Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:«Туған елім – тірегім»

Елбасы және Ел.
Бір-бірінен ажырату қиын. Елбасы Еліне қажет. Елі Елбасына үміт артады.
Бүгінгі үлкен жетістік – еліміз Елбасымен мақтана алады. Тек біз ғана емес, сырт көздің өзінің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген ықылас-пейілдері ерекше. Таяуда ғана Ресей астанасы Мәскеуде жарық көрген «Жасампаз. Нұрсұлтан Назарбаев: Ресейден көзқарас» («Созидатель. Нурсултан Назарбаев: взгляд из Росии») атты кітаптың тұсаукесерінде «Орыс баспасөзі» бүкіләлемдік қауымдастығының жетекшісі Виталий Игнатенко: «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бүгінгі әлемдік саясаттың ең бір жарқын көшбасшысы. Оның Қазақстан тағдырына қосқан үлесін бақылаудың өзі өте қиын. Тіпті Қазақстанның ел ретінде, держава ретінде қалыптасуы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке жетістігі деп айтсақ, артық емес» деп атап көрсетті. Осының өзі-ақ Қазақстан Президентінің ел үшін сіңіріп жүрген еңбегінің зор екендігін айқын айғақтайды. Ал Елбасы болса ел сенімінен артық мәртебе, сол сенімді ақтаудан артық бақыт жоқтығын ұдайы айтып келеді.
Еліміз аман болсын!
Ел үшін күн демей, түн демей тер төгіп жүрген Елбасымыздың мерейі үстем болсын!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Рустем Досымкулов

    Құрметті отандастар!
    Ең алдымен, әр тұрғынның өз-өзіне және еліне деген сенімге ие болуын қамтамасыз етуге уәде беремін. Өзімізді және ой-өрісімізді айналамыздағы жақсы нәрселерге қарай өзгертсек – жақсы өзгерістерге қол жеткіземіз.
    Бастауында еңбек пен білім жатқан кезде, жолда кездескен еш қиындыққа қарамастан Қазақстан болашағы жарқын болатынына сенемін. Қабылданатын экономикалық шешімдердің ел дамуына, ұлт жағдайының көтерілуіне, азаматтардың материалдық жағдайының жақсаруына әсер етіп, адамдардың өмір сүргісі келетін, жұмыс істегісі келетін, оқығысы келетін орта құруына әсер етеді деп ойлаймын.
    Бай табиғи ресурстарымыз, еңбекқор да білімді халқымыз, мемлекеттің мықты саясаты арқылы еліміздің гүлденетінін дәлелдеуге дайынмын. Осы жұмысымда көпшілік тұрғындардың мені қолдайтынына, ұлттық мүдделерге жауап беретін саясатты ңске асыруға күш-қуатымыздың жететініне кәміл сенемін. Сонымен қатар, елімізде әділ сот пен жақсы басқаруды нығайту керектігін көрсетемін. Менің борышым – жеке өзім үшін емес, мемлекет игілігі үшін әсер ету.
    Республиканың дамуы өз қолымызда, біздегі күш-қуат, құрбаншылдық, отаншылдық халқымыздың саулығына негізделеді.
    Қазақстан халқы – оның ең басты да ең құнды мемлекеттік байлығы. Адам – ол экономиканың бастауы мен мақсаты. Сондықтан да мен адамның, отбасының, мемлекеттің теңдестірілген дамуын ең басты етіп көрсетемін.
    Кей кездері бізге білім мен тәжірибенәі жеткіліксіз болып қалуы себебінен, менің басымдылығым – білім жүйесі. Дамыған елдерде білім мен дана ой және олардың тиімді пайдаланылуы – ел өсуінің негізі.
    Ел мүддесінің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде халықаралық аренада оны нық қорғауымыз керек.
    Ең негізгі құндылығымыз – еркін, тәуелсіз, дамыған қазақ мемлекеті. Біз оны қорғаймыз. Басты мәселеміз – қазақ мемлекетінің егемендігі мен оның қорғанысы екенін әрдайым айтып жүрмін. Қосқым келетіні, қазақ мемлекетінің дамығанын қаласақ, Қазақстан халқының амандығын қаласақ, бұл жеткіліксіз. Бізге керегі, жоғары мемлекеттік лауазымнан бастап ең қарапайым жұмысқа дейін әр адам мемлекетке, ойына, шешіміне, іс-әрекетіне дербес қарап, өзін еркін сезіне білуі керек. Барлығымыз бірге еркіндік ауасымен тыныстайтын боламыз.
    Керей мен Жәнібек хандар құрған мемлекет көптеген ұрпақтардың күш-жігері арқылы халқымызды бүгінге жеткізді. Мемлекеттілігімізді нығайтудағы ата-баба ісін жалғастыруға міндеттіміз.
    Әр халықтың тарихы өзінше қиын. Біздің тарихымыздың қиын болып қана қоймай, үмітке толы болғандығына қуануымыз керек. Бүгінгі күні тәуелсіз және егеменді ел екендігімізді, аспан түстес байрағымызға мақтанышпен қарай алатынымызды айта аламыз. Бұл – тарихымыздың ең жақсы жетістігінің куәсі.
    Біздің тарихи жолымызда талай сынақтар, жеңістер мен жеңілістер, ауыр шығындар және жарқын үміттер болды. Осы жолда халқымыз өсті, нығайды.
    Қазақстанның ары қарай дамуы үшін адамдардың өз мемлекетіне деген сенімі мен біріккен еңбек қажет. Қазақстан игілігі үшін тер төгуге дайынмын!
    Қазақстанды біз өзіміздің жақын, сұлу адамымыздай жақсы көреміз. Өз сезімдерімізді жиі жасырсақ та, Отанымызбен бірге оның жетістіктеріне қуанамыз. Қиын кездерде мұңаямыз. Үміттерімізді ақтамаған кездері ренжиміз. Алысқа кеткенде сағынамыз. Қазақстанда болған кезде де, басқа жақтарда жүрген кезде де уайымдап, болып жатқан оқиғаларды қадағалауды тоқтатпаймыз.
    Жерді, халықты, отандастарды адам өзі таңдамайды. Қазақстан бізді таңдады. Сондықтан да біз осындамыз. Бізді таптады, бірақ езіп тастай алмады. Бізге оқ атты, бірақ құлата алмады. Бізді жаулап алды, бірақ бағындара алмады. Әр жерге тарап кеттік, бірақ біздің тамырымыз осы жерде.
    Қазақстан жаһандық экономикада әрекетшіл болуы керек. Қазақ мемлекеті өз дамуында бедел мен мақсатқа жету мүмкіндігіне ие болуы үшін, экономикамыз жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болуға тиіс.
    Болашақтағы Қазақстан еңбекқор, білімді, азаматтық жауапты және ұйымшыл халық өмір сүретін ақылмен басқарылатын, экологиялық, шығармашыл, әлеуметәк ұлттық мемлекет болады.
    Қазақстан – мықты халқы бар ел. ХХІ ғасырдың жаңашыл Қазақ мемлекетін құратынымызды білемін. Қазақстан басқа елдермен достық, ынтымақтастық, сыйластық негізінде байланыс орната алатын белсенді, инновациялы, шығармашыл және ұлттық ел болатынына сенімдімін.
    Барлық ойым мен ісімді осы мақсатқа арнауға дайынмын, себебі мен Қазақстанды сүйемін.
    Жаратқан иеміз Қазақстанымызға қолдау болсын! Жаратқан иеміз еңбегімізге демеу болсын!

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.