Сарбаз жүрегіндегі сенім

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының ғимаратында салтанатты жиын болып өтті.

Мерекелік іс-шара мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталып, үздік әскери қызметшілерді марапаттау туралы Бас басқарма басшысының бұйрығы оқылды. Сонымен бірге, басқарманың тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің ұйытқы болуымен дайындалған елорданың кешегісі мен бүгінінен хабар беретін фотослайдтар ел назарына ұсынылды. Астананың күн санап қанат жайып көркейіп келе жатқан керемет көріністерін әскерилер аса қызығушылықпен тамашалады. Елбасының көрегендігі мен кемеңгерлігінің анық дәлелі болған деректі фильм жұртшылық назарына ұсынылды. Әсем Астананың Еуразия, күллі әлем көз тіккен, мәдени-экономикалық орталыққа айналуына мүмкіндік беріп, кешегі қиын-қыстау кезеңде Елорданы Есілге көшіру туралы бастама көтеріп, елдің дамуына серпін берген Елбасы жайындағы деректі фильмді әскерилер асқан қызы-ғушылықпен тамашалады.
Сонымен қатар, бұл күні Елордадағы «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығының маңындағы этноауыл алаңында жылдағы дәстүр бойынша «Мыңжылдықтыр тоғысындағы Астана», «Көш­пенділер өркениеті» фестивалі аясын­да ұйым­дастырылған «Бөрілі байрақ» атты респуб­ликалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.
Сөз сайысында республика бойынша 16 айтыскер бақ сынады. Дүбірлі доданың нәтижесі бойынша бәйгенің бас жүлдесі танымал айтыскер Ринат Зайытовқа бұйырды. Ақынға 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді. Ал бірінші орынды астаналық ақын Иранғайып Күзембаев иеленді. Екінші орынды шымкенттік Қалижан Білдашев пен Арқалықтан келген Айбек Қалиев сынды ақындар, үшінші орынды Серікзат Дүйсенғазы мен Ершат Қайболдин өз қанжығаларына байлады.

Тілеуберді азамат

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.