Зергерлер Назарбаевқа арнап қымбат iPhone шығарды

Қымбат телефондар шығаратын Сaviar брендінің зергерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген iPhone смартфондарын сатылымға шығарды деп хабарлайды Businessnews.kz брендтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

нззз

Қазақстан президентінің суреті айшықталған iPhone смартфондарын Caviar брендінің зергерлері дайындаған. Жаңа смартфон Caviar Supremo Nazarbaev деп аталады.

Телефонды шығарушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасын — шынайы адами ұлылықтың сирек үлгісі деп атады. Зергерлер Қазақстан президенті осы қасиетімен елінің көшбасшысы әрі беделі жоғары тұлға атанып отырғаныдығын айтуда.

Телефонның экстрерьері (сыртқы сипаты) шығыстың әсем ою-өрнектерімен, Қазақстанның елтаңбасымен кескінделген. Сондай-ақ, телефонның сыртына Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті және оның қолтаңбасы таңбаланыпты.

Смартфонды дайындауға сонау Қайта өрлеу заманынан бері флорентиялық зергерлер қолынан түспей келе жатқан қымбат металлдар пайдаланылған. Оның барлық элементтері итальяндық техникалардың көмегімен және қол еңбегімен әзірленді.

Caviar брендінің өкілдері бұл iPhone смартфондары Назарбаевтың туған күніне орай шығарып отырғандарын айтады.

Смартфондардың бағасы 179 мың рубль, яғни шамамен 620 мың теңге.

Nursultan3

Nursultan2

nazarbaev_catalog_all

Дереккөз: Businessnews.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.