«Ана тіліне» жазылғаның – ана тілін қолдағаның!

Көшім ЕСМАҒАМБЕТҰЛЫ,
Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының профессоры,
тарих ғылымының докторы:

«Ана тілі» газетін ақпарат айды­нында өзіндік орнын қалып­тас­тырған, ұлт мүддесін дәріптеген ұлт басылымы деп білемін. Басылым жарық көрген­нен бастап халқымыздың тарихына байланысты материалдарды көптеп беріп келеді. Әсіресе, қазақ халқының қалыптасуы, шығу тегіне байланысты шежірелік нұсқаларды берілуінің оқырман қауым үшін маңызы зор. Алғашқылардың бірі болып қазақ тарихындағы ақтаңдақтар мәселесін ашуды қолға алды. Сонымен бірге басылымның «Қазақ хандығының 550 жыл­дығына» орай «Қазақ хандары» айдарымен берілген материалдары оқырман қауым тарапынан жылы қабылданып келеді. Ұлт газеті деп аты айтып тұрғандай, өзге басылымдардан алғашқы болып қазақ хандарын өскелең ұрпаққа дәріптеуі де кездейсоқтық емес. Өйткені тіліміздің сақталуы, алға қарай өркендеуі, дамуы халқымыздың тарихымен тығыз байланысты. Тарихи тақырыптарға байланыс­ты өткір мәселелер де газет назарынан тыс қалған емес.
Тілімізді тұғырлы етуге қатыс­ты байыпты да байсалды ойларға толы мақалаларды оқып қуанамын. Сонымен бірге мәде­ниет, өнер, әдебиет саласын­дағы көкейкесті мәселелер де жүйелі түрде көтеріліп келеді. «Ана тілі­нің» ұлттық сананы жаңғыр­ту­да еңбегі ерекше деп білемін. Сондықтан ел болашағын ойлаған әр отбасы «Ана тіліне» жазылу керек. Басылымға жазылған әрбір оқырман жыл бойы рухани құндылықтардан сусындайтын болады. Біз қазіргі таңда мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруіміз керек, қолданыс аясын кеңейтуіміз керек деп жиі айтамыз. Алайда мемлекеттік тілдің мәр­тебесін көтеру қазақ тілін жетік меңгеру, сонымен қатар еліміз­дегі бірегей ұлт газеті «Ана тіліне» жазылу тәрізді игі­лікті шаруа­лармен жүзеге асуы тиіс. Мен басылымның тұрақты оқыр­маны болғандықтан, газетке жа­зылуды өзіме парыз санаймын және өзге оқырмандардың жазылуына кеңес берер едім. Бұл өз ана тіліңді қолдағаның болып есеп­теледі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.