертуге әсер етудің өзіндік балансына айналды. Сондықтан біз осы жолдан тайынбауға бел будық.

    ҚАМСЫЗ ОТБАСЫ
    ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЛАЙЫҚТЫ ТАБЫС

    Қазақстанның экономикалық дамуы сапалы жаңа өндіріске, отандық өндіруші мен экспортерге қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге, елде еркін экономикалық аймақ құруға, ықпалды сыртқы инвестицияларды тартуға және іскерлік ортаны жетілдірудің саяси жүйесіне бет алды.
    Бұл жерде саналы нарықтық реттеу мемлекеттің нақты секторға тиімді араласуымен бірігіп, алғаш рет белсенді экономикалық саясат дамуға бағытталған негізгі жұмыс стиліне айналады.
    Даму саясатының басты мақсаты болып орта және жоғары біліктілікті талап ететін жұмыс орындарының ашылуы, экономикада өнімділіктің жоғарылауы саналады.
    Өндірістік саясат белсенді іске асырылу сатысына аяқ басты. Елдің өндірістік дамуының өзегі – бәсекеқабілетті технологиялар қолданатын және инновациялық нәтижелерге жететін салалар.
    Осы мақсатқа қол жеткізу үшін өндіріс пен өткізудің жаһандық құндылықтізбегіндегі Қазақстанның маңызын арттыруға әсер ететін батыл жобаларды іске асыруымыз қажет. Отандық экспорттық бағытталған экономикаға әсер ететін бастапқы құралдар – беделді фирмаларды тарту, еркін экономикалық аймақтарды тиімді пайдалану, халықаралық нарықтардағы қазақстандық тауарлардың танылуы мен беделін жоғарылату шараларын жүргізу. Бағдарламалар мен жобаларды іске асырудың барлық сатыларында жеке секторды серіктесіміз ретінде санау принципін негізге алатын боламыз. Аталған шаралар мен бастамалардың мақсаты – жаңа кепілдендірілген жұмыс орындарын ашу.
    Әлемдік нарықта жоғарыөнімді және бәсекеқабілетті экономика құрудың алғышарттарның бірі – халықаралық экономикалық интеграцияны тереңдетуді ынталандыратын механизмдерді қолдану.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.