Сарбаздар ант қабылдады

Жақында Қарағанды гарнизонында орналасқан 31775 әскери бөлімнің жас сарбаздары ресми түрде ант қабылдады.

Ант қабылдау рәсіміндегі салта­нат­ты жиынды бөлім командирі, пол­­ковник Н.Осмонов құттықтау сөз­бен ашты. Өз кезегінде 31775 әскери бөлімінің ардагері запастағы генерал-майор Дуда Янис Бронисла­во­вичке,қатардағы жауынгер Е.Толыбаевқа және сарбаздардың ата-аналары ақ тілектерін айтып, ұлдарына баталарын берді.
Осындай қуанышты сәт арасында бүгінгі ант қабылдаған жас сарбаздардың ата-аналарымен де әңгімелесудің сәті түсті. Солардың бірі – Шымкент қаласынан ат терлетіп келген Фарида Халменова туған ұлы Ербол Толыбаевтың жас жауынгер аталғанына қуанышын жеткізді. «Баламның әскери борышын өтеп жатқан жерін, оның командирлерін көріп, қөңілім тоғайып тұр. Оның үстіне бұрын әскер екі жыл екі-ақ күн емес пе деуші еді, енді бір жыл деген уақыт па. Қазір-ақ өте шығады ғой. Тек еліміз тыныш, халқымыз аман болып, аспанымыз ашық болсын» деді ол.
Шара аяқталған соң ант беру рәсіміне жиналған меймандар казарма үй-жайына, сарбаздар асханасына, медициналық бекетке кіріп, бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты. Әскери бөлім оркестр әншілерінің өнерін тамашалағаннан кейін жауынгерлердің туған-туысқандары бөлім басшылығына алғысқа толы жылы сөздерін білдірді.

Думан ҚұРМАНғАЛИЕВ,
Астана өңірлік қолбасшылық әскерлерінің фототілшісі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.