Әр шаңырақта «Ана тілі» болсын!

Анар Фазылжан, филология ғылымының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары

Қазір жер-жерде баспасөздің екінші жартыжыл­ды­ғына жазылудың дайындықтары жүріп жатыр. Бұл науқанның маңызы ерекше. Өйткені газет-журнал – уақыт үнін жеткізуші, қоғамдық ойдың қозғаушысы.
Өз басым өзге де қазақ басылымдарымен қатар ұлт басылымы саналатын «Ана тілі» газетінің де оқыр­манымын.
Тіл – ұлттың рухын сақтаушы, жасаушы, асқақ­татушы ұлы тін. Сол себепті ұлт үшін тілден қымбат құн­дылық жоқ. Мұны Алаштың ардақтылары да жеріне жеткізе айтып кеткен. Міне, сондықтан қазақ тіліндегі қаншама құнды дүниеліктерді қалың жұрт­шылық арасында кеңінен насихаттап жүрген «Ана тіліне» әрбір қазақ отбасының жазылғанын қалаймын.
Газеттегі институтымыздың мамандары үзбей жүр­гізіп келе жатқан «Сөзтаным» айдары, сонымен бірге «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры», «Тілге көзқарас – елге көзқарас», «Тіл мен тұлға», «Жеріңнің аты – бабаңның хаты», «Терминология және уақыт» және тағы да басқа айдарлармен берілетін мақалалармен жақсы таныспын. Бұларда көтеріліп жүрген өзекті мәселелер еліміздің көзі ашық, көкірегі ояу оқырманының дітін дөп басады. Осы қарқын алдағы уақытта да жалғаса берсе нұр үстіне нұр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.