Дара дарын иесі еді

КСРО және Қазақ КСР халық артисі, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев 88 жасында өмірден озды.
Ш.Қажығалиев 1951 жылдан бастап Құр­манғазы атындағы мем­ле­­кеттік халық аспаптар оркестрінің бас дирижері болды. Екі жыл өтпей жатып-ақ өнер ұжымы Бухарест қаласында өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінде алтын медаль жеңіп алды. Кейін оркестрге республиканың еңбек сіңірген ұжымы, академиялық атақтары берілді. Қазақстан Респуб­ликасы мемлекеттік симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. Құрман­ғазы атындағы Алматы консерва­ториясының профессоры міндетін атқарды. Қарағанды облысы әкім­дігінің шақыруымен Тәт­тімбет атын­дағы ака­демиялық халық аспаптар ор­кестрінің көр­кемдік жетекшісі болды.
Ол жетекшілік жа­са­ған халық аспаптар оркестрі көптеген ха­лықара­лық және рес­публикалық фестивальдер мен конкурстарға қатысты. Көптеген елдер­де өнер көрсетіп, жұртшылықтың көңі­лінен шықты.
Қазақтың тұңғыш кәсіби дирижері дара дарын иесі болатын. Шынайы талант иесі өзінің бүкіл ғұмырын өнер саласына арнады. Ұлттық өнеріміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты.
Ғибратты өмір сүрген абзал аза­маттың, ұлттық өнер жанашы­ры­ның, көрнекті өнер иесінің жарқын бейнесі әрдайым да ел жадында болады.

«Қазақ газеттері» ЖШС
және Серіктестікке қарасты
басылымдардың еңбек ұжымдары

14 Пікір

  1. Прнааш

    Ооооооооооооооооооооо
    Ооооооооооооооооооооо
    Ооооооооооооооогооооооо
    Ооооооооооооооогооооооооооооооо
    Ооооооооооооо👍ооооооо
    Оо
    Оооо
    Ооооооо
    Оолоолоол

    Оооо

  2. Аноним

    Оооооооооооооооооооооооооооооооооооооогоооооооооооооогооооооооооооо👍👍👍👍👍👍👍👌👌👏👏👏

  3. Аноним

    Күшті 😍😍

  4. Мұнар

    Ееремет

  5. Іңкәр

    Күшті

  6. Жібек

    Өте нашар

  7. Балғын

    Осылай жазама

  8. Исрап

    Толық емес

  9. Аноним

    Жақсы

  10. Аноним

    Жоспар бар ма?

  11. Аноним

    Күшті 👍🏻👍🏻👍🏻

  12. А

    Мен айтым ғо Н.Тілендиев деп

  13. Аноним

    ОООООООООООООООООО ООООООООООООООООООГ ООООООООООООООООООГ ООООООООООООООООООГ ОООООО

  14. Баха

    😍😍😍мәләдеіс!

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.