«Ислам мемлекеті» өз валютасын шығара бастады

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы өз динарларын жасап шығара бастады деп хабарлайды The Telegraph. Бір алтын монетаның бағамы 139 АҚШ долларына тең.

Жаңа монеталардың суреттерін содырлар әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке таратып жатыр. Металл ақшаның бір бетінде араб тілінде жазылған жазбалар, екінші бюетінде әлем картасының суреті бар. Тағы бір монеталарда бидай масақтары бейнеленген.

Басылымның хабарлауынша, аталған валюта жақын күндері айналымға енеді.

Естеріңізге салайық, лаңкестер өз валютасын шығару туралы шешімді өткен жылдың қараша айында айтқан болатын. Олар ерте ислам заманында қолданыста болған динарларды қайта жандандырамыз деп уәде берген. Орта ғасырлардағы секілді аталған монеталарды таза алтыннан және күмістен құятын болады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда динар Алжир, Бахрейн, Иран, Ирак, Иордания, Кувейт, Ливия, Сербия, Тунис және Македония Республикасының ресми валютасы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.