Елім деп соққан жүрегі

Қос жанарлы көзіңіздің шырағы,
Туған жерің гүлге оранып тұнады.
Топырағы мықты жерден,
Мықты адамдар шығады…
***
Батқан күн мен таңы елес,
Бұл өмірдің бәрі елес.
Кәдімгі біздің Досанов,
Тегін туған жан емес.

Туған жерден күш аппын,
Бәрі де ыстық құшақтың.
Аман қалған адам бұл,
Апатынан ұшақтың!

Жабырқамас жұқарып,
Көрмеген ешбір мұқалып,
Кәдімгі Сәбит Досанов,
Кәдімгі Сәбит Мұқанов.

Мұқалтпас жанды мұң-қайғы,
Ағысты өзен тыңдайды.
Досанов шыққан туған жер,
Жаратқан Ғафу, Сырбайды!

Ақыны көп думанды ел,
Жөргегін көптің жуған жер.
Досанов шыққан топырақ,
Кеңшілік ақын туған жер!

Шашу да шашқан көгінен,
Көсіліп дала кеңіген,
Тұрғынбек ақын Серік те,
Досанов Сәбит елінен.

Дұшпанын талай жыққан жер,
Досы да досты ұққан жер.
Сәбит елі сол жерде,
Міржақып Дулат шыққан жер!

Ақиық жанға жол берген,
Табиғат мырза мол берген.
Байтұрсынұлы Ахмет,
Сәбиттің елі сол жерден!

Жангелдин жерін сүйеді,
Торғайға басын иеді.
Досанов Сәбит шыққан жер,
Топырағы киелі!

Төрлерден өтіп төр асқан,
Жұлдызға елі – толы аспан,
Содан да ұғып Елбасы,
Сәбитке солай жол ашқан.

Сәбит боп еркін сөз алды,
Қазақы дала көз алды.
Бұрынғы Ленин сыйлығын,
Шолохов етіп өзі алды.

Тұлпар аттай босанып,
Қос сыйлықты қоса алып.
Не десеңдер, о, деңдер,
Осылай Сәбит Досанов!

Елім деп соққан жүрегі,
Жерім деп соққан жүрегі,
Топырағы киелі,
Торғай елі түлегі!
Ерте ме, әлде, жеттің кеш,
Бұл жайды бәлкім көп білмес.
Аман қалған ұшақтан,
Олжа бала Досанов,
Есігін қақты Жетпіс Бес!

Жылы сөзбен иіткен,
Дос-туысты жиып кең,
Сөйлейді Сәбит Досанов,
Жетпіс Бес деген биіктен!

Ал, Сәке, саған не дейін,
Жырменен қанат демейін,
Құтты болсын жетпіс бес,
Құтты болсың мерейің!

Шөмішбай САРИЕВ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.