Оқырманға айтары көп

Жақында «Арда» баспасынан ­Құра­лай Аққош­қарова мен Хамитбек Мұса­баевтың құ­рас­тыруымен жазушы ҚР Мем­ле­кеттік сый­лы­ғының иегері Сәбит Доса­новтың шығар­машы­лығына арналған «Аңыз адам» атты жаңа кітап шықты.

Көркем сөздің көрнекті шебері, есімі мен еңбегі алыс, жақын шетелдерге де кеңінен таныс жазушы Сәбит Аймұханұлының шығар­ма­шылығы жайлы ой өрбіткен бұл кітап, осы белгілі тұлғаның көпке беймәлім қыры мен сыры, еңбек пен күреске толы, қиындығы мен қуа­нышы қабат өрілген аңызға айналған өмірі жайлы сыр шертеді.
Кітап сегіз бөлімнен тұрады. «Көркем мінез, көсем ой», «Ақиық жырдың арқауы – арнау», «Достық әзіл», «Хаттарда да тарих бар», «Қысқа да нұсқа хабарлар», «Жазушы Сәбит Досановтың қаламынан туған қа­нат­ты сөздердің бір үзігі», «Газет беттерін па­рақтағанда», «Құттықтаулар», «Ұлылар айтқан ұлағатты ой» секілді бөлімдерден тұра­тын кітаптың оқырман қауымға айтары көп.
Өмірдегі ағалары мен інілерінің, замандас­тарының, құрбы-құрдастарының жазушы жайлы естеліктері және жазушының басынан өткен мұңы мен қуанышы қатар өрілген тың туындылары жайлы толық мағлұмат ала аласыз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.