Кітап – рухани байлық негізі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бірнеше жылдан бері «100 кітап» жобасы жұмыс істеп келеді. Бұл жобаға сәйкес барлық мамандық саласындағы студенттер әлемдік деңгейдегі әдебиеттер тізіміне енген кітаптарды оқиды.

Осылайша студент жастардың басым көпшілігі классикалық шығармалармен тереңірек танысып, рухани-адамгершілік құндылықтарды игеруге, кәсіби біліктіліктерін қалыптастырып, әлемдік ой қазынасының қай­на­рынан сусындауда.
Кітап оқу – өмірде кезде­се­­тін көптеген шешуі қиын мәсе­лелерге жауап табуға септе­сетіні сөзсіз. Әрбір қаламгер өз шығармасында оқырманын тың бастамаларға бас­тап, ізгілікке тәрбиелейтіні анық. Бір айта кетерлігі, «100 кітап» ті­зі­міне енген қазақ әдебиетінің туын­дылары да сан алуан. Аталмыш жоба университет студенттерін тың бастамаларға бастап отыр. Мәселен, оқу орнының механика-математика факультетінің магистранттары еліміздегі ақын-жазушы әйелдердің өмірі мен шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өткізіп, қазақтың белгілі ақын қыздарының шы­ғар­ма­шылығы мен өмірі жайында пікір алмасты. Шарада олардың туындыларынан үзінділер оқылды. Университет қабырғасында өткізілетін мұндай шаралар жастар бойын­да кітап оқу мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, ұлттық әдебиетіміздің өкілдерін танып-білуге үлкен жол ашады.

Н.ЛОМАЧЕНКО,
 Ш.ҒҰМАРОВА

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.