Өмір – өткел

Елдің құрметті азаматы, отставкадағы полковник Ғабдолмәжит Сабырәліұлының «Өмір-өткел» атты кітабын басынан аяғына дейін әр сөзінің астын сызып отырып оқып шықтым. Өйткені бұл кітапты қазақ елінің құрметті ақсақалы Ғатих Маштақұлы өз қолымен әкеліп маған табыс етіп, пікір айтуымды сұраған еді. Оның авторы Ғатекеңнің жан жолдасы, досы екен. Осылайша құрметпен ашқан кітабымның алғашқы бетінен бастап, оның қызықтылығына риза болып, Ғатекеңе іштей рахмет айтумен аяқтап едім. Бүгін сол рахметімді оның авторына да, әкеліп берген ағама да дауыстап жариялаймын.
Сонымен, кітаптың аты – «Өмір-өткел». Символдық ат. Кітап аты дәл табылған деп есептедім. Өткел! «Бұл қандай өткел?» деген сұрақ қойдым. Иә, шынында адам өмірі – өткел. Жайықтың бір бетінен екінші бетіне емес. Фәниден-бақиға өткел. Фәни деп аталатын абстракциялық болмыстан бақи деп аталатын абстракциялық болмысқа өту. Қарапайым ғана көзге елестетейік, мысалы, өзеннің бір бетінен арғы жағына өту үшін не істеу керек? Күресу керек. Екінші бетке өту – біз үшін бақыт деп есептесек, осы бақытқа жету үшін неше түрлі әрекеттер істеген абзал. Оның бастысы – күрес. Егер екінші бетке өте алмасаң, осы бетте қаласың. Немесе, екінші жағалауға өту үшін айла-шарғыңыз, күшіңіз, әрекетіңіз жетпесе, су түбіне кетесіз. Демек, өткелдің болмағандығы – өмір сүре алмағандығыңыз. Өмір сүру дегенді ел үшін еңбек ету деп білу керек. Өткелден өту – ел үшін өмір сүру. Халқыңның алдындағы борышыңды өтеу, еліңнің алға басуы үшін, оның болашағы үшін тер төгу. Өмірдің өткел екендігі осында. Адам өмірі өлшеулі. Фәни мен бақидың арасы өмірмен жалғасып жатады. Бұл кітаптың жанрына келетін болсақ, кітап – мемуарлық еңбек. Автор өз өмірінен шежіре жазған. Бірақ ол – көркем шығарма емес. Көркем шығарма болу үшін бұл кітапта өмір құбылыстарын жи

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.