Қазан қаласында Нұрсұлтан Назарбаев атына көше берілмек

Татарстан Республикасындағы «Қазақстан» қазақ ұлттық-мәдени автономиясы Қазан қаласының бір көшесіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы бастама көтерді. Аталған автономия төрағасы Сағит Жақсыбаев Қазан қаласының мэрі Ильсур Метшиннің атына осындай ұсыныспен хат жолдады, деп жазады «Татар-информ» АА.

«Нұрсұлтан Әбішұлы екі бауырлас халықтың арасындағы достық қарым-қатынасты одан ары жалғап, нығайта түсті. Экономика, білім, мәдениет саласында ықпалдастықты республикалық деңгейде де, өңіраралық деңгейде де қалыптастырды. Біз бұл байланыстардың тарихи маңызына терең мән береміз», — деді сұхбатында Сағит Жақсыбаев.

Ол Қазан федералды университетінің ғимаратында Бөкей ордасының соңғы ханы, Қазан императорлық университетінің құрметті мүшесі — Жәңгір ханға арналған мемориалды тақта орнатылғанын айтып өтті.

«Біз Қазан қаласының көшесіне Назарбаев есімін беру екі бауырлас халықтың арасындағы байланыстарды тереңдете түседі деп санаймыз», — деп атап өтті С. Жақсыбаев.

Қазақпарат агенттігі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.