Бағдарлама талабынан көрінейік

Айгүл БОЛАТБАЕВА,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
педагогика кафедрасының аға оқытушысы,
педагогика ғылымының докторы

Елбасының «100 нақты қадам» деп  аталатын Ұлт Жоспарымен танысу барысында онда айтылған мәселелер тек бүгінгі күннің рухани-әлеуметтік, саяси-экономикалық қажеттеліктерімен ғана емес, еліміздің алдағы уақыттағы даму көкжиегін айқындайтын міндеттердің қамтылып отырғанын байқадым. 100 қадам жобасын халық болып, қоғам болып іске асыратын болсақ, менің ойымша, біз үлкен жетістіктерге жетіп, мемлекетіміздің қуаттылығы артып, экономикалық және өзге де бағыттарда тың сер­пілістер орын алады. Әрине, 100 қадамның әрқайсысы бүгінгі күн­нің талабынан алған кезде өте маңызды қадамдар болып табылады. Бағ­дарламалық құжаттың көңілімнен шыққан жері мұнда мәселелердің нақты қойылғандығы және олардың шешімі де нақты көрсетілгені. Шынтуайтына келгенде, бізге осындай нақты қадамдарды жүзеге асыра отырып, ілгерлей түсу өте қажет. Мұндай кезде Елбасының ұсынған 100 нақты қадамы ұлтымыздың болашақ жоспарын тағы бір айқындай түсті.
Ұлт Жоспарының 87-інші қа­да­мында: «Азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында тех­но­логиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Со­ның бірі – «Қазақстан Энциклопедиясы» кең көлемді интернет жобасын құру. Мұндағы басты мақсат – әрбір аза­­матқа және шетелдік туриске ел туралы көбірек білуге көмектесу» деп атап көр­сетілген. Меніңше, бұл өте маңыз­ды мәселе. Қорыта келгенде айтарым, Елбасы ұсынған 100 нақты қадам бұл келешегіміздің жарқын болуына арналған жоба.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.