«Ашаршылық және Алаш азаматтары»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасында 31 мамыр – Қуғын-сүргін құр­бандарын еске алу күніне орай Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлт­тық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры­ның ұйым­дастыруымен «1920-1930-шы жылдардағы Қазақ­стан­дағы ашаршылық және Алаш азаматтары» атты рес­публикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға Алматы қаласы әкімінің орынбасары З.Жұманәліқызы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Х.Әбжанов, тарих ғылымының докторы, профессор Т.Омарбеков, Қазақстан тарихшылар қауымдастығының Президенті, тарих ғылымының докторы, профессор М.Қойгелді, Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары, тарих ғылымының кандидаты Б.Қойшыбаев және т.б. қатысып, өзара пікір алмасты.
Конференцияға қатысушылар «Түркілік және алаштық идеядағы қоғам қайраткерлерінің ашар­шылық мәселесіне байланысты жұмыстары», «Кеңес үкіметінің идеясын мақұлдаған қоғам қайрат­керлерінің ашаршылық мәселесіне қатысты жұмыс­тары», «Ашаршылықтың тарихи шындығын анықтау мәселелері», «Халықты ашаршылықтан құтқару мә­селесімен айналысқан зиялылардың бас­тан ке­шір­ген нәубеті» деген тақырыптар бойынша әңгіме қозғады.
Жиын барысында ашаршылық құрбандары ұр­пақтарының естеліктері жазылған жинақ шығарылса деген ұсыныс-тілек айтылды.

Жадыра БАҒАШАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.