Депутаттар банк құпиясын жоюды көздейтін заңды бастама етіп көтермек

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары банк құпиясын жоюды көздейтін заңды бастама етіп көтермек. Бұл туралы мәжілісмен Нұртай Сәбильянов мәлім етті.

«Проблемалық несиелерге келетін болсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасымен банктердің проблемалық несиелер қорының жарғылық капиталын ұлғайтуға қарастырылған 250 млрд теңге үкіметтің резервін көбейтуге бөлінді. Комиссия Ұлттық банктен проблемалық несиелер жөнінде ақпарат сұрағанында, олар бұл ақпараттар банк құпиясы қатарына жататындығын айтты. Осыған байланысты банк құпиясы деген болмауы үшін екінші деңгейлі банктер туралы заңға өзгерістер енгізуді жоспарлаудамыз. Біз бұны бастама етіп көтереміз», — деді Н.Сәбильянов бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының бюджеттік қаражаттардың тиімді жұмсалуын қадағалау тақырыбына қатысты отырысында.

Қазақпарат агенттігі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Mrs.Benson Cornelia

    Егер сіз 3% өсіммен несие қажет пе? иә, егер Сіз жайлы мәліметі бар қазір қолданылады
    1.Full атауы:
    2.Sex:
    3.Age:
    4.Phone:
    5.Fax:
    6.Country:
    7.Amount қажет:
    8.Duration кезеңі:
    Сіздің қолдана отырып (jewayfundsservice@gmail.com) сіздің жауап жіберу.
    !!! БІЗ өмір сүруге арманы !!!

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.