«Ана тілі» – рухани жансерігім

Әлімбай НАЙЗАБАЕВ,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
«Бауыржантану»
ғылыми-зерттеу
 орталығының ғылыми қызметкері:

 

Бүгінде ақпарат тарату жолдары сан түрлі. Өз басым күнделікті жұмыс барысында интернет желісін пайдалансам да, дәстүрлі басылымдардың, соның ішінде газеттің орнын ерекше деп санаймын. Бұл тұрғыдан келгенде «Ана тілі» газеті менің рухани серігім десем де болады. Басылым бетінде жарияланып жатқан көптеген пайдалы материалдар оқырманның аудиториясына бағытталғаны байқалып тұрады. Тіл мен тарих, әлеумет,  білім беру, ғылыми ізденістердің нәтижелері, ағымдағы ақпараттар, рухани мәселелер – ұлт газетінің бетінде үнемі жарық көріп отырады.
«Ана тілі» газетінде негізінен оқырманға ой салатын, оқырманның танымын арттыратын, дүниетанымын кеңейтетін, рухани құндылықтарды арқау ететін мақалалар басылады. Сондықтан интернет заманында өмір сүріп отырсақ та, «Ана тілі» газетін үнемі қадағалап, оқып отырамын. Газеттің электронды нұсқасы да бар. Бұл да басылымның уақыт ағымынан қалыс қалмай, алдыңғы қатардан көрініп келе жатқанын дәлелдейді. Екінші жартыжылдықта да «Ана тілі» апталығы біздің рухани жансерігімізге айналсын десек, газетке жазылайық, тілімізге қолдау көрсетейік дегім келеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.